АСЫЛ ШӨП

АСЫЛ ШӨП

Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Батима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:

— Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?

— Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — деді Бәтима.

— Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, — деді Злиха.

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, — деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *