ФОРТЕПЬЯНО Клавишты музыкалық аспап; күйсандық.~да ойнады; ~ға арналған соната; ~ мен сүйемелдеді.

ФОРТЕПЬЯНО Клавишты музыкалық аспап; күйсандық.~да ойнады; ~ға арналған соната; ~ мен сүйемелдеді.

ФОРТИФИКАЦИЯ әск. Соғыс қимылдары болатын жерлерге бекіністер салу жөніндегі әскери-инженерлік ғылым.

ФОРУМ Нақты бір мәселені сарапқа салу үшін тиісті жұртшылықтың бас қосқан үлкен жиыны.Бүкіл дүниежүзілік жастар ~ы.

ФОСФАТ хим.Техника мен медицинада, сондай-ақ тыңайтқыш есебінде қолданылатын фосфор қышқылының тұзы, минералды зат. Қаратау ~ы.

ФОСФОР хим.Кейбір минералдарда, жануарлардың сүйегінде, жанды организмдер мен өсімдіктер клеткаларында болатын тез тұтанғыш әрі қараңғыда жылтырап тұратын химиялық элемент. Ақ ~ , қызыл ~.

ФОСФОРИТ хим.Кальций фосфаттарынан алынатын сұрғылт сары түсті тыңайтқыш минерал. ~ұны (кені).

ФОТОФотографиялық жолмен түсірілген сурет.

ФОТОАЛЬБОМ Фотосуреттер салынған альбом.~ға көзі түсті.

ФОТОАППАРАТСуретке түсіретін аспап.

ФОТОАТЕЛЬЕФотосуретті басып шығаратын орын, шеберхана.

ФОТОГРАФФотография ісіне маманданған, суретке түсіруші адам.

ФОТОГРАФИЯ 1.Нәрсенің кескінін жарық сезгіш пластинкаларға немесе пленкаларға түсірудің тәсілі. 2. Осы тәсілмен түсіріліп алынған сурет. 3. Осындай суретке түсіретін және ол суретті әзірлеп шығаратын жұмыс орны.

ФОТОКОРРЕСПОНДЕНТСуретке түсіру жұмысымен шұғылданатын журналист; фототілші.

ФОТОКӨРМЕ Көпшіліктің байқауы үшін фотосуреттер ілінген орын.

ФОТОКӨШІРМЕБір нәрсенің түпнұсқадан суретке түсіріліп алынған данасы.

ФОТОҚАҒАЗ Түсірілген фотосуреттерді шығаратын арнайы қағаз.

ФОТОЛАБОРАТОРИЯ Пленкадағы көмескі бейнелерді айқындап, фотосуреттерді шығаруға лайықталған арнайы қондырғылармен, аспаптармен, электр шамдарымен жабдықталған жұмыс бөлмесі.

ФОТОЛИТОГРАФИЯ Суретті фотография жолымен түсіріп, тасқа басып шығару тәсілі.

ФОТОМЕТРЖарық күшін өлшеуге арналған аспап.

ФОТОМАНТАЖОртақ тақырыпқа құрастырылған фотосуреттер топтамасы.

ФОТОН физ.Электромагниттік сәуленің кванты; элементарлық бөлшек.

ФОТООБЕКЪТИВ Фотоаппараттың бірнеше линзалардан тұратын бір бөлшегі.

ФОТОПЛЕНКАФотографияда заттың бейнесін түсіріп алу үшін пайдаланатын жарық сезгіш лента.

ФОТОРЕПОРТАЖ Газет-журнал беттерінде фотосуреттерді бір араға жинақтап жариялау арқылы берілген мәлімет, хабар.

ФОТОРЕПОРТЕРФоторепортаж жасаушы фотограф.

ФОТОСИНТЕЗЖапырақтардағы хлорофильдерде күн сәулесінің көмегімен органикалық емес заттардан, яғни көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілу процесі.

ФОТОСУРЕТ Бір нәрсенің фотографияға түсірілген кескіні.

ФОТОТЕЛЕГРАММА Қолжазба мәтін күйінде фототелеграф арқылы жеткізетін жеделхат.

ФОТОТЕЛЕГРАФЗаттың бейнесін, суреттер, қолжазба, фотосуреттерді алысқа беретін техникалық құрал.

ФОТОТЕРАПИЯ мед.Науқасты сәуле жарығымен емдеу жолы.

ФОТОТЕРІМКітап-журналдарды фото тәсілімен теру (фотонабор) әдісі. ~ әдісіне көшу.

ФОТОХИМИЯ хим.Жарық нұрының химиялық әрекетін тексеретін ғылым саласы.

ФОТОХРОНИКА Болған оқиғаларды суреттер арқылы көрсететін хабар; осындай хабар даярлайтын орын. Каз ТАГ фотохроникасы.

ФОТОШАҚПАҚФотоаппараттың жарық беретін құрылғысы (фотоспышка). ~ пайдалануға мүмкіндік береді.

ФОТОЭЛЕМЕНТ физ.Электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын электрондық прибор.

ФОТОЭТЮД Кездейсоқ, жеке бір тақырыпқа арналған шағын көлемді фотосурет.

ФРАГМЕНТ Көркем әдебиеттің, музыкалық, шығармалардың үзінділері.

ФРАЗА Аяқталған бір ойды білдіретін сөз тізбегі.

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ грамм.Белгілі бір тілге тән тұрақты сөз орамдарының жиын аты. Фразеологиялық тіркес — тұрақты сөз тізбектері.

ФРАКАлдыңғы екі етегін артқы бойына қарай қиғаштап ойып тіккен, ұзын етекті ерлер киімінің түрі.

ФРАКЦИЯ Белгілі бір партия мүшелерінің парламенттегі, қоғамдық ұйымдардағы тобы немесе саяси партия ішіндегі бөлек топ болып оқшауланған шоғыр.

ФРАКЦИЯШЫЛ Алалық тудыруға бейім, жікшіл.

ФРАКЦИЯШЫЛДЫҚ Алалық туғызуға бейімдік, жікшілдікке үйірлік.

ФРАНКФранциядағы және тағы басқа елдердегі ақша өлшемі

ФРАНЦУЗФранцияның негізгі халқы.

ФРЕГАТ 1.Үш мачталы (діңгекті), желкенді соғыс кемесі. 2. Кейбір мемлекеттердің флотында крейсерлік, күзетшілік қызметіндегі соғыс кемесі.

ФРЕЗЕР Металдан не ағаштан жасалған түрлі заттардың сыртын жонып, өндеуге арналған, бірнеше айналмалы тістері бар ұсталық сайман.

ФРЕЗЕРЛЕ Айналмалы тістері бар ұсталық сайманымен металдан не ағаштан жасалған заттардың сыртын жонып өңдеу.

ФРЕЗЕРШІФрезерлеуші, фрезер станогімен жұмыс істеуші, маман жұсымшы. Заводтың ~cі.

ФРЕНОЛОГ Френология жолын қуған адам.

ФРЕНОЛОГИЯАдамның психологиясын бас сүйегінің бітіміне қарап білуге болады дейтін көне, жалған ғылыми теория.

ФРЕНЧ Сыртынан бастырыла тігілген төрт қалтасы бар әскери үлгідегі кеудеше.

ФТИЗИАТР Фтизиатр мамандығының дәрігері.

ФТИЗИАТРИЯ Медицинаның өкпе туберкулезінің емдеу әдісін зерттейтін бөлімі.

ФТОР хим.Ащы иісті, улы газ түріндегі солғын сары түсті элемент.

ФУГА муз.Музыкалық шығармадағы негізгі сарынның бірнеше дауыспен ұлғайып, кеңейіп қайталануы.

ФУКЦИЯ бот.Гүлінің көбі ашық, сән үшін үйде өсірілетін өсімдік

ФУНДУККавказ бен Қырымда өсетін жаңғақ тектес бұталы өсімдік, сондай-ақ осы бұтаның жеуге жарайтын жемісі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *