Бағдаршам

                                                     
                       (ашық оқу қызметі)
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.
Қостілділік: бағдаршам - light, қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green
Әдіс- тәсілдері: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, сюжетті суретті қарастыру, сұрақ -жауап, ойындық, көркем сөз,мадақтау.
Алдын ала жұмыс: Бағдаршам, көше ережелері туралы әңгімелесу. Бағдаршам туралы жұмбақтар мен тақпақтар айту.
Балабақшадан тыс ата -аналарға көшедегі бағдаршам жұмысын баласымен бірге бақылауды ұсыну.
Сабақтың әдіс-тәсілі:
•	бағдаршам, жол ережесі жөнінде мағлұмат беру,
•	тақырып бойынша сұрақтар – жауаптар,
•	дидактикалық материалдарды, көрнекілікті тиімді пайдалану,
•	бой сергіту жаттығулары,
•	сабақты жүйелеп, тиянақтап, білімдерін бекіту.
Көрнекілігі:
Бағдаршам, қатырма түрлі-түсті қағаздар, желім, ойыншықтар (машина, автобус, жедел жәрдем, өрт сөндіруші машина) т.б. қажетті құралдарды пайдалану.
Тәрбиеші: Балалар, шаттық шеңбері бойында бір-бірімізге жылы тілек айтайық.
Балалар:
Еліміз аман болсын!
Аспан ашық болсын!
Береке бірлік болсын!
Ақылды, тәртіпті болайық!
Үлкендерді сыйлайық!
Күн сәулесін шашайық!
Бәріміз дос болайық!
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр екен, ал қонақтармен біріншіден не істеуіміз керек?
Балалар: Амандасу
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, амандасуымыз керек. Ендеше бәріміз бірге амандасайықшы.
Сәлемдесу:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Тәрбиеші:
•	Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа райы қандай болды? Не байқадыңдар?
•	Балалар, дұрыс айтасыңдар, таңертеңгі кез салқындау болады.
•	Ал сендер балабақшаға немен келдіңдер?
•	Балалар, сендер білесіңдер ме көлікті жүргізу үшін өзіне тән ережелері бар, оларды «Жол жүру ережелері» деп атайды. Жол жүру ережелерін реттеп тұратын «Бағдаршам» екен.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен бірге «Жол атасы - бағдаршам» тақырыбын ашамыз. Балалар алғашқы бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған, оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылы Американың Клевлену қаласында, сосын Нью-Йорк қалаларында пайда болады. Бұл бағдаршам екі түсті (қызыл. жасыл) электрлі бағдаршам болды.
Тәрбиеші: Балалар бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болыпты?
Балалар: Екі түсті.
Тәрбиеші: Қандай түсті?
Балалар: Қызыл, жасыл түсті.
Тәрбиеші: Ал біздің қаламыздың көшелеріндегі бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: Үш көзді жасыл, қызыл, сары.

Тәрбиеші: Шетелдердегі бағдаршамға – 131 жыл болыпты, ал біздің бағдаршамға – 75 жылдай болыпты.
Сабақты одан әрі белсенділік орталықтарында жалғастырады.          Жеке-жеке орталықтарға жұмыс тапсырылады.
Өнер орталығы: балалар бағдаршамның суретін, түрлі-түсті қарындаштармен бояйды.
Құрылыс орталығы: түрлі-түсті қағаздан бағдаршамның үш түрлі көзін кесіп, бағдаршам жасайды.
Сергіту жаттығуы:
Кәне,кәне тұрайық,
Қанат жазып алайық,
Алақанды ұрайық,
Отырып бір тұрайық.
Тәрбиеші: Балалар, сендер бәрін білесіңдер данышпансыңдар. Менің жұмбақ жасырғым келіп тұр. Зейін қойып тыңдалық!
Ақ пен қара сызығы,
Жолақ- жолақ сызылған
Адамға жоқ зияны
Аямапты ақ пен қара сияны
Ол қандай жануар, Сафариде жайылған?
Балалар: Ол «зебра» деген жануар.
Тәрбиеші: Данышпандарым, дұрыс айтасыңдар. Сол зебра жануарының үстіндегі ақ, қара жолақтары сияқты қаламыздың көшелерінде жаяу адамдарға, яғни, жолаушылар жүретін «зебра жол» деп аталатын арнайы жолаушыларға арналған жол бар. Қараңдаршы ұқсайды ма?
Салыстыру жұмысы. (көшедегі жолақ сызығы бар суретті және зебра жануарының суреті)
Тәрбиеші: зебра жолымен жүргіншілер жүреді. Ал жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар. Кәне зейін салып тыңдайық.
Қайсар:
Қала мен оның көшесінде,
Жүрмейді тек алаңсыз.
Ережесін білмесең,
Түседі қайғы амалсыз.
Тұңғышбай:
Сақтық ойлар әрдайым,
Кеудесінде жаны бар.
Жүргінші мен жүргізушінің
Өзіне тән заңы бар.
Аруна:
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам. 
Менікіндей екеу емес, үш көзді, 
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
Әли:
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба!
Тәрбиеші бағдаршамға арналған өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.
Бағдаршам. Жасыл жанды.
Өте бер бағың жанды.
Ал егер сары жанса,
Кідір тұр, жолды байқа!
Қызыл жанды қып-қызыл от сияқты
Қолыңды күйдіретін шоқ сияқты
Бағдаршамды әрқашан есте сақта!
Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!
Қызыл – байқа, машина жоқ па?
Сары – қозғалма, асықпа, тоқта!
Жасыл – жол сенікі осыны есінде сақта!
Тәрбиеші бағдаршамның  үш түсті көзінің атқаратын қызметін 2-3 балаға қайталатқызып айтқызады.
Тәрбиеші: Ал, енді мен сендерге жұмбақ жасырып берейінші.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма, аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып – жұмады,
Бағыт сілтіп тұрады,
Расында да, бұл не балалар?

Сабақты қорытындылау. Балалардың жол жүру ережелері туралы білімдерін жинақтап, әңгімелеп беруге дағдыландыру.
бағдаршам - light, қызыл - red, сары - yellow, жасыл – green







Қызылорда облысы, 
Арал ауданы, 
Ақбай ауылы
КМҚК  «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі: 
Баекеева Арай Бакитовна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *