Шығыс Қазақстан Облысына жалпы сипаттама

 

Шығыс Қазақстан Облысына жалпы сипаттама

1. Табиғи жағдайлары

2. Жер бедері

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. «Природные условие и истественные ресурсы ВКО» Под. Ред. Токмагамбетова Г.А. «Наука» 1978г

2. Егорина А.В., Зинченко Ю.К., Зинченко Е.С. «Физическая география Восточного Казахстана» Усть-Каменагорск 2002г

3. Бубличенко Н.Л. «В поисках горных богатств Рудгого Алтая» Москва, «Недра» 1974г

4. Чупахин В.Н. «Физическая география Казахстана» Алмата 1968г

5. Филипов В.А. «Заповедные сокровища Рудного Алтая» Алмата, «Наука» 1986г

6. «Справочный информации» Вестник Эколгия Восточного Казахстана Усть-Каменагорск 2001г

7. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. «Физическая география СССР, Азиатская часть» Москва «Мысыль» 1978г

Шығыс Қазақстан өлкесінің зерттелу тарихы XVIII ғ басталды. Саяхатшы ғалымдар: П.С. Паллас, Ф.А.Геблер, К.Ледебург, Г.Н.Потанин, П.А.Чихачев, В.В.Сапожников, В.А.Обручев, Н.М.Прежевальский.

Кеңес кезіндегі зерттеушілер: В.Н.Чупахин, Н.Л.бубличенко, Л.К.Веселова, Г.В.Гельдыева, С.В.Михаилова.

Шығыс Қазақстан Облысы 1932ж 10 наурызда құрылған. 1997ж 3 мамырда Семей облысы қосылды. Сондықтан табиғат жағдайлары бойынша 2 субрегионға бөлінеді. Батыс және Шығыс. Шығыс субрегионға – Алтай тауының оңтүстік-батыс бөлігі, Зайсан қазаншұңқыры, Қалба таулары, Сауыр-Тарбағатай, Ертіс бойы жазығы және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігіналып жатыр.

Ертіс өзені облысы територриясы арқылы 1500 км қашықтықпен ағады.

Облыс жерінің ауданы 276900 км, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 50(480 және510), батыстан-шығысқа қарай 100(770 және 870) созылып жатыр.

Солтүстік нүктесі 510 4/

Оңтүстік нүктесі 450 50/

Батыс нүктесі 760 50/ ш.б.

Шығыс нүктесі 870 20/ ш.б.

Шектесетін аймақтар: Ресей, Қытай, Алматы, Павлодар, Орталық Қазақстан Облысы.

ШҚО 5 сағаттық белдеуде орналасқан.

ШҚО басқа облыстармен су, автомобиль, теміржол арқылы байланыс жасайды.

2. Жер бедері: Облыстың жер бедері жазық, ұсақ шоқылы және таулы болып келеді.

Батыс субрегион мынадай кешендерге бөлінеді.

1. Ертіс бойығы жазығы (сол жағы)

2. Шыңғыстау

3. Көкпекті – Шар ұсақ шоқысы

4. Тарбағатай тау жүйесі

5. Алакөл — Балқаш қазаншұңқыры

Рельеф типтері:

1. Жазық

2. Тау алды жазығы

3. Ұсақ шоқылар

4. Аласа, отра, биік таулар

5. Тауаралық қазаншұңқырлар

6. Эрозиялық қалдық төбелер

7. Өзен аңғарлары

1. Ертіс бойы жазығы – жер бедері жазық, кей жерінде лесты жондар кездеседі. Балапан тауы 315м, Белағаш 420м. Ертіс бойының абсалют биіктігі 400м. Семейден солтүстікке қарай құмды қырқалар басталады. Онда қарағай ормандар кездеседі.

2. Шыңғыс таулары — ежелгі тегістелген пенеплен болып табылады. Жер бедері төбелі жонды. Шыңғыстау солтүстігінде өте тік, жарлы, оңтүстік беткейі жайпақ. Хан Шыңғыстау 1152м, Ақшатау 1305м. Қос бастау 1077м. Шыңғыстаулары батыс субрегиондағы ең ірі тау жүйесі болып табылады.

3. Көкпекті — Шар ұсақ шоқысы – жер бедері төбелі шоқылы, абсалюттік биіктігі 1000м. Жер беті әлсіз тілімделген, жоталардың беткейлері жазық болып келеді. Семейтау — 606м, Дегерең — 1085м, Делбегетей — 730м, Қандығатай — 1025м, Арқалық — 507м. Аталған таулар гранитті массивтерден құралған. Төбелері күмбез тәрізді болып келеді.

4. Тарбағатай тау жүйесі – ең биік нүктесі Тастау – 2992м. Тарбағатайдың шығыс бөлігі ҚХР-дың шығыс бөлігінде. Тау жоталары Зайсан, Балқаш – Алакөл ойыстарына құятын өзендердің суайырық жотасы болып табылады. Жер бедері тегістелген тау жоталары, тау шыңдары, және шатқалдар мен сайлардан тұрады. Жер бетінің шөгінді қабаты 4тік дәуірде қалыптасқан. Тарбағатайдың солтүстік бөлігіндегі Маңырақ жотасы мен аралықта, Шілікті ойысы орналасқан.

5. Балқаш – Алакөл ойысы – Шыңғыс және Тарбағатай таулары арқылы шектескен. Теңіз деңгейінен 340-600м орналасқан. Көлдің жағалауы ұсақ тас жағылды, құмды, сазды болып келеді. Ұсақ жоталар кездеседі. (Арқалы 850м) Онда құрғақ өзен аңғарлары кездеседі (Бақанас).

Батыс субрегионның жері әралуан. Шығыс субрегионға қарағанда көп жері жазық болып келеді.

Шығыс субрегион

1. Кенді Алтай

2. Оңтүстік Алтай

3. Қалба таулары

4. Зайсан ойысы

Рельеф типтері:

1. Аласа, орта, биік таулар

2. Тау аралық қазаншұңқырлар

3. Жазықтар

4. Эрозиялық қалдық таулар

5. Мареналар

6. Мұздық цирктер

7. Жартасты беткейлер

8. Тегістелу беттері немесе пенеплендер

1. Кенді Алтай – Ертістің оң жағы, Уба мен Нарын өзендерінің аралығында орналасқан. Солтүстіктен батысқа қарай созылған бірнеше тау жоталарынан тұрады. Листьвяга 2577м, Холзум 2570м, Көксу жотасы 2598м, Тигирецк 2007м, Иванов 2775м, Уба 1962, Үлбі 1894м. Кенді Алтайдың жер бедері денудациялық ежелгі немесе реликтілік рельефт формаларынан құралған.

2. Оңтүстік Алтай – Нарым Бұқтырм аойысы арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Алтайдың жер бедері көбінесе 4тік дәуірден кейін қалыптасты. Бірақ полезойлық құрылымдар Кенді Алтайға қарағанда көбірек сақталған. Оңтүстік Алтайдың ең биік нүктесі Күршім жотасы 3871м, Тау аралық қазаншұңқырлары: Марқакөл, Қарақаба, Бабровка, Майқапшағай, Ақжайлау,.

3. Қалба таулары – Ертістің оң жағалауында Нарын өзенінен Шар өзеніне дейін созылып жатыр. Ең биік нүктесі1608м Қалба жотасы, орта немесе аласа биіктіктік тауларға жатады. Батыс бөлігі бірте – бірте қазақтың ұсақ шоқысына ұласады. Үгілу процесінің әсерінен рельефтің әртүрлі формалары кездеседі.

4. Зайсан ойысы – Оңтүстік Сауыр-Тарбағатай тауларымен шектелген. Зайсан ойысының көп бөлігін Зайсан көлі алып жатыр. Абсалюттік биіктігі 480-500м шамасында. Шығысы мен Ертістің сол жағалауын үлкен аумақты эолды құмдар алып жатыр. Зайсан ойысының көп бөлігін құрғақ су арналары кесіп өтеді және бірнеше льесты төбелер кездеседі. Оны адыр деп атайды.

5. Қазақтың ұсақ шоқысы – батыс субрегионда солтүстік –батыстан оңтүстік – шығысқа қарай созылып жатыр. Оның беті жазықтардан және аласа таулы массивтерден құралған. Мыржық, Ақшатау, Сағымжол,Хотанэмель т.б.

      ШҚ жалпы жер бедері оның геологиялық құрылымымен тығыз байланысыты, оның морфологиялық құрылымы бірнеше табиғи кешендерге бөлуге мүмкіндік береді. Геологиялық құрылымына байланысытыоны бірнеше зоналарға және кенді белдеулерге бөледі.

ШҚ ежелгі фундаменті бірнеше жекелеген блоктардан тұрады. Геологиялық құрылымы бойынша 5 ауданға бөлінеді. Олар:

1. Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігі

2. Ертіс бойы жазығы

3. Алтай таулары

4. Сауыр –Тарбағатай

5. Қалба таулары

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *