Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы.

Жоспар

1. Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқаратын қызмет жағынан түрлігі.

2. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа бөлуі:1. атауыш сөздер, 2. көмекші сөздер, 3. одағай сөздер.

3. Қазақ тілінде А. Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері.

4. Қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары.

Сөз таптары сөздердің белгілі жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздерді олардың түрлеріне бөлуге ол сөздердің грамматакалық сипаттары мен белгілері негіз болады. Сөздерді сөз таптарына бөліп қарау әр сөзге байланысты әр түрлі белгілер арқылы айқындалмай, сөз таптарына қатысты тұрақты белгілерінің негізінде жан-жақты жіктеу үшін жүйелі ұстанымдар негізге алынуы керек. Ол ұстанымдар сөздердің грамматикалық сипаттарына негізделуі тиіс.

Әрбір атаушы сөздің лексикалық мағынасы болатыны белгілі, сол лексикалық мағынасы арқылы әрбір сөз бір-бірінен ерекшеленеді, жеке-жеке қиыса байланысады, етістікпен (көбіне көсемше тұлғасында) қабыса байланысады, есімше тұлғасында анықтауыштық қатынаста да есім сөзбен қабыса байланысады, септік жалғауындағы сөздерді меңгереді. Заттың сынын және санын білдіретін сөздер зат атауларын анықтап, затпен қабыса байланысып қолданылады, заттанып барып бастауыш, толықтауыш, адамға байланысты жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарады. Қимылдың әр түрлі сипатын білдіретін сөздер қимыл мәніндегі сөздермен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарады. Ал басқа сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер өздері орнына жүретін сөздердің синтаксистік қызметін атқарап, солар байланысқа түсетін сөздермен тіркеседі. Бұл сияқты қасиеттер көмекші сөздерде, әсіресе лексикалық мағынасынан бүтіндей айырылып қалған көмекші сөздің ерекше түрі шылау мен одағай, модаль сөздерде болмайды. Шылаулардың сөз байланысындағы орны бүтіндей бөлек. Осы көрсетілген ұстанымдардың негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға бопады: зат атауын білдіретін -зат есім, заттың әр түрлі сынын, қатыстық белгісін білдіретін — сын есім, заттың сандық мөлшерін білдіретін — сан есім, есім сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер -есімдік, қимыл, іс-әрөкетті білдіретін -етістік, қимыл, іс-әрекеттің әр түрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін, т.б.) білдіретін — үстеу, әртүрлі дыбыстарға, қимыл-қозғалыстарға еліктеп аталатын — епіктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одагай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты (көңіл-күйін білдіру я модальдық) мәндер қосады.

Сөйтіп, қазақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетуге болады:

1. Зат есім

2. Сын есім

3. Сан есім

4. Есімдік

5. Үстеу

6. Етістік

7. Еліктеу сөздер

8. Шылаулар

9. Одағай

10. Модаль сөздер

1. Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай түрлері.

2. Сөздерді топтастыруда олардың мағыналық ерекшеліктері

3. Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары.

Әдебиеттер:

1. Қордабаев Т. Сөздерді топқа бөлу тарихынан (мақала) /Қазақстан мектебі, 1985,7.

2. Ысқақов А. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыр туралы (мақала) /Қазақстан мектебі, 1961,8.

3. Жанпейісов Е. Модальдық мағына білдіретін кейбір сөздердің құрылымдық сипаты// Қаз ССР ҒА хабарламасы, 1983,1.

4. Томанов М. Қазақ тілінің траихи грамматикасы. Алматы, Мектеп, 1988, 92-256 б.

5. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз таптарының морфологиялық құрылысы. Алматы, 1968, 7-16 б.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *