Түсіндірме сөздік Фа — Хұс
ФА муз.Музыка гаммасының төртінші нотасы.
ФАБРИКАШикізатты техникалық тәсілмен өңдейтін өнеркәсіп орны. Қағаз ~сы.
ФАБРИКАНТ Өз меншігінде фабрикасы бар бай адам, кәсіпорын қожасы.
ФАБРИКАТФабрикада әзірленген дайын азық.
ФАБУЛА әдеб.Әдеби шығармаларда баяндалатын оқиға желісінің бір-бірімен жалғасу, суреттелуінің қысқаша мазмұны. Повесть ~сы оқырманға біршама қызықты.
ФАЗА 1.Бір нәрсенің даму барысы мен өзгеріске түсуіндегі жеке бір кезең және сондай кездегі күй, қалып. 2. Қоғамның тарихи дамуындағы белгілі бір дәуір, кезең.
ФАЗАЛЫ тех.Генератор орамдарының жеке тобы мен оған жалғанған электр сымы. Үш ~ ток.
ФАЗОМЕТР Кернеу мен ток векторларының арасындағы фазалық ығысу бұрышын анықтайтын аспап.
ФАКЕЛ Таяқтың басына майлы шүберек немесе май құйылған темір құты байланған жалынды шырақ. Лаулаған жалында ~.
ФАКИР 1.Мұсылман діні үшін өз өмірін пақырлыққа, сопылыққа арнаған адам. 2. Көз байлаушы, сиқыршы адам.
ФАКСИМИЛЕ Қолтаңба, қолжазба, ескі құжат сияқтылардың тұп-нұсқасының фотографиялық не баспа әдісімен алынған дәл көшірмесі.
ФАКТОРБелгілі бір істің, құбылыстың себепшісі болатын қозғаушы күш. Үнемі әрекет ететін ~лар.
ФАКТУРА IКөркемөнер шығармаларындағы көркемдік техникасының өзіндік ерекшелігі. Ритмикалық ~да жазылған шығарма.
ФАКТУРА IIТоварлардың тізімгетүсірілген, затталған шот қағазы. Ол ~ға қол қойды.
ФАКУЛЬТЕТБілімнің белгілі бір саласы бойынша ғылыми пәндерден сабақ өтілетін жоғарғы оқу орнының бір бөлімі. Тіл әдебиет ~, математика ~.
ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ Факультеттер арасында өтетін жарыстарға қатысы бар.~ жарыс (сайыс, спартакиада).
ФАЛАНГА анат.Саусақ пен бақай сүйектерінің ғылыми атауы.
ФАЛЬСТАРТ спортЖарысты бір мезетте бастамағандықтың себебінен болатын ереже бұзушылық. Жүгіруде екі реттен ~ жасап алды.