1. Топырақ жамылғысы
2. Өсімдіктер дүниесі
3. Жануарлар дүниесі
Шығыс Қазақстан топырақ қабатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мына факторларға байланысты:
1. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатуы
2. Күрделі жер бедері
3. Геологиялық құрылымы
4. Климаттық ерекшеліктері
5. Өсімдік жамылғысы
Осыларға байланысты топырақ мозайкасы әртүрлі, күрделі болып келеді.
Топырақ түрлері:
1. Таулы аймақ топырағы
2. Тауаралық қазаншұңқырлар мен тауалды жазықтардың топырағы
3. Жазық жерлер
Таулы аймақ топырағы мына түрлерге бөлінеді.
1. Таулы тундра топырағы — Таудың жоғарғы беткейінде кездеседі. (Қазақстанның Алтайында). Олар жартастар мен қорымдардың астында мүкті қыналы өсімдіктердің астында таралған. Гумус қабаты нашар дамыған, кей жерлерде шымтезек тәрізді топырақпен ауысып отырады. Биік таулы аймақтардың мәңгі тоң таралған теріскей беткейлерінде тундралық глейлі топырақ кездеседі.
2. Таулы шалғанды топырақ – Қазақстан Алтайымен Сауыр Тарбағатайдың 1800-2600м биіктікті жерлерінде тарлаған. Бұл жерлерде Альпілік және субальпілік шалғын таралған. Мұнда гумус гаризонты 30-50см дейін жетеді. Бұл таулардың беткейлерінде балқарағайлы және қарағайлы орман кездеседі. Жазғы жайылым ретінде пайдаланылады.
3. Таулы – тайгалық топырақ – Қазақстан Алтайының 1200-2100м биіктік аралығында кездеседі. Самырсын, балқарағай ормандары өседі. Топырақ қимасы жентектелген, ұсақ, тайғақ қимасы. Гумус гаризонтының қалыңдығы 50см дейін. Бұл жерлерде орман шаруашылығы дамыған.
4. Таулы – орман сұр топырағы – Қазақстан Алтайының 1600-1000м аралығы. Бұл топырақ түрі Сауыр мен Сайқанның орта биіктікті тауларында кездеседі. Қылқан жапырақтар азайып, қайың, көктеректер ағашы көп кездеседі және шөптесін өсімдіктері жақсы дамыған. Гумус гаризонты 70см. Оңтүстік беткейлерінде гумус 1м дейін. Бұлар шабындықтар және жайылымдықтар ретінде пайдаланылады.
5. Таулы даланың ксероморфты топырағы – Оңтүстік Алтай мен Қалбаның, Сауырмен Тарбағатайдың төменгі беткейлерінде кездеседі. Өсімдік қабатын бұталы ксеропетрофильді далалық ассоцация құрайды. Гумус қабаты 60-70см жетеді. Бұл жерлер жайылымдықтар үшін қолданылады.
6. Таудың қара топырағы – Қазақстан Алтайының аласа тауларымен Сауыр-Тарбағатайдың 600-1000м жерлерінде кездеседі. Бұталы шөптесінді мезофильді ассоцациялар кездеседі. Гумус гаризонты 100см асады. Түсі қоңырқай қара сұр, құрамы түйіршікті болып келеді. Шабындық және жайылым ретінде қолданылады.
7. Таудың қызғылт-қоңыр топырағы – Алтай, Қалба,Тарбағатай, Сауыр, Шыңғыстау жоталарының тау алды маңында кездеседі. Гумус гаризонты 30-40см. Жайылымдық жер үшін пайдаланылады.
2. Тауаралық қазаншұңқырлар мен тауалды жазықтардың топырағы
1. Шөлдің қоңыр топырағы – облыстың оңтүстік жусанды далалық өсімдіктер арасында таралған топырақ құраушы жыныстары литологиясы мен генезисі әртүрлі болып келетін борпылдақ жыныстар. Гумус қабаты 35см жетеді. Топырақ құрамында тұз және карбонаттар көп болып келеді. Жайылымда және ауыл шаруашылықта, суармалы пайдаланылады.
2. Шөлдің сұр топырағы – Зайсан қазаншұңқыры, Шілікті аңғары, Шыңғыстау, Тарбағатайдың жазық жерлерінде таралған. Оңтүстігінде Жоңғар қақпасына дейін созылада. Құрамында шақпақтас, кристалдық гипс бар. Тасбұйырғыш, жусан өсімдіктері. Гумус қабаты 20-30см аспайды.
3. Солтүстіктің сұр топырағы – Ертіс бойы жазығында кездеседі. Льосты саздақтарда қалыптасқан. Гумус қабаты 40-50см.
4. Шалғынды топырақ — грунт сулары жер бетіне таяу орналасқан ойпаң жерлерде кездеседі. Шалғынды астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Гумус гаризонты 70-80см жетеді. Көбінесе шабындық және қысы жайылым ретінде.
5. Сортаң топырақ – шөлейт және шөл зонасында кездеседі. Олар:
а) автоморвты (шөлдің далалық сортаң)
б) жартылай гидроморфты (шалғындық далалық)
в) гидромофты (шалғындық)
Тұздың таралу тереңдігіне байланысты орташа және терең сортаң болып бөлінеді. Өсімдіктері: жусан, ебелек, бұйырғұн, құрамында натридің көп мөлшері бар. Гумус қабаты 10-15см жетеді.
6. Сортаң топырақ – облысытң оңтүстік аудандарында көп таралған. Ойпаң жерлердің тұзды грунт суларының жақын орналасақан жерлерде кездеседі. Сортаң топырақтарға қарағанда сор топырақтың су гаризонтында суда еритін тұздар көп болады.
Сор топырақтың түрлері:
1. Өсімдік өспейтін жазда кеуіп қалатын сор.
2. Биігірек орналасқан сар сазан, сораң өсетін бетінде қабықша тұз гаризонты бар жерлер.
3. Әлсіз тұзды грунт суларын тұзға шыдамды, шалғынды өсімдіктер өсетін шалғын сорлар. Мұндай жерлер көбінесе жайылым ретінде пайдаланылады.
4. Құмдар – облыстың солтүстік және оңтүстік аудандарында кеңінен таралған. Солтүстігіде Семейдің, Ертіс бойында. Оңтүстігіде Алакөл, Балқаш, Алтайдың оңтүстігінде кездеседі. Семейдің Ертіс бойында қарағайлы орман өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Соколов А.А. «ШҚО топырақ қалыптасуының жалпы ерекшеліктері» Алматы 1977ж
2. Холходжаев Л.К.,Котин Н.И. «Семей облысының топырағы» Алматы 1970ж