Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Тобыл қаласының №1 орта мектебі» ММ
ГУ «Средняя школа №1города Тобыл» отдела образования акимата Костанайского района
SI «Tobyl secondary school №» education department of Kostanay district akimat
Мұғалім: Исмаилова Сара Шуптеновна
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «ЭКСПО-2017» -Қазақстан белгісі. Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы»
|
Мектеп: Тобыл қ. №1 орта мектебі |
||
Күні: 24.01.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Исмаилова С.Ш. |
||
Сынып: 9 сынып |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
|
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: — мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды Көптегені: — мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтап,себебін түсіндіреді,дәлел келтіреді Кейбірі: — мәтіндегі ақпаратты анықтап,постер арқылы қорытынды жасап қорғайды |
||
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы мен терминология: Жолдауын жариялайды,әлемдік деңгей,жақсы білім,сенімін артады
|
||
Алдыңғы білім
|
Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған тапсырма. Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы»тыңдалған мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақтар жазу. |
||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
2 мин
3 мин
|
Ұйымдастыру кезені. Психологиялық ахуал. «Жүректен жүрекке» әдісі — Бұл жаттығу «Ойыншық » арқылы өткізіледі. Мұғалім біреуіңе жақсы тілек айтып, «Жүрек» ұсынады. «Жүрек» алған оқушы жылы сөз айтып оны келесі оқушыға ұсынады. Тиімділігі; Бұл жаттығу білім алушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. «Жүректен жүрекке»әдісі сыныптың өзара қатынастың ахуалын жақсартады. Сабақ алды. «Адасқан әріптер» әдісі Тақтаға ТҚПАҚАЗАҚСТАНВС 1482050639 ВЫЙЦСТРАТЕГИЯСЫЮДЛ Әріптер мен сөздер жазылады осыдан сабақтың тақырыбын табады. Мақсаты; Сабақтың тақырыбын анықтау. Білім алушылардың зейіндерің сабаққа аударып, қызығушылықтарын ояту. Ұсынылған суреттер бойынша сабақта не туралы айтылатынын болжайды
Білім алушылар алдына «Қалыптастырушы бағалау парақшасы» ұсынылады. «Бағалау критерийлері» арқылы білім алушылар өздіктерінен оқу мақсатын анықтайды. |
Слайд №3 |
|||||||||||||||||||||||
2мин
Сабақтың ортасы
10 мин
2мин
12мин
2мин
|
Оқылым. 5-тапсырма
1-тапсырма.Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. Елбасы- Үндеу жариялайды- Жаһандану- 2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. 1.Тұңғыш Президент халыққа «Қазақстан-2050»стратегиясы туралы жолдауын жариялады. «Қазақстан -2050»стратегиясы… 2.«Қазақстан-2050»стратегиясы саяси және экономикалық бағытты, жақсы білім беруді көздейді. Саяси және экономикалық бағытты, 3.Жақсы білімді дамыту үшін Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер ашылды, «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Әлемдік деңгейдегі…
Кері байланыс: 1. Сен берілген тапсырманы түсіндің бе? 2. Әр сөйлемді өз сөзімен қайта жаза алдың ба? 3. Бұл тапсырма сен үшін қиын болды ма?
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз. 1. «Қазақстан-2050»стратегиясы не себепті жарияланды? 2. «Қазақстан-2050»стратегиясы кімге арналады? 3. Тұңғыш Президент жастардан не күтеді? Тапсырмалардың тиімділігі; білім алушылардың тақырып бойынша тілді қолдана алуы мен лексикалық мағынасын түсіну дағдыларын, мәтін мазмұнын тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысы қалыптастырады,өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін, қорытынды жасай алуға үйренеді. Кері байланыс: 1.Сенің ойынша бұл стратегия не үшін жарияланды? 2. Бұл стратегияны сен кімге арнар едің? 3. Осы тақырыптан сен нені түсіндің?
СЕРГІТУ СӘТІ. «Қара жорға» Топтық жұмыс. Берілген суреттерді қолданып постер құрастырады,«ПОПС »формуласы арқылы қорғап қорытынды жасайды. Менің ойымша… Себебі мен оны…деп түсіндіремін Оны мен ….мысалдармен дәлелдей аламын Осыған байланысты мен …қорытынды шешімге келдім. ҚБ
Тиімділігі: Білім алушылардың өз ойларын жеткізуге септігін тигізіп, қорытынды жасай алуға көмектеседі. Кері байланыс. Сабақ барысында орындаған жұмыстарына белгі қою арқылы өздік және өзара бағалау жүргізгені бойынша,өздерінің әрекеттеріне ауызша талдау жасайды.
|
Оқулық 22-бет 5-тапсырма
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Рефлексия. «Кубик -Рубик»әдісі. Кубикке білдім, түсіндім, білгім келеді, қызықты болды, орындай алдым, үйрендім сөздері жапсырылады. Оқушыға кубикті береміз қай сөз кездеседі соған сабақ бойынша жауап береді Бүгін мен сабақта … білдім. Мен сабақта … түсіндім. Келесі сабақта… білгім келеді. Бүгінгі сабақта .. .қызықты болды. Мен …орындай алдым. Мен бүгін.. үйрендім.
Үй жұмысы.23-бет 6-тапсырма |
|
Қосымша ақпарат |
|
Бағалау. Білім алушылардың алған білімдерін көруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс. АҚТ-құзіреттілік. Құндылықтарға баулу. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Білім алушылар мәтіндегі өзекті мәселені анықтайды,себебін түсіндіреді, дәлел келтіреді,постер жасап «ПОПС»формула арқылы қорытынды жасайды. |
Тарих пәні. Интерактивті тақта. Елінің патриоты болуына, жақсы білім алуға, жаңа бағыттын қозғаушы күшіне айналу. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
|