Агроэкожүйелер

Адамның реттеуімен құруымен жасалған экожүйелер ерекше ландшафтар топтарын береді: егістіктер, саяжайлар, жүзімдіктер, орманпарктік отырғызулар, топырақ қорғайтын және жол бойынғы орман жолақтары, техногенді бұзылған жерлерге отырғызылғандар, тыңайған жерлер, жақсартылған жайылымдар және басқалар. Олардың түрлілігі адамның шаруашылық әрекетіне байланысты және оны адам анықтайды.

Қазақстан Республикасының жалпы ауданының . 272 490,2 мың га (2009 жылғы 1 қарашаға) жерінің 91 704,5 мың га аумағын ауылшаруашылық алқаптар алып жатыр: оның 59 628,2, 24 073,0– егәс, 5тәк, 036,7– шөп шабындықтары , 5 036тік жерл,7 тыс. га – тыңайған, 117,4, – көпжылдық отырғызылымдар.

             Егістіктер. Егістік жерлер агроэкожүйелері негізінен әртүрлі агротехникалық әдіспен өңделетін мәдени дақылдар басым моноценоздармен көрінеді.

              Агроэкожүйелердің биотүрлілігі алдымен, өсіп тұрған өсімдіктер мен арам шөптер түрлерінің санымен (флоралық түрлілік) , сондай–ақ, өсімдіктер мен арам шөптер арасындағы әртүрлі сәйкестіктермен (фитоценотикалық түрлілік) анықталады.

             Қазақстан Республикасының климаты мен топырағының сан алуандығы өсімдік өсуінің көп профилдігін, экожүйелер агротехникалық ерекшеліктерін анықтайды. Солтүстік мәдени кеңдігімен қатар, оңтүстікте жылу сүйетін өсімдіктер суарылып өсіріледі. Мәдени дақылдардың негізгі түрлері:

             Дәнді – бидай, қара бидай, жүгері, күріш, ешпен, тары, сорго, қарақұмық, бұршақ, фасоль, соя (Triticum, Secale, Hordeum, Avena, Panicum, Zea, Oryza, Sorghum, Fagopyrum, Pisum, Phaseolus, Glycine);

 техникалық– картофель, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, табак (Solanum tuberosum, Gossypium, Beta, Helianthus cultus, Nicotiana);

көкөніс– қырықжапырақ, редька, желкек, шалғам, қызанақ,, бұрыш, баклажан, сәбіз, ақжелкен, аскөк, қияр, пияз, чеснок, қызылша, салат (Brassica, Raphanus sativus, Armorocia rusticana, Raphanus sativus, Lycopersicon esculentum, Capsicum annuum, Solanum melongena, Daucus carota, Petroselinum crispum, Anetum graveoleus, Cucumis sativus, Allium sepa, Allium sativum, Beta, Lactuca sativa);

бақшалықтар– қарбыз, қауын, асқабақ, кәдiлер, патиссон (Citrullus lanatus, Cucumis melo, Cucurbita pepo, Cucurbita pepo, Cucurbita pepo);

жемдік – жоңышқа, эспарцет, мысыққұйрық, судан шөбi, итқонақ, нут, рапс (Medicago, Onobrichys, Agropyron, Sorghum sudanense, Setaria italica, Cicer, Brassica napus);

жеміс–жидектер– алма, алмұрт, өрәк, шие, шабдалы, жүзім, қарақат, бүлдірген, малина (Malus sylvestris, Pyrus domestica, Prunus domestica, Prunus persica, Prunus cerasus, Vitis vinifera, Ribes, Fragaria, Rubus).

 Аталған мәдени өсімдіктер республикада көптеген сорттарымен белгілі, оның ішінде агрофитоценоздарды ішкі түрлілігін жасайтын қазақстандық селекциямен алынғандар. 1933 жылдан бастап, 70 түрден астам дақылды сорттар шығарылып, аудандастырылды, 68 жеміс– жидек сорттары, 60 астам көкөніс–бақша дақылдар сорттары, кортофелдің 23 сорты.

Агроэкожүйеде арам шөптердің таралуы көптеген экожүйелер үшін сыйпатты.

Арам өсімдіктердің көп тараған түрлері 55 ұяға, 294 текке, 582 түрге бөлінеді. Әсіресе, ең көп тарағандар күрделі гүлділер (104 түрі),дақылдылар(64 түрі), шаршы гүлдi, бұршақ, бурачниковых және сағымды (30-39 түрден ).

25 млн. га тың және тыңайған жердің жыртылуы Қазақтанда жерлердің әртүрлі типтегі ластануын қалыптастырды.

Қара топырақты құнарлы жерлерде қаулен — қара сұлылы (Avena fatya, Conchus) ластану, ауырсаздақ механикалық құрамды талшынды топырақтардың бидайық — жаушалғыны (Agropyron ramosum, A. repens) ластануы көрінеді. Ақтөбе, Қостанай, Павлодпр облыстарының жеңіл механикалық құрамдағы топырақтары бар жыртылатын жерлері щитинисто-курайное (Salsola pestifer, Setaria glauca, S. viridis) ластанған.

Керексіз арам өсімдіктерді түрлі гербецидтермен жою топырақтың кірленіп, фаунаның жоғалуына әкелі мүмкін.

 Тыңайған жерлер. Қазіргі кезде егістіктегі топырақтың дегумификация, эрозия және дефляциясына, тұздалу және шөлейттену үдерістерінің дамуына байланысты егістіктен 5 036,7 мың га жақын жер шығарылды.

«Тасталған» егістіктерде –тыңайтылған жерлерде арам өсімдіктер қаулап өскен, жеке кіші аймақтарда әртүрлі. Тыңайтылған жерлер өсімдіктерінің түрлілігі жер өңдеуді игеру мен топырақ трансформациясы, оның ішінде тыңайтқыштармен, ирригация, аурулардан, арам шөптерден, зиянкестерден химиялық әдістермен сақтаумен анықталады.

Қазақстанның ормандалалы және дала аймағындағы байтүрлішөпті– бозды (8,5 млн. га), түрлішөпті– бозды (13,6 млн. га) дала сияқты табиғи экожүйелердің жоғалуы, ол жерлерде көптеген пайдалы өсімдіктердің маңызды азаю фактісі, биотүрлілікті реабилитациялау мен жоғалған экожүйелерді қалпына келтіру керектігін көрсетеді. Кейбір түрлер Қызыл кітапқа түсірілген: тамақтық 21 түр, дәрілік 20 түр және т.б.

Шөлейт аймағындағы тыңайған жерлерде азотты жақсы көретін өсімдіктер қалыптасады, ал қайтара тұзданған суарылатын жерлерде – тұзды жақсы көретін түрлер. 15-25 жыл және одан да көп уақыт бойы түпкілікті өсімдіктердің табиғи қайта қалпына келу үдерісі барысында біржылдық арам шөптіктен көпжылдық аймақтыққа дейін өзгереді. Бірақ топырақ эрозиясы мен дегумификациясынан кейін аймақтық топырақ экожүйелерінің қалпына келу үдерісі өте ұзақ болу (50-100 жылға дейін) немесе болмауы мүмкін.

Себілген жайылымдар. Табиғи төмен өнімді жемдік алқаптарды жақсарту жолымен жасалатын жайылымдар мен шабындықтардағы мәдени экожүйелер ерекше.

Жемдік агроэкожүйелер ішінде түпкілікті жақсартылған жайылымдар мен шабындықтар басым, олар жоғарғы беттегілермен салыстырғанда көп тиімді.

Тамырдлы жақсарту егілетін шөптерді дұрыс таңдап аоуға байланысты. Дала және құрғақ дала аймағында сары және көк жоңышқа (Medicago), құмдағы эспарцет (Onobrychis), ақ және сары түп шөп (Melilotus), жалпақ және енсіз сабақты мысыққұйрық (Agropyron) негізгілер болып саналады. Қой шаруашылығы дамыған құрғақ далалы аймақты аудандарда елекшөпті қияқ (Elymus junceus), прутняк (Kochia prostrata) сияқты көпжылдық өсімдікткрдің келешегі зор.

Шөлейт аймағының жақсартылған жемдік алқаптарында негізгі көпжылдыө жемдік дақылдар болып: солтүтістікте – кең масақ мысыққұйрық және масақ (Agropyron), оңтүстікте масақ, құмды мысыққұйрық және шөл (Agropyron), сол сияқты ең жемісті және көп жыл өмір сүретін фитоценоздарда (10 жылдан көп) ертекөктемгі және көктемгі жақсартылған жайылымдар жасау үшін сынғақ елекшөпті масақ (Psathyrostachys juncea) пен прутняк (Kochia) саналады.

Шөлейт аймағында агроэкожүйелер құрамында жергілікті табиғи өсіп жатқан құрғақшылыққа төзімді жемдік өсімдіктер кең тараған: прутняк (Kochia prostrata), құмды түрді, терескен (Ceratoides papposa), кейреук (Salsola orientalis), камфоросма (Camphorosma) — солтүстікте, прутняк (Kochia) тасты және құмды түрді, терескен (Ceratoides papposa), кейреук (Salsola orientalis), чогон (Aellenia subaphylla), ақ және өқара сексеуілдер (Haloxylon aphyllum и H. persicum),ияқты эфемерлер мен эфемероидтар – (Bromus tectorum ) шатыр, (Eremopyrum ) мортықтар (Poa bulbosa ) пияз тектi, алау мятлик оңтүстікте.

Орман отырғызылымдары. Республикада орман агроэкожүйелерін жасау орман жамылымын өсіру қажеттігінен туындайды, әсіресе орман аз айдандарда, және бақша–парктер инфрақұрылымдарын дамыту үшін.

Қорғайтын орман жолақтары мен бақша–парктерді отырғызу ауылшаруашылық дақылдар өнімділігін, жалпы жеміс, жидектер көлемін жинауды өсірумен қатар, биологиялық түрлілікті сақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл агроорман экожүйелері көптеген жануарлар мен құстарға пана болады, олардың шегінде құнды өсімдіктер мен микроорганизмдер сақталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *