Қазақстанды физикалық аудандастыру.

Қазақстанды физикалық аудандастыру.

Құрал -жабдықтар: кестелер, нөмер белгіленген жетондар , стол үстіндегі көрсеткіштер, жалпы бағалау парағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру барысы

2. Мақсат міндетті анықтау

3.Оқушылар әрекеті

 Оқыту ойыны «Бақытты сәт»

Ойынның жүру барысы:

Сынып екі топқа бөлінеді,әр топтың өз капитаны болады.

1ойын. «Бой сергіту» Топтарға 7 сұрақтан беріледі, талдауға 3 минут беріледі. Топтың бір өкілі жауап береді, бәсекелес топ дұрыстығын тексереді.

2 ойын. «Сен маған, мен саған» топтар бір-біріне сұрақ қояды.

3 ойын. «Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.

Ойынға арналған сұрақтар тізбегі:

1. Қазақстан аумағын қандай ерекшеліктеріне қарай ірі табиғат аймақтарына бөледі?

2. Каспий маңы ойпатының жер бедері неліктен тегіс болып келеді?

3. Картадан Тұран жазығына кіретін аймақтарды тауып жаз.

4. Солтүстік қазақ жазығы қандай аудандарға бөлінеді?

5. Шығыс Еуропа жазығының табиғаты адам тіршілігі мен шаруашылығы үшін қандай қолайсыз жағдайлар туғызады?

6. Тұран жазығы климатының негізгі ерекшеліктері қандай, ол табиғаттың басқа компоненттеріне қалай әсер етеді?

7. Физикалық картаны пайдалана отырып, Сарыарқаның жер бедері мен геологиялық құрылысына сипаттама беріңдер.

8. Сарыарқаның басты өзендері ,ол қай алапқа жатады?

9. Мұғалжар аймағы қандай пайдалы қазбаларға бай, оның себебін анықта?

10. Тектоникалық картаны пайдаланып, Сарыарқа қандай пайдалы қазбаларға бай екендігін , оның геологиялық құрылымындағы байланысты анықта.

11. Оралдың қазақстандық бөлігінің климаты шұғыл континентті болуын және оның ішкі суларына қалай әсер ететінін түсіндір.

12. Алтай жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай қандай аудандарға бөлінеді?

13. Алтайдың биіктік белдеулерін көрсететін сызба бойынша белдеулердің орналасу себептерін жазыңдар

14. Алтайдың батыс және шығыс беткейлерінде неліктен климатында айырмашылық бар.

15. Өзендердің суының көктемде ,жазда толысу себебін түсіндір.Ертіс өзенінің оң жағына қарағанда сол жағындағы салалары неге аз?

16. Жоңғар Алатауының тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысына тоқтал.

17. Жоңғар Алатауы аймағында қандай желдер қалыптасады, оның себептері?

18. Сауыр – Тарбағатай тау жоталарының жер бедерінің ерекшеліктері қандай?

19. Сауыр – Тарбағатайдың ең биік шыңдары мен олардың абсолюттік биіктігін жаз

20. Солтүстік және батыс Тянь-Шаньның биіктік белдеу типтеріндегі айырмашылықтарды

анықтап жаз.

21. Қазақстандық Тянь – Шань таулар жүйесіндегі ерекше қорғалатын табиғи аймақтар :

22. Табиғат ресурстарын қандай топтарға жіктейміз?

23. Қазақстанда табиғатты қорғау мәселелерінің ішіндегі бастысына талдау жаса.

24.Қазақстан аумағында қандай мақсатқа сай қорықтар ұйымдастырылды,кескін картаға түсір

Сұрақтарға көп жауап берген топ жеңеді.

Сұрақтар бойынша қорытынды жасалып, үйге тапсырма беріледі.

6- сабақ

Рөлдік ойын “Аквариум техникасы”

Дөңгелек стол формасында өткізіледі

Құрал-жабдықтар:

Рөлдер мен парталар нұсқаулары

                                                Сабақтың барысы:

Сынып топқа бөлінеді, өз орындарына орналасады. әр топ өздерінің ой-пікірлерін жеткізетін жүргізушісін таңдайды / делегат/

Мұғалім әр топта талқыланатын проблемалық жағдайды ұсынады .Әр топ өз көзқарастарын жетік шығарған кезде делегаттары ортадағы партаға жиналады.Олар өз топтарының пікірін айтып оны дәлелдейді.

Топтар рөлдерге бөлінеді: 1- реалистер, 2 – пессимистер, 3 – оптимистер және 4 – сараптаушылар. Мына проблеманы топта талдау:

— Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастырудағы басты мақсат неде және сенің ойыңша дұрыс бөлінген бе? Әр топ өз көзқарасын білдіреді.

Қорытынды :

Сонымен біз сендермен «Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастыру » блогымен таныстық. Берілген тірек белгілер арқылы модулді қорытындылау.

Рефлексия:

— Түрлі ойындармен сабақты меңгеруде қиындық туғызған жерлер бар ма?

— Топтармен жұмыс жасаған уақытта түсінбей қалған тақырыптарың бар ма?

Үйге тапсырма : Тақырып бойынша бақылауға дайындалу

7 сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның физикалық аудандастыру тақырыбына бақылау жұмысы.

Мақсаты: Алған білімдерін текесеріп, нәтижесін анықтау.

  1нұсқа

1.Батыс Сібір мен Тұран ойпатын жалғастырып жатқан қақпа

А) ЖоңғарВ) ТорғайС) ҮстіртД) ОралЕ) Жем

2.Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауы аралығындағы үстірт

А) Бетпақдала

В) Сарыарқа

С) Торғай

Д) Орал алды

Е) Қызылқұм

3.Балқаш көлінің батысындағы үстірт

А) Бетпақдала В) Орал алды С) Торғай Д) Үстірт Е) Жем

4.Қазақстанның аласа таулы өлкелері

А) Сарыарқа, Алтай, Сауыр

В) Мұғалжар, Маңғыстау, Торғай

С) Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау

Д) Қазақтың ұсақ шоқысы, жалпы сырт

Е) Шығыс Еуропа жазығы

5.Қазақстан жерінің ежелгі мүжілген аласа таулы өлкесі

А) Қазақтың ұсақ шоқысы

В) Шығыс Еуропа

С) Батыс Сібір

Д) Маңғыстау

Е) Құланды

6.Үлкен Боқтыбай қай таудың ең биік нүктесі

А) Маңғыстау

В) Мұғалжар

С) Сарыарқа

Д) Көкшетау

Е) Ұлытау

7.Маңғыстау тауының жоалары

А) Ұлытау, Қарқаралы

В) Шыңғыстау ақсораң

С) Қаратау, Шотқакөл

Д) Ақтау, Қаратау

Е) Көкшетау, Жыланды

8.Сарыарқаның шығыс жағының батыс жағынан биік болып келу себебі

А) Каледонда түзілгенВ) Герции де түзілгенС) Қайта жаңғырған

Д) МүжілгенЕ) Альпіде түзілген

9.Қазақстанның биік таулары

А) Алтай, Жоңғар Алатауы, Жем

В) Маңғыстау, Тянь-Шань, Алтай

С) Алтай, Сауы, Тарбағатай, Жалпы Сырт

Д) Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай, Сауыр-Тарбағатай

Е) Сарыарқа, Мұғалжар, Көкшетау

10.Сарыарқа мен Тянь-Шаньның бір кезеңде қалыптасқанына қарамастан Тянь-Шань биік болу себебі

А) ТегістелгенВ) Қатты мүжілгенС) Қайта жаңғырғанД) Сыртқа күштердің әсерінен

Е) Ішкі күштердің әсерінен

1.Ең терең құрғақ ойысты атаңыз :

2.Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан таулар:

3.Қаратау жотасы мен Шу өзені аңғары аралығында қай массив орналасқан:

4.Қазақстанның қай бөлігі сейсмикалық белдеуге жатады.

5.Қазақтың ұсақ шоқысының ең биік нүктесі қалай аталады:

6.Іле Алатауының ең биік шыңы:

2 нұсқа

1.Қазақстан жер бетінің қай бөлігінде биік таулы аймақ

А) Шығыс және Оңтүстік Шығыс

В) Солтүстік және Батыс

С) Оңтүстік Шығыс және Орталық

Д) Солтүстік және Оңтүстік

Е) Шығыс және Батыс

2.Қай тау арқылы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді

А) Жоңғар Алатауы

В) Тарбағатай

С) Алтай

Д) Мұғалжар

Е) Тянь-Шань

3.Бесбақан тауы қай таудың ең биік нүктесі

А) Тарбағатай

В) Алтай

С) Сауыр

Д) Жоңғар Алатауы

Е) Қаратау

4.Каспий теңізінен шығысқа қарай не созылып жатыр

А) Шығыс Еуропа жазығы

В) Батыс Сібір жазығы

С) Торғай жазығы

Д) Солтүстік Қазақ жазығы

Е) Тұран ойпаты

5.Тұран ойпаты Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан

А) Солтұстік және Шығыс

В) Орталық және Батыс

С) Батыс және Солтүстік

Д) Оңтүстік Батыс және Оңтүстік

Е) Солтүстік және орталық

6.Тұран ойпаты қандай шөгінділерден құралған

А) Вулкандық

В) Көл, теңіз, өзеннің шөгінді жыныстарынан

С) Магмалық

Д) Мореналық

Е) интрузивтік

8.Қазақстан жеріне Алтай тауларының қай бөлігі енеді

А) Солтүстік

В) Оңтүстік

С) Оңтүстік батыс

Д) Шығыс

Е) Оңтүстік шығыс

9.Алтай тауларының ең биік шыңы

А) Мұзтау

В) Тастау

С) Бебақан

Д) Ақшоқы

Е) Ақсораң

10.Тарбағатай тауларының ең биік нүктесі

А) Ақсораң В) Тастау

С) Мұзтау Д) Қаратау Е) Бесбақан

1.Жоңғар Алатауында мұздықтар қандай биіктіктен басталады:

2.Қазақстан Алтайында мұздықтар қандай биіктіктен басталады:

3.Солтүстік Тянь-Шань тауларында мұздықтар қандай биіктіктен басталады.

4.Үстірт Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан:

5.Қазақстан тауларының орташа биіктігі:

6.Тауқұм құмды шөлі қай жазықта орналасқан:

  Қолданылған әдебиеттер:

1. Бейсенова А., Карпеков А. Қазақстанның физикалық географиясы. А., Атамұра 2004

2. Бейсенова Ә.С. — Алматы. «Глобус» 2003 ж.

3. Қазақстанның географиялық атласы. 2005ж.

4. В.Усиков., Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы. А., Атамұра 2004

5. Қазақстан . Ұлттық энциклопедиясы.1-8 т А., 1998-2007

6. География және геодезия Алматы «Мектеп» 2007

7. Құрманов Қ Физикалық география терминдері мен ұғымдарының орысша қазақша анықтамалық сөздігі. А., 1993

8. Бірмағанбетов Ә., Мамырова К. Географиялық сөздік А., 1992

9. Бейсенова А.С., Каймулдинова К.Д. Қазақстанның физикалық географиясы хрестоматия. А., Атамұра 2004

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *