Он алтыншы желтоқсан

ОН АЛТЫНШЫ ЖЕЛТОҚСАН

Аңсап күткен азаттық таңы атқанда,
Армандар да, қиылды қанаттар да.
Алтынбектер алдыңнан шығып ертең,
Қайда болдың демей ме мені атқанда?

Арзан атақ,
айналам толған шоумен
Әлі айқасып келеміз жоңғар жаумен.
Болатын-ақ ел едік,
амал қанша
Айналыстық отыз жыл болғансумен!

Жалған маска жасырып бетімізді,
Өтірікке үйреттік етімізді.
Он алтыншы желтоқсан…Қарап тұрсаң
Мейрамы да қазақтың екіжүзді!

Он алтыншы желтоқсан — екіұштылық,
Тойлаған ел көрмедім жетістіріп.
Күлерің де белгісіз, жыларың да —
Не түйіліп қаласың, не қыстығып!

Ел екі ойлы, бір елде екі басшы
Мерекесі қазақтың неғып ащы?
Елорданың түтіні-ай желсіз түнгі,
Тереземді самал жел, келіп ашшы!..

Авторы ӘБУБӘКІР СМАЙЫЛОВ
2020 жыл

Один комментарий к “Он алтыншы желтоқсан”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *