Мен өзімді кедеймін деп санайтын едім. Бір күні біреулер келді де, маған: «сен «кедей» емессің, бар болғаны «мұқтаж жансың»,-деді. Сосын қайта жаналық шығарып айтқандары: «Мұқтаж» деу-дұрыс емес, абзалы сен-«Ауқатсызсың». Сосын «ауқатсыз» деген сөз жауыр болған сөз деп алып тасталынды да, мен «қолайсыз жағдайдағы» адам болып шықтым. Менің қалтамда осы күнге дейін көк тиын да жоқ. Есесіне сөздік қорым қаншалықты байып қалды.