Түрлік әртүрлілік

Түрлік әртүрлілік

1.2.1. Флора

             Қазақстан флорасының түрлілігі әртүрләі таксондардың (түрлер, тектер және т.б. ) құрамы мен саны жағынан да, географиясы, атап айтқанда, табиғи –климаттық аймақтары және жоғарғы ендіктері жағынан да ауытқып отырады Дала және шөлейт аймақтарының жазық бөлігінде флораның өзіндік сыйпаттары және түрлілігі батыстан шығысқа қарай, ал тау экожүйелері –солтүстіктен –батысқа (Алтай), оңтүстіктен –батысқа қарай (Батыс Тянь–Шань).

Қазақстан аумағында 6000 артық жоғары тамырлы өсімдіктер, 5000 жақын саңырауқұлақтар, 485 — қыналар, 2000 артық балдырлар, 500 жақын мүк тәрізділер тіркелген. Мүктер мен балдырлар бойынша түгендеу әлі аяқталмаған. Толық түгендеу саңырауқұлақтар мен жоғары өсімдіктер өткен, олардың 14% түрі эндемиктер, бұл республика флорасының жоғары өзіндік сыйпаты барын көрсетеді. Эндемиктердің ішінде 10 түрлі монотиптерін атап өткен жөн: туу соршөбi (Physandra), рафидофитон (Rhaphidophyton), лжепустынноколосник (Pseudoeremostachys), ложная шандра (Pseudomarrubium), бочанцевия (Botschanzevia), канкриниелла (Cancriniella), таволгоцвет (Spiraeanthus), крупнотычиночник (Pterygostemon), пастернаковник (Pastinacopsis), недзвецкия (Niedzwedzkia). Эндемиктердің ішінде реликтілер де аз емес.

Қазақстан жоғары өсімдіктер флорасы толығымен субтропикалық эоцен өсімдіктері, мезлфилді– орман олигоцен флорасы, ескіортатеңіз неоген флорасы, оның ішінде алғашқы дала миоцен–плиоцен негізінде қалыптасқан. Өткен кезеңнің бірқатар өкілдері реликтілер ретінде сақталынған. Олар – таволгоцвет Шренка (Spiraenthus schrenkianus),рафидофитон Регеля (Rhaphidophyton regelii), мордовник зайсанский (Echinops saissanicus), парнолистник Потанина (Zygophyllum potaninii)и др. (эоцен); береза туркестанская (Betula turkestanica), орех грецкий (Juglans regia), яблоня Сиверса (Malus sieversii), рябина персидская (Sorbus persica), тополь таласский (Populus talassica) және басқалар (олигоцен); касатик кожистый (Iris scariosa), ревень низкий (Rheum nanum), лук многокоренный (Allium polyrrhizum) және басқалар (миоцен-плиоцен).

Қазақстан микрофлорасының 4,8% эндемикалық түрлер болып саналады. Әсіресе, жоғарғы эндемизм Қазақстан сферопсидті саңырауқұлақтарына сыйпатты, олардың 3 эндемикалық тектері және 124 эндемикалы түрлері бар (түрлік құрамның 12% сферопсидті саңырауқұлақтар).

Қазақстанда әлемдік маңызды аргробиотүрлілік (АБӨ) өсімдіктерінің бірегей генетикалық ресурсы топтасқан. Оларға 24 түрлі ауылшаруашылық дақылдардың генетикалық әлеуетін анықтайтын 194 түрлі өсімдіктер енеді. Олардың бірқатарының ауылшаруашылығын дамыту үшінде, экспорттық әлеуетті кеңейту үшін де құндылық маңызы бар.

Әлемдік маңыз АБӨ жеміс түрлері өнде, әсіресе жабайы алма (Сиверс алмасы – Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem., Недзвецкий алмасы – Malus niedzwetzkyana Dieck.) және кәдімгі абрикос (Armeniaca vulgaris Lam.). Олар Батыс Тянь–Шань, Қаратау, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Кетмен, Жетісу Алатауы және Тарбағатай таулы ормандарында өседі. Соңғы зерттеулер қазіргі осы мәдениеттің тиімді делдалдық сорттарының бәрінде жабайы алма гендері бар.

               Сол сияқты экономикалық қазақстандық генетикалық ресурстары ретінде нағыз пiстелер (Pistacia vera L.), кәдімгі бадам (Amygdalus communis L.) және шараптық жүзімдіктер (Vitis vinifera L.) белгілі. Қазақстанда осы түрлер ареалдарының ең солтүстіктегі учаскелері орналасқан. Бұл олардың табиғи таралуында аязға төзімді, суыққа шыдамды генетикалық негіздерінің болуына жағдай жасайды.

             Қазақстанда қарақаттың 10 түрі (Ribes spp.) және тұшала (Glossularia spp.) көптеген түрлері бар, жидек өнімдерінен тапшылық көріп отырғандар үшін, өнім алуда осы мәдениет түрлерін тиімді кеңейтуді қамтамасыз ету қажет.

Қазақөстанның көкөністік АБТ сәбіз (Daucus carota L.), портулак (Portulaca oleracea L), қояншөп (Asparagus), пияз және сарымсақ (Alliums pp.) жатады. Ерекше назар пияз бен сарымсаққа аударылуы керек. Республикада осы тектестердің, туынды түрлерін қоса есптегенде, 120 түрлері бар. Бұл генетикалық бай материал тек ұлттық тқрғыда ғана емес, жаһандық деңгейде де маңызды.

Табиғи агробиологиялық гүлді– декоративті өсімдіктерді меңгерудің үлкен болашағы бар. Бәйшешектердің отаны деп Голландаяны атау қалыптасқан. Дегенмен, олардың түрлік генетикалық түрлілігі Қазақстанда шоғырланған. Осы жерде бәйшешектердің(Tulipa spp.). 31 түрі өседі.

Табиғи АБТ техникалық (лен – Linum spp., софлор – Carthamnus spp., индау – Eruca spp., сурепица, горчица – Brassica spp.) және жемдік өсімдіктердің (алдымен, жоңышқа – Medicago spp.) келешегі бар.

Республикада бидайдың 70 астам сорты, жеміс– жидектердің 68 сорты, көкөніс– бақшалықтардың 60 астам сорты, картофелдің 23 сорты шығарылып, аудандастырылған.

 Жоғарғы өсімдіктердің флора құрамында дәрілік, жемдік, техникалық, тамақтық, декоративті, сондай–ақ, ағаш–бұталы өсімдіктер де аз емес.

Илеуге арналғаны өсімдіктер – шикізаттық өсімдіктер тобының ең көп танылғаны. Көпжылғы зерттеулер негізінен құнды таниноностер 20 артық түрлерін айқындады, олардың ішінде горец дубильный (Polygonum coriarium), горец бухарский (P. bucharicum), щавель тяньшанский (Rumex tianschanicus), щавель Паульсеновский (R. paulseniaсus), ревень татарский, ревень Максимовича (Rheum tataricum, Rh. maximowizii.). Осы түрлердің ұүрғақ тамыр қоры 200 мың тоннаны құрайды.

Кешенді пайдаланылатын техникалық өсімдіктер – тростник обыкновенный (Phragmites australis), чий блестящий (Achnatherum splendens).Тростник обыкновенный және чий блестящий нулары соңғы кезде көп азайып кеткен.

               Қаралған 450 эфирмайлы өсімдіктердің ішінде 70 кем емесі май құрамы мен маңызы жағынан келешекті. Олардың ішінде жусан (Artemisia), иссоп (Hyssopus), мята (Mentha), тысячелистник (Achillea).

              Негізгі дәрілік өсімдіктер ресурстары Іле арты Алатауы, Кетмен, Күнгей, Теріскей, Жоңғар Алатауы, Қырғыз жотасы, Боралдайтау, Алтай, Тарбағатайда таралған. Көптеген түрлер бойынша Республика экспортшы бола алады. Осылайша, эфедра хвощевая (Ephedra equisetina) ресурсы шығынсыз 700 тонна құрғақ шикізат әзірлеуге мүмкіндік береді, солодка голая және уральская (Glycyrrhiza glabra, G. uralensis) қоры 75 мың таннаны құрайды, бұл түрлер шикізатын үлкен көлемде сыртқа шығаруға болады. Басқа түрлер бойынша ресурстар өсімдік шикізатына ішкі сұранысты қанағаттандырады. Тек бұл кампанияны жүргізудің жүйесін реттеу ғана қажет.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *