1. Климатына сипаттама
2. Гидрографиялық ерекшеліктері
Шығыс Қазақстан климатының ерекшеліктері:
1. Шұғыл континентті
2. Қысы аязды, жазы ыстық
3. Таулы және жазық жерлер арасында үлкен климаттық ерекшеліктер бар.
Климат қалыптастырушы факторлар:
1. Географиялық жағдайы
2. Радиациялық жағдайлары
3. Жалпы атмосфералық циркуляциясы
4. Жер бедері
1. Біздің облысымыз қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан, аумағында континеттік полюсі бар.
2. Облыстың радиациялық жағдайы солтүстігінде 46,1ккал/см2, оңтүстігінде 50,6ккал/см2 .
3. Облыстың аумағында қоңыржай континеттік және қоңржай тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қыста арктикалық ауа массаларының әсері бар.
4. Ылғалдылық тау беткейлері бойынша өзгеріп отырады.
Қыс маусымы: Сібір антициклонының әсері бар. Маусымның 60-70% ашық, аязды күндер құрайды. Солтүстік – шығыс және солтүстік арктикалық ауа массалары кіреді. Қыс айларының орташа температурасы -12,60- 280. Ең төменгі температура -550 Орловкада тіркелген.
Жаз маусымында: Циклондық ауа массалары әсер етеді. Ол Атлант мұхитынан келеді. Оңтүстік – батысында Иран таулы қыраты және Аравиядан тропиктік ауа массалары келеді. Ауа температурасы +400 жоғарылатады. Шығыстағы таулы аймақтағы климаттар биіктік белдеулерге бағынады. Таулы аймақтарда ауа циркуляциясының жергілікті түрі байқалады. Жаз айларының орташа температурасы +140 +230. Абсалюттік минимум +430.
Жауын–шашын таралу мөлшері оңтүстіктен–солтүстікке қарай және батыстан-шығысқа қарай көбейеді. Облысытың аумағында жауын-шашын біркелкі таралмаған. Орташа жылдық жауын-шашын оңтүстігінде 120-180мм, солтүстігінде 1500мм дейін жетеді. Ал, биік тау беткейлерінде 2000-2500мм дейін жетеді. Абсалюттік миимум Кіші Үлбі өзенінің маңында бейнеленген 1979ж 4000мм. Қар қабаты 15см – 320см-ге жетеді.
Қорытынды. Шығыс Қазақстанның климаты ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Әсіресе тау алды жазықтарында.
2. Гидрографиялық ерекшеліктері. Шығыс Қазақстан аумағы Солтүстік Мұзды мұхитының және Балқаш-Алакөл ағымсыз бассейніне жатады. Облысытың гидрографиялық торы жақсы жетілген. Қазақстан Республикасының су энергетикалық кадастры бойынша, Шығыс Қазақстанда ұзындығы 10км астын-1200 өзен, 50км – 48өзен, 100км – 20 астам өзен бар. Негізгі өзен – Ертіс. Монгол Алтайынан басталып Обьқа құяды. Салалары: Оңтүстігінде – Бұқтырма, Үлбі, Уба. Солтүстік салалары – Қайыңды, Песчанка, Құлынжон, Тайныты, Аблакетка, Уланка өзендері. Шығыс Қазақстанның оңтүстігіндегі өзендер – Баханас, Аягөз, Уржар, Емель. Олар Шыңғыстау мен Тарбағатайдан басталып Балқаш пен Алакөлге құяды. Ал батыс субрегионда ішкі ағынсыз бассейндер бар. Шығыс Қазақстан су ресурстарына бай экономикалық аудан болып табылады. Өзендері қар, жауын-шашын, мұздықтармен қоректенеді. Оңтүстігіндегі кейбір өзендер жер асты суларымен қоректенеді.
Шаруашылықта пайдалануы
1. Өндірістіте тұрғын халықты қамтамасыз етуі
2. Энергетикалық ресурстар. Бұқтырма, Шүлбі СЭС
3. Балық шаруашылығы, ағаш ағызу
4. Су көлігі
Шығыс Қазақстан 1968көл бар. Аумақтың көлмен қаматмасыз етілуі 0,37%. Аумағы 1км2 аспайтын көлдержалпы көлдердің 98% құрайды. Көлдердің облыс аумағында біркелкі орналасқан. Ең ірісі Зайсан, Сібе, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл, Рахман, Кемеркөл, Маралдыкөл.
Генезисі тектоникалық және жайылмалық көлдер. Шығыс Қазқстан көлдерінің деңгейі түсетін жауын-шашынға байланысты. Көлдердің көпшілігі қазан айынан бастап қарашаның 2ші жартысында қатады. Көлдердің еруі сәуірдің 2ші жартысында басталады. Минералдылық бойынша тұщы сужәне әлсіз минералданған болып келеді. Көлдер көбінесе рекреациялық және балық шаруашылыңы үшін қолданылады.