ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТЫ»
ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ОҚУ ПАРАҒЫ
Тақырыпты меңгеруде оқушыларға қойылатын талаптар:
Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс
1. Климат қалыптастырушы факторлар;
2. Күн радицияларының түрлерін;
3. Қазақстандағы ауа массаларының типтері;
4. климаттың адам шаруашылығына әсері. 1. климаттық картамен жұмыс жасай алуы;
2. күн радиациясының түсу мөлшерін, қаңтар мен шілденің температурасын, жылдық жауын-шашынның мөлшерін, ылғалдылық коэфициентін анықтай алуы;
3. синоптикалық картамен жұмыс жасай алуы;
4.жеке аймақтың климатын сипаттай алуы.
Негізгі ұғымдар :
Күн радиациясы және оның түрлері;
Атмосфералық шеб
Циклон және антициклон
Ылғалдану коэфициенті;
Синоптикалық карта
буланушылық
Агроклиматтық қорлар
Әдебиеттер:
Оқулықтар : Бейсенова А., Қарпеков К. «Қазақстанның физикалық географиясы». «Оқушы анықтамасы », География хрестоматиясы
құрал-жабдықтар : Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта , климат картасы, синоптикалық карта.
Есіңде болсын, жұмысты алгоритм бойынша жаса.Әр тапсырманы орындаған соң тексертіп отыруды ұмытпа, тақырыптың рейтингілік бетін толтыр. Өзіңнен туындаған сұрақтарды, проблемаларды жауапсыз қалдырма!
Жолдасыңды тексерген кезде әділетті және турашыл бол – бұл саған және сен тексерген оқушыға өте қажет.
Сәттілік тілеймін!
№1 тапсырма
1. 20 параграфты оқы
2. Қазақстанның климаты қандай факторлармен анықталады? Сызба түрінде көрсет. (1 ұпай)
3. күн радиациясы деген не ? Олардың түрлерін сызбаға сал.? (2 ұпай)
4. 660 меридиан бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жиынтық күн радиациясы қалай өзгереді? Өзгері себептерін анықта (оқулықтан 79 бет, картадан ) (3 ұпай)
№1 тексерістен өт (6 ұпай )
№2 тапсырма
1. 21 параграфты оқып, ауызша жауап бер:
А) атмосфера циркуляциясы деген не ? (1 ұпай)
Б) ауа массалары деген не? (2 ұпай)
2. Кестені толтыр (5 ұпай)
Ауа массаларының қасиеттері
температура ылғалдылық
Арктикалық
Қоңыржай
Тропикалық
№ 2 тапсырманы тексерт (8 ұпай)
№ 3 тапсырма
1. 22 параграфты оқып, сұрақтарға жауап бер: Циклон мен антициклонның айырмашылығы (3 ұпай)
2.Кескін картаға Қазақстанда соғатын желдердің аттары мен бағыттарын белгіле.
(5 ұпай)
№ 3 тапсырманы тексерт (8 ұпай)
№4 тапсырма
1. 23 параграфты оқып, сұрақтарға жауап бер :
А) Жер бетіндегі жылдық және тәуліктік температураның өзгеруіне қандай себептер әсер етеді? (3 ұпай)
Б) температура «инверсиясы » деген не? (2 ұпай)
2. 91 беттегі тапсырманы орында 5 ұпай
№ 4 тапсырманы тексерт. (10 ұпай)
№5 тапсырма
1. 24 параграфты оқып, сұрақтарға жауап бер:
А) Атмосфералық жауын-шашын деген не? Қандай түрлері бар? (2 ұпай)
Б) Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері қанша? Атмосфералық жауын-шашынның жылдық таралуы қалай? (2 ұпай)
В) Ылғалдану коэфициенті деген не? Формуласы қандай? (2 ұпай)
2. Климаттық карта бойынша Павлодар, Жамбыл, Атырау, Петропавл қалаларының ылғалдану коэфициентін анықтап, салыстыр. (4 ұпай)
— Облысымыздың жауын-шашынның түсу мөлшерін ай бойынша графикке түсір
(оқулықтың қосымша бетін қара) (5 ұпай)
№ 5 тапсырманы тексерт (15 ұпай)
№6 тапсырма
1. 25 -26 параграфты оқып,сұрақтарға жауап бер:
А) Қолайсыз климаттарды ата (2 ұпай)
Б) Агроклиматтық ресурстар деген не? (2 ұпай)
В) Республика жерінде, біздің облысымызда қандай ауылшаруашылық дақылдары өседі? (2 ұпай)
№ 6 тапсырманы тексерт (6 ұпай)
№7тапсырма / сарамандық жұмыс /
— Климат картасы бойынша Павлодар облысының климатына сипаттама бер (5 ұпай)
№1 бақылау жұмысы (10 ұпай)
1.Қазақстанның климатын қалыптастыратын факторларда ата.
2.Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
3.Қазақстанда қандай ауа массалары өтеді?
4.Қазақстанның қай жерінде ең жоғарғы (максимум) және ең төменгі (минимум)температура тіркелген?
5. циклон мен антициклонның сызбасын сал.
Бақылау жұмысы №2 /10 ұпай/
1 . Климат дегеніміз ….
а) қысқы және жазға температураның амплитудасы
б) атмосфералық жауын-шашынның мөлшері.
в) белгілі бур аймақтағы көпжылдық ауа райы
г) белгілі бір жердегі, бір уақыттағы тропосфераның жағдайы
д) жыл мезгілінің ауысуы;
2. Қазақстан климатын қалыптастыратын факторлар;
а) күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жауын-шашын мөлшері; с
б) атмосфера циркуляциясы , жер бедері және ауа температурасы;
в) жердің төсеніш қабаты, шашыраңқы радиация және жел
г) шағылысқан радиация, жер бедері, ауа массалары;
д) күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы жердің төсеніш беті
3. Күннің жылуы мен жарығының түсуі
а) күн радиациясы
б) күннің жылуы
в) күннің жарығы
г) жиынтық радиация
д) күннің өтуі
4. Жиынтық күн радиациясы деген …
а) жер бетіне түскен күн сәулесінің 20 пайызы кейін шағылысады.
б) күн сәулесінің біраз бөлігі суға, мұзға сіңіріліп, шашырайды.
в) тура және шашыранды радиацияның қосындысы
г) тапыраққа, суға, жерге сіңетін радиация.
д) жер беті кері шағылыстыратын радиация.
5. Павлодар қаласының жиынтық күн радиациясы тең
а) 100 дж/м3
б) 110 дж/м3
в) 120 дж/м3
г) 130 дж/м3
д) 140 дж/м3
6. Жиынтық күн радиациясының шамасы неге байланысты?
а) атмосферның мөлдірлігіне
б) географиялық ендікке
в) күннің сәулесінің түсу ұзақтығына
г) көкжиектен күннің жоғары болуына байланысты.
д) айтылғанның бәрінен
7. Атмосфера циркуляциясы деген ….
а) желдер
б) ауа массалары
в) ауа қозғалысы
г) ауаның қызуы
д) температура инверсиясы
8. өздерінің қасиеттеріне байланысты көлемі үлкен ауа ағындары
а) желдер
б) ауа массалары
в) ауа қысымы
г) циклон
д) антициклон
9. Қазақстан территориясына жазда келетін және иран ауалары деп аталатын ауа массалары
а) арктикалық
б) қоңыржай теңіздік
в) қоңыржай континенттілік
г) тропикалық
д) экваторлық
10. Атлант мұхитынан келетін ауа массалары
а) арктикалық
б) қоңыржай теңіздік
в) қоңыржай континенттілік
г) тропикалық
д) экваторлық
11. циклондардың қасиеттері
а) жоғарғы қысым
б) төмен қысым
в) атмосфералық жауын-шашын
г) ашық күндер
д) қатты желдер
12. Жоңғар қақпасынан соғатын желдер
а) Шілік
б) сайқан және ебі
в) мұғалжар
г) қордай
д) арыстанды-қарабас
13. Қазақстанның ең суық жері.
а) Лениногор
б) Астана
в) Атбасар
г) Семей
д) Петропавл
14. Тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температураның жоғарлауы
а) температура амплитудасы
б) температура инверсиясы
в) ауа циркуляциясы
г) максимальді температура
д) минимальді температура
15. Ылғалдану коэфициенті …
а) жылдық орташа жауын-шашын мөлшері
б) қар жамылғысының қалыңдығы
в) Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы
г) судың булану мөлшері
д) атмосфералық жауын-шашын
16. Түркістанда буланушылық 1250 мм, ал жауын-шашын 238 мм болса, ылғалдану коэфициенті қанша болады?
а) 0,1
б) 0,19
в) 0,5
г) 1
д) 1,5
17. жауын-шашын аз түсетін және температурасы жоғары болып тұратын құбылыс
а) қуаңшылық
б) аңызақ
в) шаңды дауыл
г) үсік
д) көктайғақ
18. Агроклиматтық ресурстар бұл —
а) ылғалдылықпен қамтамасыз ететін атмосфералық жауын-шашын
б) ауылшаруашылығын қамтамасыз ететін климат жағдайы
в) адамның шаруашылық әрекетіне әсерін тигізетін қолайсыз климат
г) жер бетіне қалың мұздың тұруы
д) жерді тыңайту
19. Павлодардағы орташа жылдық жауын-шашынның мөлшері
а) 425 мм б) 112 мм в) 352 мм г) 582 мм д) 214 мм
20. Павлодардағы жылдық орташа температура. /градуспен/
а) 0,5 б) 1,4 в) 1,9 г) 2,3 д) 11,1
21. Қазақстандағы үсік болатын мезгілдер
а) қыс және күз
б) жыаз және көктем
в) күз және көктем
г) жаз және қыс
д) қыс және көктем
22. 55-60 күнге дейін созылып соғатын шаңды дауыл аймағы
а) дала
б) Балқаш
в) Каспий
г) орман
д) тау
Рейтингілік бағалау парағы
Тапсырма ұпай Алған ұпайы Кім тексерді? Кімді тексерді? баға
№1 1
2
3 1
2
3
барлығы 6
№2 1
2 3
5
барлығы 8
№3 1
2 3
5
барлығы 8
№4 1
2 5
5
барлығы 10
№5 1
2
3 6
4
5
барлығы 15
№6 6
Бақылау жұмысы №1 10
№7 5
Бақылау жұмысы №2 22
барлығы 100
Бағалау сараптамасы:
«5»- 90-100 ұ. «4»- 71-89 ұ. «3»- 51-70 ұ.
8 сынып 5 сағат