Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған.
• 59,4%-ы қалалық жерлерде
• 40,6%-ы ауылдық жерлерде
Адамдардың саны
o Өскемен — 340,0 мың
o Семей — 322,0 мың
o Риддер — 52,0 мың
o Зырянов — 40,1 мың
o Аягөз — 36,6 мың
o Зайсан -15,2 мың
o Шемонаиха -16,1 мың
o Шар — 7,5 мың
o Курчатов — 10,1 мың
o Серебрянск — 0,3 мың
o Глубокое, Үлбі, Шүлбі, Жезкент, Белоусовка, Жаңа Бұқтырма, т.б. кенттерде, өнеркәсіптік маңызына қарай тұрғындар саны 0,3 мыңнан 10,0 мыңға дейін жетеді.
Тығыздығы
Облыс халқының орташа тығыздығы әр 1 км2-ге шаққанда 5,1 адам. Халықтың ең жиі қоныстанған жерлері – Ертістің оң жағалауы, әсіресе Кенді Алтайдың тауаралық жазықтары. Глубоков, Бородулиха және Шемонаиха ауданында бұл көрсеткіш 9-дан 12,7 адамға, ал Өскемен қаласының төңірегінде 186 адамға, Семей қаласының төңірегінде 133,5 адамға дейін барады. Ауылдық жердің қоныстануы да әркелкі.
Ұлттық құрамы
• қазақтар — 61% астам
• орыстар — 35% астам
• басқа ұлттар — шамамен 4%
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
• Ауылдық аудан — 15
• Қала – 10
• Қалалық маңыздылығы бар қала – 5
• Облыстық маңыздылығы бар қала — 5
• Кент — 24
• Ауыл – 826
Шығыс Қазақстан облысының аудандары
1. Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)
2. Аягөз ауданы
3. Бесқарағай ауданы
4. Бородулиха ауданы
5. Глубокое ауданы
6. Жарма ауданы
7. Зайсан ауданы
8. Алтай ауданы
9. Катонқарағай ауданы
10. Көкпекті ауданы
11. Күршім ауданы
12. Тарбағатай ауданы
13. Ұлан ауданы
14. Үржар ауданы
15. Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.
Облыс өнеркәсібінің негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Бұл салада 197 нысан жұмыс істейді (2006). Негізгі өндірілетін өнімдері – түсті металл (мыс, мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. 2005 ж. облыс бойынша 10,8 млн т түсті металл кентасы өндірілді. Кентасты негізінен Риддер және Зырянов полиметалл кен аудандарындағы “Қазақмырыш” АҚ-на қарасты кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы “Қазақмыс корпорациясына” қарасты кәсіпорындар өндіреді. Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кәсіпорын бар. Оларда 3,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 17,3 т алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге “Бақыршық” кен кәсіпорны, “ФИК”, “Алел”, “Алтынтөбе” АҚ-ның, “Андас Алтын”, “Даңқ”, “Жерек”, “Іnter Gold Capital” ЖШС-терінің кеніштері жатады. 2006 ж. Өскеменнің титан-магний комбинатын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ететін (Көкпекті ауданында) Сәтбаев атындағы ильменит құмының кен орны іске қосылды. Ол жылына 15,0 мың т ильменит концентратын береді. Облыстағы көмір өндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. Ол негізінен “Қаражыра ЛТД” ЖШС-не қарасты Қаражыра, Кендірлік және Алакөл кен орындары.
Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы“Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-дары, «Қазақмыс корпорациясы” АҚ-ның “Шығыс Қазмыс” бөлімшесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК “Қазақстан монета сарайы”, “Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Ертіс сирек элементті компаниясы”, “Қазмырыштех” ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі.
Облыстың табиғи-климаттық әлеуеті агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қолайлы. Облыс аудандары мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын шығаруға мамандануда.
Сонымен қатар, базалық мамандануымен бірге облыс бірегей туристік әлеуетке ие. Туризмді дамытудың негізгі басымдылықтары анықталған, соларға сәйкес облыс өңірлері:
1) Алтай, Үржар, Күршім, Ұлан аудандары — жағажай туризміне;
2) Риддер қ., Глубокое және Алтай аудандары – тау шаңғысы, спорттық және жаяу туризміне;
3) Өскемен қ., Семей қ., Абай, Тарбағатай, Ұлан, Катонқарағай, Зайсан аудандары – киелі жерлер, мәдени-танымдық туризміне;
4) Күршім, Ұлан, Көкпекті, Тарбағатай аудандары – аңшылық туризміне;
5) Риддер қ., Күршім, Катонқарағай аудандары – ауыл туризміне;
6) Семей қ., Риддер қ., Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандары – экология туризміне;
7) Катонқарағай, Үржар аудандары, Өскемен қ. – емдік-сауықтыру, медицина туризміне;
8) Курчатов қ. – техногендік туризмге маманданатын болады.
Бұдан басқа, облыстың бәсекеге қабілетті мамандануына атом энергетикасы мен ядролық зерттеулерге арналған отын өндіру жатады.
Электр энергетикалық кешені
Облыстың электр энергетикалық кешенінің құрамында Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі СЭС-тері, Үлбі мен Громотуха өзендері бойындағы Риддер СЭС каскадтары, Өскемен, Риддер, Семей ЖЭС-тері, т.б. кәсіпорындар бар.