Электр жабдықты монтаждауға қабылданатын, үйжайларға және ғимараттарға қойылатын талаптар.
3.2 Монтаждауға үйжайды қабылдау.
3.3 Электр жабдықты орнату орнын және электр тартылымның жоларнасын белгілеу.
3.4 Электр тартылымды монтаждауға техникалық шарттар.
1. Электр жабдықты монтаждауға қабылданатын, үйжайларға және ғимараттарға қойылатын талаптар.
Электр монтаждау жұмыстарын бастауға дейін құрылыс мекемелері келесі жұмыстарды орындауы тиіс: өндірістік және тұрмыстық үйжайларды тұрғызу; электр энергияны, суды және басқаларды жеткізетін тұрақты немесе уақытша тораптар тарту; санитарлы-техникалық құрылғыларды тұрғызу (жылыту, желдету). Электр монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған үйжай қалыптан, ағаштардан босатылуы және құрылыс қалдықтарынан тазартылуы тиіс, яғни электр монтаждау жұмыстарын нормалды және қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін күйге дейін жеткізу.
Электр жабдықтау нысандарын – қосалқы стансаларды, күштік жинақтаушылардың үйжайын, кабелдік арықтарды, құрылыстың басқа нысандарын тұрғызу мерзімдерінен бұрын салу және монтаждау керек.
Электр монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс мекемелері барлық құрылыс-әрлеу жұмыстарын орындауы тиіс – қайта жабулардағы, қабырғалардағы, жабдық астындағы іргетастардағы тесіктерді бітеу.
2. Монтаждауға үйжайды қабылдау.
Үйлер мен үйжайларды монтаждауға өткізу-қабылдауды тапсырыс берушінің қатысуымен құрылыс және монтаждау мекемелерінің өкілдері жүргізеді.
Байқау кезінде келесіге ерекше көңіл бөлу қажет:
— қабырғаларды, есіктерді, терезе үңіректерін, арықтарды және басқарды орналастырудың үйжай өлшемдеріне, сәулетті-құрылыстық сызбасына және күштік пен жарықтандыру тартылымдарының жоспарына сәйкестілігіне;
— қалау бөлшектерінің, тесіктерінің, қарықтарының бар екендігіне, өлшемдері мен орналасуына және олардың жұмысшы сызбасының сәйкестілігіне;
— кабелдерге және жерлендіруге арналған траншейлердің бар екендігіне, орналасуына, өлшемдеріне және күйіне, оларды сызбалармен тексеруіне, траншейдің түбінде судың және құрылыс қалдығының жоқтығына көз жеткізуіне, төсем құрылғысын тексеруіне, инженерлік ғимараттармен қиылысу орындарында кірпіштердің немесе плиталардың бар екендігіне;
— жабдық астында іргетастардың өлшемдері мен орналастыруына, бетонның беріктілігіне, еден деңгейінің үстіндегі белгіге, анкерлік болттардың өлшемдеріне, диаметріне, ойма ұзындығына, болттардың аралық қашықтығына және басқаларға. Іргетастардың тіреуіш беттерінің шұқыры 10 мм-ден артық емес және еңісі 1:100 дейін рұқсат етіледі.
Монтаждауға үй қабылданған кейін монтаждау мекемесіне 30 мм-ден артық өлшемде үңіректерді және арықтарды тесуге тыйым салынады.
Электр монтаждау жұмыстары орындалғаннан кейін зақымдалудан және ластанудан электр жабдықты қорғауды қамтамасыз етуге бас мердігер (генеральный подрядчик) міндетті.
3. Электр жабдықты орнату орнын және электр тартылымның жоларнасын белгілеу.
Белгілеу кезінде электр қондырғыға арналған ЭҚЕ және ҚНменЕ-мен нормаланған жұмысшы сызбалармен, өлшемдермен және электр жабдықтың өлшемдерімен жетекшілік етіледі. Белгілеуді бастауға дейін барлық үйжайлардағы қабырғыларға және аралықтарға бас мердігерші таза еденнің белгісін сызу керек (ақ фонда ені 10 мм және ұзындығы 100-250 мм қара жолақ).
Электр монтаждау жұмыстары орындалатын орын әбден зерттеліп, сызбаларды мұқият оқып үйренген соң белгілеу басталады. Сонан соң қажетті әбзелдер, саймандар және материалдар: белгілеуші циркуль, сызғыш-жақтау, тіктеуішімен белгілеуші бау, телескопикалық сызғыш, бұрыш өлшеуіш, бауларымен және тіктеуіштерімен қадалар, рулетка, шаблондар, сызбағыш, бояғыштар (бор, көмір, нілдеуіш), ал сондай-ақ электр қондырғылық бұйымдар, қораптар, аппараттар.
Бұдан соң электр жабдықтың қондыру орынын және кірмелерді анықтап, ұяларға, тесіктерге, толтырма бөлшектерді қондыруға, қалқандарға, жәшіктерге, қораптарға, тіреуіш бекітуші қиыстырмаларға, бөлшектерге арналған орындарды айырмалайды. Жарықтандыру тартылымы үшін жарықтандырғыштарды, ажыратқыштарды, штепсельді розеткаларды қондыру орнын, ал күштік торап үшін – олардың сыртқы бейнесінің (шеңбер, квадрат, тікбұрыш) және өлшемдерінің (диаметрі, тереңдігі) көрсетілуімен оларды қорғау мен басқару құралдарын қондыру орнын белгілеу қажет.
Аяқталу кезеңінде электр тартылым трассаларын белгілейді. Ашық электр тартылым трассаларын қиыстырмаларда тарату құрылғыларын немесе қалқаншаларын қондыру орындарынан бастап, электр қабылдағыштарда аяқталады. Электр тартылымдардың трассалары бояғышпен алдын ала белгіленген баудың көмегімен айырмаланады. Тартылатын беттің бойымен бау тартылып, оны созып, тез түсіріп жіберіп, ұрғылайды, сонда бетте трассаның көрінетін сызық пайда болады. Онда жалғаулардың, өткел тармақтарының, айналып өткелдердің, бекітулердің орындалу орындарын айырмалайды. Бекіту орнын аяқ жағынан белгілеуді бастап, аралық нүктелермен аяқтайды. Трассалардағы бекіту нүктелерін трассаға перпендикуляр қысқа сызықтармен қарандашпен белгілейді.
Төбеде жарықтандырғыштарды бекіту орнын 2 тәсілдермен белгілейді: еденнен төбеге белгілеу нүктелерін ауыстыру немесе тікелей төбеде белгілеу. 1-ші тәсіл кезінде еденде 1:1 масштабта көрсетілген нүктелер белгіленіп, және штангалар мен тіктеуішпен баудың көмегімен олар төбеге ауыстырылады. 2-ші тәсіл кезінде сызғыш-жақтаудың немесе екі қадалар мен баудың көмегімен төбеде белгіні жасайды. Бұл кезде бір белгілеуші үйжайдың бұрышында тұрып, баудың бас ұшын төбеге қадамен басады, ал екіншісі қарама-қарсы бұрышқа тұрып, тартылған баудың аяқ ұшын төбеге солай қадамен басады. Содан соң бірінші белгілеуші негізгі белгілеуіш баудың ортасына бекітілген қосымша баудың көмегімен диагональ сызықты ұрады. Екінші диагональді жасау үшін басқа бұрыштардан операцияны қайталайды. Бірнеше параллель сызықтарды белгілеу үшін, әрбір сызықты бөлек-бөлек белгілейді.
Электр тартылымның бұрылу бұрыштарын және өтпелерін сымдардың иілу радиусының есебімен айырады. Арқансым тартылымдарын негізгі бақылаушы баудың және тіктеуіші бар қосымша баудың көмегімен белгілейді. Басында үйдің қабырғалары мен қиыстырмаларында ақырғы арқансым анкерлерді қондыру орындарын, ал сонан соң арқалыққа, фермаға, бағанаға және жаппаға арқансымның аралық ілмелі бекіткіштерін белгілейді.
Жабық тартылымдарға белгілеуді, ашық тартылымдарға жасалған сияқты, бірақ үйжайды сылағанға дейін жүргізеді. Бұл кезде жаппа бойымен трассаларды қысқа қашықтықта, ал қабырға бойымен – қатаң тік немесе көлденең (тұсқағаздардан немесе пәнелдерден жоғары, егер олар жобаланса) жүргізеді. Жабық тартылымның сымдары аралық қабырға мен жаппаның арасындағы саңылауға жатқызуға болады, онда белгілеу талап етілмейді.
Қазіргі заманғы жиналмалы құрылыс қиыстырмалардан жасалған үйлерде, оларға енгізілген сымдарды тартуға арналған арналар мен үңіректер, электр жабдықтарды қондыруға арналған қуыстар мен шұңқырлар бар. Осындай қиыстырмаларды пайдалану кезінде белгілеу жұмыстары болмайды, бұл жағдайда жобаға сәйкес тексерумен және монтаждауға арналған пайдаланылатын арналардың, қуыстар мен шұңқырлардың жарамдылығымен шектеледі.
Күрделі коммуникацияға және құбырлық таратқыштарға арнайы өлшеуіш эскиздерді құрастырады.
4. Электр тартылымды монтаждауға техникалық шарттар.
Электр тартылымды орналастыруына орай, оларды монтаждау ыңғайлы болуы тиіс, ал ашық тартылым кезінде де оларға қол жеткізу оңтайлы болуы тиіс. Электр тартылымдардың температуралық және шөгінді тігістерімен қиылысу орындарында компенсациялаушы құрылғылар қарастырылған. Жоғарғы жағынан электр жабдыққа келуімен тораптарды жоғарыдан тарату, ереже ретінде ұсынылады.
Құбырларда, қораптарда, арналарда сымдар мен кабелдерді бірге төсеу үшін рұқсат етіледі:
— бір агрегаттың барлық тізбектерін;
— технологиялық үрдіспен байланысқан, машиналардың күштік және бақылау тізбектерін;
— бір құбырда 8-ден артық емес сымдардың санымен (жұмысшы немесе апаттық) немесе жарықтандырудың бір түрінің бірнеше топтарының тізбектерін.
Өзарарезервтеуші тізбектерді, жұмысшы мен апаттық жарықтандыру тізбектерін, күштік және жарықтандыру тізбектерін, ал сондай-ақ кернеуі U, В үлкен желілерімен U≤ 42В тізбектерін бір астауда, арнада, құбырда бірге төсеуге тыйым салынады.
Болат немесе болат қабықшасымен құбырларда фазалық және нөлдік (немесе тура және кері) өткізгіштерде төсеуді бір жалпы құбырда орындаған дұрыс.
Арқансымдарда, ішектерде және басқаларда кабелдерді де бір байламды басқа байламдарға тақап төсеуге рұқсат етеді, бірақ әрбір байламда 12 сымдардан артық болмауы керек.
Қорғалмаған немесе жанатын қабықшаларымен қорғалған сымдарды жанатын негіздеме бойымен төсеу кезінде осындай негіздемеге дейінгі қашықтық 10мм-ден кем болмауы тиіс немесе оларды жанбайтын материалмен бөлгені дұрыс, сымның әрбір ұшынан шықпа 10мм-ден кем болмауы керек.
Сымдар мен кабелдерді жабық тартқан кезінде жанатын негіздеме бойымен немесе осындай негіздемелермен қиылысқан кезде, соңғылары қалыңдығы 10мм-ден кем емес сылақпен немесе бетонмен қорғалады.
Электр тартылымдардың барлық элементтері сыртқы қондырғыларда немесе химиялық активті ортасы бар үйжайларда, оның әсерінен қорғайды.
Қыздырылатын бет бойымен, ашық тартылымды төсеуге тыйым салынады, себебі электр тартылымның оқшауламасының бұзылуы және істен шығуы мүмкін.
Қорғалмаған және құбыр тартылымдарымен қорғалған сымдар қиылысқан кезде жарықта олардың арасындағы қашықтық 50мм-ден кем емес болуы тиіс, ал жанатын немесе жеңіл тұтанатын сұйықтар мен газдардан тұратын құбыр тартылымдарымен 100мм-ден кем емес болуы тиіс. Бұл кезде сымдар құбыр тартылымнан әрбір жағына 250мм-ден кем емес ұзындықта механикалық зақымдалудан қосымша қорғалуы тиіс.
Параллель төсеген кезде сымдардан құбыр тартылымдарға дейінгі қашықтық 100мм-ден кем емес болуы тиіс, ал жанатын немесе жеңіл тұтанатын сұйықтармен және газдармен құбыр тартылымдарға дейінгі қашықтық 400мм-ден кем емес болуы тиіс. Параллель төселген немесе жанатын құбыр тартылымдармен қиылысатын сымдар, жылулық сәулелердің әсерінен қорғалуы немесе сәйкес келетін орындалуы болуы тиіс.
Электр тартылымды монтаждау кезінде дайындау жұмыстарын минимумға дейін төмендету қажет: ертерек қарықтарды, қуыстарды, ұяларды, тесіктерді, құрылыс қиыстырмаларында бос кеңістіктің пайдаланылуымен арналарды жасау; қалқандарды, шкаптарды және басқа электр техникалық бұйымдарды бекітуге арналған бөлшектерді құрылыс қиыстырмаларында қалдыру.
Тармақталу қораптарында жалғау үшін сымдардан оқшауламаны 25…30мм ұзындықта аршиды. Сымдардың тарамдарын жалғау, тармақтау және ұштау ҚНжәне Е 1.01.01-82 сәйкес бекітілген, әрекет етуші инструкциялармен сәйкестікте престеудің, пісірудің, дәнекерлеудің немесе қысулардың көмегімен жүргізу қажет.
Сымдардың тарамдарын жалғау орындарында 50…100мм ұзындықпен сымдардың артық қоры қарастырылуы тиіс, ол қайта жалғау, тармақтау немесе қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сымдарды жалғау және тармақтау орындары байқау мен жөндеу үшін қолайлы болуы тиіс; олар керілудің механикалық күштеріне сыналмауы тиіс.
Сымдардың жалғау және тармақтау орындарының оқшауламасы, осындай сымдардың бүтін орындары теңбағалылық тарам оқшауламасы болуы тиіс. Оқшауламалық материалдар ретінде ленталарды, термиялық отырғызылатын түтікшелерді және шарбылық нығыздаумен полиэтилендік қалпақшаларды қолданған дұрыс.
Электр тартылымдардың металл элементтері қоршаған ортаның жағдайымен сәйкестілікте коррозиядан қорғалуы тиіс.