№7 дәріс
Тақырыбы: Электр тартылымды монтаждау
1. Құрылыс қиыстырмасы бойымен тікелей ашық электр тартылымдарды монтаждау;
2. Арқансымдық электр тартылымдарды монтаждау;
3. Астауларда (лотоктарда) және қораптарда электр тартылымдарды монтаждау.
1. Құрылыс негіздемесі және қиыстырмасы бойымен тікелей төселген, ашық электр тартылымдарды монтаждау
Құрылыс негіздемесі (қабырғалар, аралық қабырғаларда, төбелерде) және қиыстырмасы (фермалар, бағаналар, арқалықтар) бойымен тікелей төселген сымдармен (кабелдермен) ашық электр тартылымдар орындалады, жарықтандыру мен күштік электр қондырғыларды қоректендіру үшін мал шаруашылық кешендерінің негізгі өндірістік, көмекші-қосымша және басқа үйлері мен ғимараттарында қолданылады.
Электр монтаждау жұмыстары дайындау, дайындама және жеке монтаждау жұмыстарынан тұрады.
Дайындау жұмыстарына монтаждау орындарында орындалатын белгілеу, тесу және басқа жұмыстар кіреді. Электр тартылым трассасын белгілеу сызығын мүмкіндігінше қиылыссыз көлденең және тік жазықтықтарда жасайды. Төбеден 100…200 мм, ал карнизден, арқалықтан, есік пен терезе үңіректерінен – 100 мм-ге дейін сымдар қашық болуы тиіс.
Электр тартылымды қорғалмаған сымдармен таза еден деңгейінен 2,5метрден кем емес биіктікте орындалғаны дұрыс. Жоғары қауіпі жоқ үйжайларда және 42 В тораптар үшін – 2 метрден кем емес. Бұл талаптар қабырғаларда немесе еденде орнатылатын электр қондырушы бұйымы мен электр жабдығын түсірулерге қатысы жоқ. Қорғалған сымдар мен кабелдерді төсеу биіктігі нормаланбайды.
Жарықтандырғышқа, ажыратқышқа, розеткаға және с.с. тармақты орындау үшін тармақтаушы қорапшалар орнатылады. Сымдар үшін 400 мм-ден және кабелдер үшін 500 мм-ден артық емес адыммен аралық бекітулер орындалады. Қорапша, жарықтандырғыш, ажыратқыш, розетка және с.с. шетінен 100 мм-ден артық емес қашықтықта сымдардың соңғы бекітпелерін орындайды.
Қорғалмаған 1-тарам сымның иілу ішкі радиусы, оның сыртқы диаметрінен 3 еседен кем емес болуы тиіс; қорғалған сымдар мен кабелдер – пластмассалық оқшауламада 6 еседен кем емес және резиналық оқшауламада 10 еседен кем емес болуы тиіс.
Қабырғалар, жаппалар арқылы сымдар мен кабелдердің өтпе орындарына немесе олардың сыртқа шығуына құбырдың (трубаның) кесіндісін пайдалану қажет. Жанбайтын және қиын жанатын қиыстырмалар арқылы өтпелер пластмассалық құбыр кесінділерінде орындалуы тиіс, ал жанатын қиыстырмалар арқылы – саңылауларын жанбайтын материалмен тығыздалуымен винипласталық немесе жұқа қабырғалық болат құбырларда орындалуы тиіс.
Дайындама жұмыстарын электр тартылым элементерін және ірі монтаждау бөлшектерін дайындау арнайы электрмонтаждау дайындама шеберханаларында (ЭДШ) немесе цехтарда жүргізіледі. Бұл кезде сәйкес келетін механикаландыру құралдары мен технологиялық желісін пайдаланады.
Ашық электр тартылымдар тікелей жанбайтын және қиын жанатын бет бойымен сымдар арқылы төселеді:
АПВ, АППВ, АПРН, АПРФ – құрғақ үйжайларда;
АПВ, АППВ, АПРИ, АПРФ – шаң-тозаңды үйжайларда;
АПВ, АППВ, АПРН, АПРИ – ылғалды үйжайларда;
АПВ, АППВ – дымқылды және ерекше дымқылды үйжайларда;
АПРФ, АПРН – ыстық үйжайларда.
Тікелей жанатын негіздеме бойымен сымдарды төсейді:
АПРФ, АПРН, АППР – құрғақ үйжайларда;
АПРН – шаң-тозаңды, ылғалды, дымқылды, ерекше дымқылды үйжайларда;
АПРФ – ыстық үйжайларда.
Тікелей барлық құрылыс бетінің бойымен, үйжайлардың барлық категориялары үшін АВРГ, АНРГ, АВВГ және АПВГ-С кабелдерін төсеуге болады.
Сымдар мен кабелдерді бекіту болат жолақшалармен иірілумен, перфорацияланған тілім темірлермен, бір және екітабаншалық қапсырмалармен және басқалармен жүргізіледі. Қапсырма ретінде ені 10 мм-ден кем емес және қалыңдығы 0,25…0,5 мм ақ қаңылтырды пайдалануға рұқсат етіледі.
Қабырғалар мен төбелерге сымдар мен кабелдерді бекіту үшін БМК-5к желімінің көмегімен желімдеу, қондыру бұйымдарын, қораптарын, бөлшектерін бекіту тәсілі практикада таралу ала бастады. Бетон, темірбетон, шлакбетон, керамзитбетон, кірпіш, шыны, металл және ағаш құрылыс негіздемесіне бөлшектер желімденеді. Сыланған, бояуланған, ақталған, май сіріңілген және дымқыл негіздемеге бөлшектер желімделмейді. Тек қана статикалық жүктемені алып жүретін бөлшектер мен бұйымдарды желімдеуге болады: пластмассалық тармақтаушы қорапшалар, сымдар мен кабелдерді бекітуге арналған пластмассалық және металл бөлшектер, ағаш подрозетниктер және т.б. Желімдеу ауданы 6см2-тан кем болмауы тиіс, бір желімделетін бөлшекке түсетін жүктеме 20Н аспауы тиіс.
Сымдар мен кабелдерді тікелей құрылыс негіздемесіне желімдеу рұқсат етілмейді.
1.1. Жалпақ сымдармен электр тартылымды монтаждау
Түйіншектелген бухталарда сымдарды нысанаға әкеледі. Оларды төсер алдында түзулейді. Әдетте, топтық қалқанға жақын қорапшаға төсей бастайды. Сымдардың соңғы ұштарында ұзындығы 75мм ағытқыш қабыршақты кесіп, сымның соңғы ұшын артығымен қорапшаға кіргізіп, одан бастап, оны жаймен тарта отырып түзусызық участке бойымен келесі қорапшаға немесе трасса бұрылысына дейін сымдарды төсейді. Сонан соң сымды басқа соңғы ұшын уақытша бекітіп, тағыда мұқият түзетіп, түпкілікті бекітеді.
Жанбайтын және қиын жанатын негіздеме бойымен оларға тікелей сымдар төселеді, ал жанатын боыйымен – сым астына қалыңдығы 3мм және ені сым енінен 20мм-ге үлкен (әрбір жағынан 10мм-ге) асбесттік бет (АППР сымынан басқасы). АППР сымын тікелей, асбестсіз төсейді.
Бөлуші қабықшасы бар жалпақ сымдар негіздемеге арнайы шегелермен бекітеді (ұзындығы 20…25мм, қалпақшаның диаметрі – 3мм), тарамдар арасындағы бөлуші қабықшаға тура шегені балғамен ұрады. Ылғалды жылытылмайтын, ал сондай-ақ дымқылды және химиялық активті ортасымен үйжайларда шегелердің қалпақшасының астына пластмассалық немесе эбониттік шайбаларды жайғастырып төсейді.
Жалпақ сымдар параллельді төселген кезде, олардың арасындағы саңылау 3…5мм қалдырылады. Сымдардың қиылысу орындарында төменгі сымға 3-4 қабат изолента немесе оқшауламалық (изоляциялық) түтікше төселеді. Жалпақ сымдарды бумалармен (пакеттермен) төсеуге тыйым салынады.
Жалпақ сымдарды 90° бұрышпен қабырғалап иілтеді, иілу орындарында 40…60мм ұзындықта бөлуші қабықшаны алып тастайды (суретке қара).
Электр тартылымның қабырға арқылы өтпелері оқшауламалық резеңкелік жартылай қатты және поливинилхлоридтік түтікшелерде орындалады. Бұл кезде өтпенің екі жағынан түтікшеге фарфорлық немесе пластмассалық втулка оқшаулама кигізіліп, түтікшенің шеңберіндегі тесіктер цементпен немесе алебастрлық ерітіндімен толтырылады және түтікшеге втулканы жылжытып, қабырға бетіне бортиктерді жатқызады. Оқшауламалық түтікше екі жағынан 5…10мм-де втулкадан шығып тұруы тиіс.
Құрғақ үйжайдан дымқыл үйжайға қабырғаны тесіп өткен кезде құрғақ үйжай жағынан втулка, ал дымқыл – воронка тесігі төмен қаратып қойылады. Сым төселгеннен кейін воронкаға оқшауламалық компаунд құйылады (мысалы, битумдық кабелдік масса).
Сымдарды қорапшаларда жалғаумен және оларды электр қабылдағыш пен тарату құрылғыларына жалғаумен монтаждау аяқталады. Бұл кезде сымдар, егер олар ЭДШ-да жалғанбаса және ұшталмаса, онда оларды алдымен жалғап, кәдімгі оралмамен жалғастырады, монтаждаудың дұрыс екендігін тексеріп, кернеу астында сынап, бұнан кейін сымдар престеумен, пісіріп дәнекерлеумен, механиклық тәсілмен түпкілікті жалғайды.
Дымқылды, ерекшк дымқылды және химиялық активті ортасы бар үйжайларда қолданылатын металл жалғаушы және тармақтаушы қорапшалар электр тартылымдарда жерлендіріледі.
Жалпақ сымдарымен ашық электр тартылымдар қарапайым және салыстырмалы арзан. Бірақ, олар сыртқы зақымдалудан қорғалмаған және эстетикалық емес, әсіресе тұрғын үйжайларда.
Дөңгелек сымдармен және кабелдермен электр тартылымды монтаждау жалпақ сымдармен монтаждаудан келесідегідей айырықшаланады: дөңгелек сымдар бір-бірлеп, бірнешеуі параллельде және бумада төселуі мүмкін. Бөлуші қабықшасыз жалпақ сымдар, сондай-ақ бір-бірлеп және бірнешеуі параллельді төселуі мүмкін. Бекітпе ретінде қолданылады: 2- және 1-табаншалы қапсырмалар, бауламасымен жолақшалар, брускамен және пряжкамен, шипасы бар жолақшалармен, заклепкасы бар бандаждық жолақшалар және басқалар. Тік төсеу кезінде аралық бекітулер 500…700мм адыммен жасалады; Соңғылар – электр қондыру бұйымдарынан 50…70мм қашықтықта. Иілу басынан жақын қапсырмаларға дейін қашықтық – 20мм-ден артық емес