Жер бетіндегі ӘЖ өсінің қалпы желінің трассасы деп аталады. Әрбір 100м сайын трассаны пикеттерге (ПК) бөліп, нөлдік пикеттік таңбаны трассаның басы болып қабылданады. Тіреудің орналастыру орталығын табиғатында тұрғызылатын ӘЖ трассасында орталық таңбамен белгіленеді.
ӘЖ тұрады:
— тіреуіштік қиыстырмалар (тіреулер мен негіздемелер);
— траверс (немесе кронштейндер);
— сымдар;
— изоляторлар;
— сызықтық арматуралар;
— үзіліссіз электрмен жабдықтау және эксплуатациялау үшін қажетті құрылғылар.
А) ӘЖ тіреулері бір-бірінен және жер бетінен тапсырылған қашықтықта сымдарды ұстап тұрады.
Ә) Екі тіреулердің орталық аралығындағы горизанталь қашықтық аралық ұзындығы немесе кәдімгі аралық деп аталады (l).
Б) Желінің габариті (h) – аралықтағы сымның төменгі нүктесінен жердің немесе судың бетіне дейінгі тік (вертикаль) бойындағы қашықтық.
В) Салбырау бағыттамасы (f) деп, аралықтағы сымның төменгі нүктесінің және тіреулердегі сымның бекіту нүктесін жалғайтын горизонталдың аралығындағы тік (вертикаль) қашықтық аталады.
Г) Ауырлық (Т) – тіреулерде сымды немесе арқансымды тартуға және бекітуге түсетін күш. Ауырлық желдің күшіне, қоршаған ортаның температурасына, сымдардағы көкмұздың қалыңдығына байланысты өзгереді, нормалды және осалданған болуы мүмкін.
Ғ) Желінің бұрылу бұрышы (γ) – көршілес аралықтардағы бұрылысқа дейінгі және кейінгі желілердің бағыттарының аралық бұрышы.