ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ»

тақырыбының оқу парағы

Тақырыпты меңгеруде оқушыларға қойылатын талаптар:

Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:

1.су ресурсының құрамы

2. алаптар бойынша өзендердің топталуы

3. өзендірдің қоректенутиптері мен режимі

4.көлдердің орналасуы және көл қазаншұңқырларының типтері

5.жер асты сулары және олардың табиғаттағы ролі

6. мұздықтар және олардың табиғаттағы ролі.

7.Табиғатты қорғау шаралары және су қорларын тиімді пайдалану. 1.жер бедері мен климаттың өзенге әсері

2.кескін картаға өзен алаптарын белгілеу

3.өзеннің таралуын графикке салу

4.өзеннің ағынын, шығынын, қимасын анықтау

5. жоспар бойынша сипаттау

6. ірі өзендерді салыстыру

7.Қазақстанды сумен қамтамасыз ету жолдарын бағалау

8. Аралдың,Балқаштың Ертістің экологиялық проблемасын шешу.

Негізгі ұғымдар:

— судың құлауы

 өзеннің қимасы

 өзеннің шығыны

 эрозия түрлері

 өзен алаптары

 жылдық ағын

 қоректенуі

 режимі

 мұздықтар

Әдебиеттер:

Оқулықтар : Бейсенова А., Қарпеков К. «Қазақстанның физикалық географиясы». «Оқушы анықтамасы », География хрестоматиясы, «География және геология»

құрал-жабдықтар : Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта ,

 Есіңде болсын, жұмысты алгоритм бойынша жаса.Әр тапсырманы орындаған соң тексертіп отыруды ұмытпа, тақырыптың рейтингілік бетін толтыр. Өзіңнен туындаған сұрақтарды, проблемаларды жауапсыз қалдырма!

        Жолдасыңды тексерген кезде әділетті және турашыл бол – бұл саған және сен тексерген оқушыға өте қажет.

Сәттілік тілеймін!

Тапсырма № 1

1. кластер құрастыр «құрлық суы»

2.§ 27 .1б оқып , «өзендерді топтау» алаптар бойынша

      3.өзен алаптарының суайрығы қайдан өтеді?

Сыртқы алап Ішкі ағынсыз алаптар

Солтүстік мұзды мұхит Каспий теңізі Арал теңізі Балқаш-Алакөл алабы

  3. Өзен , көлдерді кескін картаға түсір.

 №1 тапсырманы тексерт /14 ұпай/

 №2 тапсырма

1. §27 , 2 б 109 бет

— «су шығыны », «жылдық ағын» ұғымдарына анықтама жаз.

— бұл ұғымдарды ауызша айтып бер.

      2. «География және геология » кітабы бойынша :

-«өзеннің құлауы», «қимасы»,«эрозия базисі», «тереңдік эрозия» ұғымдарын жазып жатта.

            3. « Казақстанның өзендері » 261 беттегі кесте бойынша Нұра өзенінің берілгенін пайдаланып, Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, Нұра өзенінің құлауын анықта

        4. Нұра мен Шу өзенінің шығыны мен жылдық ағынын салыстыр.

           — Айырмашылықтарын анықта

№2 тапсырманы тексерт. /16 ұпай/

 тапсырма № 3

1. § 27 110-111 бет

— Кестені толтыр:

                                 Өзендердің қоректенуі мен режимі

Өзенде қоректенуі толысуы қатуы

1. жазықтағы

2. таулы

     2. Қоректену типтеріне қарай өзендердің арнасынан асуы қай уақытта болады, түсіндір.

 № 3 Тапсырманы тексерт /10ұпай

            Тапсырма № 4

1. § 28.оқы

— бір алапқа ауызша сипатама бер

— Бір өзенге типтік жоспар бойынша жазбаша сипатта (таңдауың бойынша )

 № 4тапсырманы тексерт /10 ұпай/

 Тапсырма № 5

1. § 29. оқып, кестені толтыр

Қазақстанның көлдері

Көл қазаншұңқырларының типтері Көлдердің аты тереңдігі Ерекшеліктері

  № 5 тапсырманы тексерт /10 ұпай/

тапсырма № 6

1. § 33 оқып,жер асты суларына сызба құрастыр

2. Жер асты суларын пайдалану жолдарын ауызша әңгімеле.

№ 6 тапсырманы тексерт /10ұпай/

№1 бақылау жұмысын орында.

              тапсырма № 7

Бір тапсырманы таңдап алып, орында:

Қазақстанның суын қорғаудың қажеттілік екендігі жайлы эссе жазу.

Арал мен Балқаштың қорғау проблемасының шешу жолдарын жалғастыр.

Өз еліңдегі суды пайдаланудың проблемасы мен қорғалуы жайлы әңгімеле.

 Венна диаграммассын сал «ҚР аумағын су ресурсымен қамтамасыз ету»

№7 тапсырманы тексерт /5ұпай/

№ 2 бақылау жұмысын орында

Бақылау жұмыс №1

1.мына ұғымдарға анықтама бер: көл, өзен, құлауы, қимасы, жылдық ағын, су шығыны..

2.Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады? Мысал келтір:

3.сәйкестендір

        дүние бөлігі өзен торының жиілілігі ( 100 кв. км)

1. солтүстік А) 2-4км

2.орталық В) 4-6км

3.оңтүстік С) 0,5км

Өзен торы жиілілігінің себебін түсіндір.

4. Ертіс өзенінің графигін сипатта.

5.Қоректену бойынша қандай типтерге бөлінеді.?

6.Су қоймасы деген не? Қай өзендердің бойында орналасқан? Олардың маңызы.

      7.Каспий теңізін қорғаудың маңыздылығы.

      8. Арал теңізіндегі экологиялық ахуал қандай жағдайға әкеп соқтырады?

Бақылау жұмысы №2

1.Қазақстан аумағында өзен торы қалай таралған ? Бұны немен түсіндіруге болады?

2.Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді, сызбаға түсір? Оның суайрығы» қайдан өтеді?

3. Жаздың басында қай өзендердің арнасы толады? неге?

4. Каспий теңізінің ерекшеліктерін ата.

5.елімізде жерасты суларының қандай типтері бар? Олар қалай пайдаланылады?

6.Минералды сулардың қолдануы жайлы әңгімеле.

7. Физикалық картада Балқаш көлі неге екі түске боялып тұр.? Түсіндір.

Рейтингілік парақ

№ ұпай Алған ұпай саны Кім тексерді Кімді тексерді баға

№1 5

4

5

барлығы 14

№2 4

5

2

5

барлығы 16

№3 5

5

барлығы 10

№4 5

5

барлығы 10

№5 10

барлығы 10

№6 5

5

барлығы 10

Б/ж №1 10

№7 5

Б/ж№.2 15

барлығы 100

Бағалау сараптамасы: «5»- 90-100 ұ. «4»- 71-89 ұ. «3»- 51-70 ұ.

 8 сынып 7 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *