Тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:
Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:
1.топырақтың қалыптасуы мен факторлары
2. климаттың, жер бедерінің төсеніш бетінің топырақты қалыптастырудағы ролі;
3.топырақтың механикалық құрылым.
4.Қазақстандағы өсімдік пен жануарлардың таралу ерекшеліктері;
5.ТЗ таралуы;
6.ТЗ ерекшеліктері.
7.экологиялық проблемалар;
1. Қазақстанның топырағының негізгі типтеріне карта бойынша сипаттама беру;
2. Топырақтың механикалық құрылымын сипаттау;
3. ДЖ топырақ картасымен ҚР -ның топырақ картасын салыстыру.
4. Климаттық карта мен табиғат зонасын салыстыру.
5. ТЗ картадан көрсету;
7. ТЗ жоспар бойынша сипаттау;
8.ТЗ арасындағы компоненттердің байланысын анықтау;
9.экологиялық проблемаларға баға беру және олардың шешу жолдарын қарастыру
Негізгі ұғымдар:
топырақ, топырақ қалыптасу факторлары,топырақты горизонт, топырақ эрозиясы, мелиорация, құнарлы топырақ, реликті өсімдіктер және жануарлар, эндемиктер, зоналық факторлар, ендік зоналылық, биіктік белдеу, табиғат зонасы.
Әдебиет:
Оқулық: «Қазақстанның физикалық георграфиясы» Бейсенова А., Карпеков К. Хрестоматиясы.
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның картасы, атлас 8 сынып, кескін карта,ТЗ суреттері мен кестелері.
Есіңде болсын, алгоритм бойынша жұмыс жасау керек. Тексеру жұмысын өткізіп отыруды ұмытпа. Дәптердің шетіне ескертулерді белгіле, рейтингілік парақты толтыр. Қиындық туғызған сұрақтарыңды жауапсыз қалдырмауға тырыс. Тексеру кезінде мұқият бол, бұл саған деа, және тексерген кісіңе де көмектеседі.
Сәттілік тілеймін!
тапсырма №1
— 35. параграфты оқы
— ұғымға анықтама бер «топырақ»
— Сызба құра «Топырақ қалыптастырушы факторлар»
— Сұрақтарға жауап бер:
А) Топырақ қара шірігі қалай қалыптасады?
Б) Топырақтың механикалық құрылымы деген не?
В)Құрылымы бар топырақтың құрылымы жоқ топырақтан қандай айырмашылығы бар.? тексеруден өт № 1 барлығы 14 ұпай)
тапсырма №2
8. 36 параграфты оқы. Карта мен оқулықты пайдалана отырып, кестені толтыр.
Топырақтың негізгі типтері
Топырақ типтері Таралу аймағы Гумус құрамы Шаруашылықтағы маңызы
9. кескін картаға Қазақстанның топырақ зонасын сал
10. Сұрақтарға ауызша жауап бер:
Эрозия деген не?
Эрозияның қандай түрлері бар?
Олардың алдын-алу жолдары қандай?
Тексеруден өт № 2 (10 ұпай)
Тапсырма № 3
37 параг.оқып, сұрақтарға жауап бер
1. Қазақстан өсімдіктерінің негізгі типін анықта .
2. Өсімдік пен жануарлар әлемінің қалыптасуына климат қалай әсер етеді?
3. Қазақстан аумағындағы жануарлардың таралуына өсімдік қабатының қандай маңызы бар?
4. Таулы аймақтардағы жануарлар мен өсімдіктерге биіктік белдеуінің әсері?
5. Қызыл кітапқа енген Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар түрлері
6. Дәптеріңе Қазақстанның реликті өсімдігі мен эндемиктерді жазып ал.
Тексеруден өт № 3 (10 ұпай)
Тапсырма №4
38-39 оқып, кестені толтыр:
• Кестені дәптеріңе сызып толтыр: Сарамандық жұмыс
жоспар Орманды дала ұқсастықтары дала
ГО
Жер бедері
Климат
Ішкі суы
топырағы
өсімдігі
Жануарлар дүниесі
Шаруашылықта қолданылуы
Проблемалар мен табиғатты қорғау ісі
Тексеруден өт № 4 (10 ұпай)
Тапсырма №5
1. Сұрақтарға жауап:
А) Қазақстанда қандай шөлдер бар?
Б) Құмды шөлдерді жаз.
В) Өсімдіктер шөлді далаға қалай бейімделген?
Г) Шөл жануарларында қандай қорғану шаралары қалыптасқан?
2.Кескін картаға Қазақстанның ТЗ шекараларын сызып,түрлі бояулармен боя.
Тексеруден өт № 5 (10 ұпай)
№ 1. Бақылау жұмысын орында
Тапсырма №6.
1.Шөл, шөлейт зоналары бойынша ауызша сипаттама бер.
2.Кескін картаға негізгі шөлді аймақтарды белгілеп, аттарын жазып көрсет.
3.Картаны пайдаланып, Павлодар облысының топырағын, өсімдігі мен жануарлар дүниесін суретте
4.Неліктен шөл зонасы Қазақстанның 44 % лып жатыр? (10 ұпай)
тапсырма № 7 (шығармашылыққа таңдауы бойынша)
• Қазақстанның ТЗ біреуіне бес жолдық өлең құрастыр.
• «Туған өлкемнің табиғат бұрышы …» атты тақырыпқа реферат дайында
• сенің көзқарасың бойынша мына сөйлемдердің қайсысы дұрыс айтылған,соны дәлелде:
«Шөл- бұл қолайсыздық!»
«Шөл –бұл керемет !»
№ 2. Бақылау жұмысын орында
Бақылау жұмысы №1 (10 ұпай
1.Топырақ деген не?
2.Топырақ қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Топырақ қарашірігі қалай қалыптасады?
4. Топырақтың механикалық құрылымы деген не?
5. Құрылымы бар топырақтың құрылымы жоқ топырақтан қандай айырмашылығы бар?
6.Эрозия деген не? Эрозияның қандай түрлері бар?
7. Орманды даланың даладан қандай айырмашылығы бар
8. Қазақстан шөлдерін ата.
9. Табиғаттың қандай компоненттеріның ұқсастықтары бар? Неге?
10. Екі зонаның айырмашылығының себебі неде?
Бақылау жұмысы №2 /10ұпай/
1.топырақ дегеніміз ….
а) жер қыртысының құнарлы қабаты
б) жер қыртысындағы табиғи қалыптасу
г) географиялық қабықтың юір бөлігі
д) жердің қатты қабаты
2. Табиғат зонасын қалыптастыратын факторлар ?
3. Табиғат зонасы деген не?
4. ТЗ қалыптастыруда ылғалдану коэфициенті қандай рөл атқарады?
5. ТЗ құрылымын логикалық тұрғыдан қарастырып, түсіндір және ретеп жаз:жер бедері, шаруашылық әрекеті,халқы, географиялық орны, климаты, топырағы, ішкі суы, өсімдік дүниесі, жануар дүниесі.
6. ТЗ атап, картадан көрсет.
7. Орманды дала мен дала зонасы неліктен терең зерттелген?
Рейтингілік парақ
№ ұпай Алған ұпай саны Кім тексерді Кімді тексерді баға
№1 5
4
5
барлығы 14
№2 4
5
2
5
барлығы 16
№3 5
5
барлығы 10
№4 5
5
барлығы 10
№5 10
барлығы 10
№6 5
5
барлығы 10
Б/ж №1 10
№7 5
Б/ж№.2 15
барлығы 100