ФИРМА 1.Сауда не өндірістік кәсіпорны. 2. Біртекті кәсіпорындарды біріктіру негізінде құрылған, дербес құқықты шаруашылық есептегі өндіріс бірлестігі. Грампластинка ~сы; тігін ~сы.

ФИРМА 1.Сауда не өндірістік кәсіпорны. 2. Біртекті кәсіпорындарды біріктіру негізінде құрылған, дербес құқықты шаруашылық есептегі өндіріс бірлестігі. Грампластинка ~сы; тігін ~сы.

ФИТОПАТОЛОГ биол.Өсімдіктер кеселін зерттейтін маман.

ФИТОПАТОЛОГИЯӨсімдіктер кеселін зерттейтін ғылым.

ФЛАГМАН 1.Соғыс кемелері құрамасының, эскадраның қолбасшысы. 2. Әуе немесе теңіз флотындағы жетекші есептелінетін ең ірі кеме, сондай-ақ белгілі бір аймақтың флотындағы ең үлкен және ең әдемі кеме. 3. Ауыс. Белгілі бір өндіріс саласындағы кәсіпорындардың ең үлкені, ең басты орындағысы. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің ~ы.

ФЛАГШТОКЖалауды тік көтеру үшін тігінен орнатқан ұзын сырық.

ФЛАНГ әск.Сапта тұрған немесе бір жерге орналасқан әскерлердің Оң жақ, Сол жақ қанаты. Оң жақ ~; Сол жақ ~.

ФЛАНЕЛЬЕкі жағы да үлпілдеген сирек түкті жеңіл мата. ~ден тігілген көйлек.

ФЛЕГМАТИЗМДүниенің бәріне немқұрайды қараумен ұштасып жататын адам мінез-құлқындағы шектен тыс тұйықтық, самарқаулық.

ФЛЕГМАТИК Эмоциялық сезімі тез қоза қоймайтын самарқау, салғырт адам.

ФЛЕЙТААғаштан керней тәрізді етіп жасалған, үстіндегі тесікшелерін жауып тұратын қақпақшалары бар үрлемелі музыка аспабы, сырнай.

ФЛЕЙТАШЫ Флейта аспабында ойнайтын музыкант.

ФЛЕКСИЯ грамм.Сөзді септегенде, жіктегенде жалғаудың өзгеріске ұшырауы, сөз тұлғасының жаңалануы.

ФЛИГЕЛЬҮйдің бір қабырғасына жапсыра салынған құрылыс, немесе үлкен аула ішіне тұрғызылған оңаша үй.

ФЛОРА биол.Белгілі аймақта өсіп, тіршілік етуге бейімделген өсімдік түрлерінің жиынтығы.

ФЛОТ 1.Бір елдегі немесе жеке бір теңіздегі, сондай-ақ белгілі өзен алқабындағы әскери не сауда кемелерінің жиыны. 2. Соғыс-теңіз кемелерінің ірі құрамасы. □Әуе флоты — әуе қазынасы күштерінің жиыны, авиация.

ФЛОТИЛЯ 1.Белгілі бір өзендегі, теңіздегі кемелердің жиыны. Каспий ~сы. 2. Арнаулы мақсаттағы кемелер легі (отряды). Кит аулайтын ~.

ФЛЮГЕРЖелдің бағыты мен жылдамдығын білу үшін діңгек басына орнатылған айналмалы қалақшасы мен жалаушасы бар аспап.

ФЛЮОГРАФ мед.Адам кеудесінің ішкі мүшелерін суретке түсіретін аспап.

ФЛЮОГРАФИЯ Адам кеудесінің ішкі мүшелерін рентген сәулелері арқылы суретке түсіру тәсілі.

ФОЙЕ Көрермендердің кино, спектакль басталар алдында немесе антракт кезінде дем алып, тыныстайтын зал.

ФОКУС I. физ.Сынған немесе шағылысқан сәулелердің қиысу нүктесі. 2. Суретке түсірілетін нәрсенің кескіні айқын белгіленетін нүкте.

ФОКУС IIШапшаң қимылдың, қолдың ептілігімен алдап-арбап, көз бояп неше түрлі сиқырлы ғажап ойындар көрсету.

ФОКУСШЫФокус көрсетуші; эстрада немесе цирк артисі.

ФОЛЬКЛОР әдеб.Ауызша халық шығармашылығы үлгілерінің жалпы атауы; ауыз әдебиеті.

ФОЛЬКЛОРИСТИКА Ауыз әдебиеті мен халық музыкасын зерттейтін, халық шығармашылығы жайлы ғылым.Қазақ ~ның тарихы.

ФОЛЬКЛОРШЫХалық шығармашылығын, ауыз әдебиетін зерттеуші.

ФОН IПолотноға салынған суреттің негізгі түсі, жалпы өңі. Суреттің ~ы көгілдір. 2. Ауыс. Бір нәрсе болып жатқан жердің жалпы көрінісі.

ФОН II тех.Телефон немесе радио арқылы алыстан естіліп тұратын дыбыс, шу.

ФОНАЦИЯ лингв.Сөйлеу мүшелерінің әрекеті нәтижесінде тіл дыбыстарының айтылу я жасалу процесі.

ФОНД 1.Нақты бір мақсатқа арналған қаржы-қаражат, дүние-мүлік; қор. 2. Бір нәрсенің жиналған қоры.

ФОНЕМА лингв.Сөздің мағынасымен тұлғасын түрлендіре алатын тіл дыбыстары.

ФОНЕМАТИКАЛЫҚФонемаға қатысты, фонемаға тән.

ФОНЕТИКА лингв. Тіл білімінің дыбыс жүйесін зерттейтін бөлімі.2. Тілдің дыбыстық құрылымы, дыбыстық құрамы.

ФОНЕТИСТ лингв.Тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін маман, ғалым.

ФОНОГРАММАДыбыс жазылып алынған пластинка. (дыбыстабақ).

ФОНОГРАФДыбысты жазып алып, қайтадан тыңдататын аспап.

ФОНОЛОГИЯ лингв.Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан тексеретін тіл ғылымының саласы.

ФОНОМЕТРДыбыстың күшін өлшейтін аспап.

ФОНОСКОПДыбыстардың өзгеруін, жеке дыбыстардың айтудағы бет құбылысы мен ерен қозғалысын бақылайтын аспап.

ФОНОТЕКА Жеке адамдардың сөздері мен музыка шығармалары жазып алынған пластинкалар, ленталар сақталатын орын.

ФОНТАНТрубадан, түтіктен не басқа бір көзден қысым күшімен жоғары атқылайтын сұйықтық шапшымасы; шапшыма.

ФОНТАНДАШапшып атқылап ағу; шапшу.

ФОРЕЛЬ Тау өзендерінде тіршілік ететін, лосось тұқымдас кіші-гірім қызыл жолақты балық.

ФОРЗАЦ полигр.Кітап мұқабасы мен негізгі беттерін біріктіретін екі (үш) қабатты парақ.

ФОРМАЛИЗМ 1.Істің мәнін елемей, оның сырттай, жасанды көрінісіне ғана баса көңіл бөлу. 2. Көркемөнерде, әдебиетте, әдебиеттану мен басқа ғылым саласында шығарманың түрін мазмұнынан бүтіндей бөліп алып, оны ең негізгі шарт деп танитын идеалистік бағыт.

ФОРМАЛИНДизенфекция үшін қолданылатын, ащы иісті уландырғыш дәрі.

ФОРМАЛИСТЖұмысқа формальді қарайтын адам; формализмнің жолын қуушы.

ФОРМАНТ лингв.Сөз тудырушы, сөз өзгертуші қосымша.

ФОРМАЦИЯ Қоғам дамуындағы белгілі кезең және дамудың сондай сатысындағы өндірістік тәсілдің сипатынан көрінетін қоғамдық құбылыс.Қоғамдық-экономикалық ~.

ФОРМУЛА 1.Қысқа тұжырымды сөйлеммен берілген анықтама. 2. Математикалық шамалардың шартты белгілермен таңбаланған қатарлары. Математикалық ~. 3. Химиялық қосындылар мен процестердің құрамын белгілейтін әріп таңбалары. Химиялық ~.

ФОРМУЛЯР Абонентке берілетін кітап туралы барлық мәліметтер толтырылған кітапхананың кітап ішінде тұратын есеп картошкісі, толықмәлімдеме. ~лық қосымша бет.

ФОРПОСТАлдыңғы жақтағы шепте салынған қорғаныс орны, бекініс.

ФОРТКамал құрылысы жүйесіндегі ұзақ уақытқа есептеліп салынған дербес бекініс орны.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *