14-Дәріс.
Мал мен құстарды инфрақызыл (ИҚ) сәулелендіруге арналған СҚ. Түрлері, құрылысы. Ауыл шаруашылық өндірісінің технологиялық процестерінде ИҚ сәулеленуді пайдалану.
ИҚ сәулелену-бұл толқын ұзындығы =780…1 мм диапазонындағы сәулелену.
ИҚ сәулеленуді ауа сіңірмейді, ал су мен қан жақсы сіңіреді.
Жұтылған ИҚ сәулелену сәулеленетін дененің температурасын жоғарылата отырып негізінде жылуға айналады. ИҚ сәулеленудің отімділік қасиеті жоғары және жылытумен қатар ИҚ сәу-ну терең тері астындағы қабаттарда оң биологиялық реакциялар тудырады. Сондықтан ИҚ сәулелендіргіштер а.ш-да жас малдарды және қустарды жылыту үшін басты мақсатта қолданылады.
Көпшілік құстар мен малдардың сәулеленуді сіңіру толқын ұзындығы =1300…4000 нм интенсивті болады.
Вин заңы бойынша мұндай сәулелену спектрін алу үшін қорек көзінің температурасы 600…2000 С болуы қажет. ИҚ сәулелену көздері спектр құрамына байланысты «жарық» және «қараңғы» болып бөлінеді. Сондықтан осы қорек көздері ИҚ сәулелендіргіште қолданылады. Жарық көздерінің құрылысы және жұмыс істеу принципі бойынша жарықтандыруға арналған қыздыру шамдарынан өзгешелігі жоқ болады. Бірақ шамдардың толық ағынында ИҚ сәулеленудің үлесін көтеру үшін олардың қызу денесі жарықтандыруға арналған шамдардың қылсымына қарағанда кіші температурада (Т=2270…2770 К) қыздырылады.
ИҚС-ң
түрі Сәулелену көздерінің түрі Шамдар саны
(ТЭН) Қуат,
Вт Габарит-тік өлшем-дері, мм Ескерту
ССПО1-250,
ССПО5-250 ИКЗК-220-250 н/е
ИКЗС-220-250 1
1
250 390330
310230 НСП01-200 жарықтанд. базасында
ОРИ- 1,
ОРИ-2
ИКЗ220-500
1
500 340245
320185 Рефлектор-лық
ОВИ-2 ИКЗК-220-250 1 250 320 180 Ветеринар-лық
ОСХ-01, «ЛатвИКО» КИ(КГТ)-220-1000 1 1000 400250220 Латвия заводы
ОЭИ-500 ИКЗК-220-250 2 2250 470250400 2-шамды
ОКБ-1376А ТЭН 3 3400 500290
Электробру-
дер БП ТЭН 4 4х250 Пира-мида тәрізді Балапандар-ды жылыту-ға арналған
1-кесте А.Ш. арналған ИҚ сәулелендіргіштер
ССП 01-250 сәулелендіргіш ИКЗК 220-250 типті шаммен жұмыс істеуге арналған., Ол құрастырылымы жағынан «Астра-12» жарықтандырғышқа ұқсас. Сәулелендіргіш бұзауларды, торайларды, қозыларды және басқа жас төлдерді инфрақызыл сәулелендіруге және жылытуға қолданылады.
ОРИ-1, ОРИ-2 сәулелендіргіштер ИКЗ 220-500 типті шаммен бірге жұмыс істейді. Сәулелендіргіш болат табақтан конус тәрізді болып дайындалады. Төменгі жағына шамды механикалық зақымданудан қорғайтын металл тор бекітіледі. Айналы қыздыру шамдарымен жабдықталған кейбір инфрақызыл сәулелендіргіштердің сәулелену ағынының кеңістіктік таралуы 1-суретте көрсетілген.
ОВИ-2 малдәргерлік сәулеленд. ИКЗ 220-250, тұрқы металлдан және тор қорғаныстан құралған. Шамнын патроны пластмасс қалпақпен жабылған Шамның цоколін салқындау үшін тұрқы мен пластмасс қалпақтын арасында ойық қарастырылған.
Ілмелі түрдей орындалған ОЭИ сәулелендіргіш ИКЗ 220-250 типті 2 шамға арналып жасалған.
«ЛатвИКО» маркалы сәулелендіргіш КГ-220-1000-1 типті кварц-галогендік қыздыру шамдармен жұмыс істейді. Сәулелендіргіш болат табақтан қорап түрінде дайындалады. Қораптын екі шетіне шам ұстағыштар орнатылады, ал төменгі жағында қорғау торы болады.
1-сурет. Төменде келтірілген шамдар сәулеленуінің кеңістік тығыздығының салыстырмалы таралуы:1- ИКЗК 220-250; 2- ИКЗК 220-500; 3- ПС- 70/Е 11010-375; 4- ИКЗ 220-500; 5- ИКЗС 220-250-1.
ОКБ-1376А сәулелендіргіш»қараңғы» инфрақызыл сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арналған. Сәулелендіргіш өзінің жоғарғы бөлігінде үш түтікті элекр қыздырғыш орнатылған болат қаптама түрінде орындалған. Қаптаманың екі қабат қабырғасының аралығында жылулық изоляция бар. Әрбір ТЭҚ-тың куаты 0.4 кВт. Олар жеке басқарылады, сондықтан сәулелендіргіштің қуатын үш сатылы: 0.4; 0.8 және 1.2 кВт реттеуге болады.
БП-электрлік брудері еденде 500…600 балапандарды жылытуға арналған. Ол 6 қырлы пирамида тәрізді металл шатыр пішінді ілмелі түрде орналастырылған, оның ішінде әрқайсысының қуаты 250 Вт 4 ТЭН қойылған. ТЭНдер көпір сұлбасы б/ша жиналған, ал көпірдін диагоналында Л2 белгі беру шамы қосылған , шам ТЭН-дердің біруі істен шыққанда жанады. Шатыр астында температура берілген қалыпта сильфон базасында орындалған термореле көмегімен ұсталады,температуранын ауытқыу 2-3 болуы мүмкін. Температура жоғарылағанда сильфонда сүйық қөлемі улғаяды, сол кезде МВ микроажыратқыш іске қосылады да ТЭН-дерді ошіреді.
2-Сурет. БП брудердің құрылысы: 3-сурет. Брудердің электрлік негіздік сұлбасы
1-бақылау термометр; 2-терморегулятор;
3-ИҚ сәулелендіргіш; 4-трос; 5-Л2 шам;
6-жарықтандыру шам;7-корпус; 8-тірегіштер
ИҚС-ді АШӨ технологиялық процестерде қолдану
1.Тұқымды себу алдындағы өндеу. Тұқымды себу алдындағы өндеу, сол туқымнан алынатын өнімнің өнімділігін арттырады. Тұқымды өңдеу кезінде тұқым кептіріледі және зарарсыздандырылады, яғни тұқымда болатын түрлі жәндіктер өндеу кезінде белгілі бір температураға дейін қыздырылады, бұл температура жәндіктерді жояды.
2.Қаптарды зарарсыздандыру. Қаптарды зарарсыздандыруға арналған жылжымалы зарарсыздандыру қондырғысы жасалған.Қондырғы екі жалпақ тігінен орналасқан ИҚС-штен тұрады. Ілгекке ілінген қаптар осы сәулелендіргіштер ортасымен жылжыйды.70 сек. Аралығында маталар 100С дейін қыздырылып, ондағы жәндіктер түгелдей жойылады.
3.Жеміс-жидектер мен көкөністерді сорттау. Зерттелетін азық ИҚС-ні шағылыстыру, өткізу және жұту қасиетін оптикалық бағалауға негізделген фотосорттаушы машиналар жасалған. Пісіп жетілмеген тұқымдар түсімен, зақымданғандары-пішінімен өзгешеленеді.
4.ИҚС-мен сүтті пастерлеу. ИҚС-мен сүтті пастерлеу дәстүрлі әдіспен сүтті жфлу алмастыру аппараттарында өндеуге қарағанда едәуір тиімді болып келеді. ИҚС 3-4 с әсеріліу өзінде бактериялырдың 99,8-99,9 ٪ жойылып, сүтті t=5oс-де 8-10 тәулікке сақтауға мүмкіндік болады. Сәулелендіргіш көзі ретінде КГ 220-1000 типті галоген шамдар қолданады.
5.Лакталған,боялған беттерді кептіру. АШ техникасын, машиналарды жөндегенде электрқозғалтқыштардың орамаларын және т.б. кептіргнде шамдарды боялған беттерден бір-бірінен 0,5 м қашықтықта орналастыру қабылданған.