Оқу сабағының жоспары / План учебного занятия
Сабақтың тақырыбы Тема занятия |
Ұлы даланың жеті қыры |
||
Пәнінің/модульдің атауы Наименование модуля /дисциплины |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
||
Оқытушы /Преподаватель |
|
||
Күні /Дата |
|
||
1.Жалпы мәлімет /Общие сведения |
|||
2. Мақсаты мен міндеттері/Цели, задачи |
Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау, жинақы мәтін құрастыру. Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, диалог құрау. |
||
3. Оқу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелердің және (немесе) кәсіби машықтардың тізбесі Перечень ожидаемых результатов и (или) профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия |
Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтайды, жинақы мәтін құрастырады. Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, диалог құрайды. |
||
4. Қажетті ресурстар Необходимые ресурсы |
Дербес компьютер, Padlet тақтасы, Kahoot тест, «Қазақ тілі мен әдебиеті» 11 сынып 1 бөлім, бейнематериал. |
||
5. Сабақтың барысы Ход занятия |
|||
Сабақтың кезеңдері Этапы урока |
Оқытушыныңжоспарланғанқызметі Запланированная деятельность преподавателя |
Білім алушының Деятельность обучающегося |
|
Ұйымдастыру кезеңі Орг. момент |
Психологиялық ахуал қалыптастыру.«Мадақтар бұрқасыны» тәсілі арқылы бүгінгі сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін білім алушылар бір‑біріне тілек айтады. Сәлеметсіздер ме білім алушылар! Бүгінгі сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін бір‑бірімізге тілек айтамыз. Мен сіздерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін. Ал енді назарларымызды тақтаға аударамыз. Қызығушылықты ояту. Сабаққа деген қызығушылықты ояту мақсатында «Ой шақыру» тәсілін қолданамын. білім алушылар ой шақыру сұрақтарына жауап береді. Мына сұрақтарға назар аударыңыздар! Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Иә, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлы даланың жеті қыры». Ал сабақтың мақсаты: Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтайсыз, жинақы мәтін құрайсыз. Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, диалог құрайсыз. Бағалау критерийлері: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды Жинақы мәтін құрастырады Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады Сабақтың маршрут картасы: 1. Сөздік жұмысы Тапсырма. Бейнематериал мазмұны бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» деген тақырыпта кластер сызыңыз. 2. Мәтінмен жұмыс 2.1. Топтық жұмыс 1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша автордың тыңдаушыға ықпал ету тәсілі мен позициясын талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз. Жеке жұмыс 3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жинақы мәтін құрастырып, жазыңыз. 2.2. Жұптық жұмыс 2-тапсырма «Жылқы ‑ қазақтың рухы» деп аталатын Қазақсан телеарнасынан берілген ақпаратты көріңдер. Бейнематериалдағы атбегі Ерлан Омаровқа бірнеше сұрақ дайындаңдар. бірің тілші, бірің Ерлан Омаров рөлінде диалог құрыңдар. 2-тапсырма. Бейнемәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бере отырып, диалог құрыңдар. 2.3. Жеке жұмыс 4-тапсырма. Бүгінгі сабақтан алған білімдерінді бекіту мақсатында Kahoot бағдарламасы арқылы төмендегі сілтемеге өтіп, тест орындаңыз. 5-тапсырма. «Синквейн» тәсілі бойынша бес жолды өлең жазыңыз. |
білім алушылар бір‑біріне тілек айтады.Сұрақтарға жауап бередіСабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен, маршрут картасымен танысады |
|
Жаңа тақырыпққа дайындық Подготовка к изучению нового материала |
Мәтіналды жұмыс. Лексикалық минимум. Бүгінгі сабағымызда кездесетін жаңа сөздермен танысайық. жаңа сөздерді бірнеше рет қайталап, еске түсіріп алыңыз. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын, оқимын, оқушыларға қайталатамын, сөздік дәптермен жұмыс жасатамын. Ұлы дала — кең-байтақ, аса ауқымды жерді алып жатқан мекен. Дала өркениеті – қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы. Бес қару – садақ, найза, қылыш, шоқпар және сойыл, ерлер асынып жүретін қару-жарақ Жылнама – әр жылда болып өткен елеулі оқиғаларды баяндайтын кітап.
Қазір сіздердің назарларыңызға бейнематериал ұсынылады. Бейнематераилды мұқият көрейік. Тапсырма. Бейнематериал мазмұны бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» деген тақырыпта кластер сызыңыз. Бейнематериалды көріп, тапсырманы орындап болсаңыздар, жауаптарыңды тыңдайық.
Дескриптор: Жаңа сөздерді үйренеді, сөздік жұмысын жүргізеді. Бейнематериал мазмұны бойынша кластер толтырады.
Олай болса, келесіН.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаламен таныс болайық. Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. Сонымен ұлы даланың жеті қырына тоқталайық. |
Жаңа сөздердің мағынасымен танысады, сөздік дәптермен жұмыс жасайдыБейнематериалды мұқият қарап отырып, кластер толтырады |
|
Жаңа тақырыппен танысу Изучение нового материала
|
Мәтінмен жұмыс. Ұлы даланың жеті қыры мәтіні оқытылады. Топтық жұмыс 1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша автордың тыңдаушыға ықпал ету тәсілі мен позициясын талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз. 1-топ Атқа міну мәдениеті. Ұлы даладағы ежелгі металлургия. Аң стилі Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
2-топ Түркі әлемінің бесігі. Ұлы Жібек жолы. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
Дескриптор: Мәтіннен қажетті ақпаратты алады; Тыңдаушыға ықпал ету тәсілін, автор позициясын анықтайды; Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Жеке жұмыс 2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жинақы мәтін құрастырып, жазыңыз.
Дескриптор: Жинақы мәтін құрайды
Жұптық жұмыс 3-тапсырма «Жылқы ‑ қазақтың рухы» деп аталатын Қазақсан телеарнасынан берілген ақпаратты көріңдер. Бейнематериалдағы атбегі Ерлан Омаровқа бірнеше сұрақ дайындаңдар. бірің тілші, бірің Ерлан Омаров рөлінде диалог құрыңдар. 122 бет https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/46887/jylqy-qazaqtyn-ruhy/
3-тапсырма. Бейнемәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бере отырып, диалог құрыңдар.
Дескриптор: Ақпарат бойынша дұрыс сұрақтар құрастырады; Диалог құрады; Диалогте этикет формаларын орынды қолданады. |
Топтық жұмыс жасайды
Мәтінді оқиды. Мәтіннен қажетті ақпаратты алады; Тыңдаушыға ықпал ету тәсілін, автор позициясын анықтайды; Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Қысқаша конспект жазадыЕкі топ жұптасып, диалог құрайды |
|
Жаңа тақырыптың түсуін тексеру Проверка понимания нового материала |
4-тапсырма. Kahoot бағдарламасы арқылы төмендегі сілтемеге өтіп, тест орындаңыз.
Дескриптор: Тест орындайды. |
Kahoot бағдарламасы арқылы тест орындайды |
|
Білімді бекіту Закрепление знаний и способов действий |
Жеке жұмыс 5-тапсырма. Бүгінгі сабақтан алған білімдерінді бекіту мақсатында «Синквейн» тәсілі бойынша бес жолды өлең жазыңыз. Ұсынылатын сөз «Дала»
Дескриптор: Бес жолды өлең жазады. |
Бес жолды өлең жазады. |
|
Қорытынды / Подведение итогов занятия — Рефлексия Үй жұмысы туралы бағдарламалау / Информация о д/з |
Ойтаразы. «Сөздер бұрқасыны» тәсілін қолдану арқылы рефлексия өткіземін. 5-тапсырма. 129 бет Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажеттігі түсіндіріледі.Болдым ғашық туған дала мен саған
|
Білім алушылар интернет арқылы сөздер бұрқасынын толтырады. |
|