ЛИРИКАНЫ ОҚЫТУ

Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекше-лігінде ғана емес, ең бастысы, окушылардың оған деген көзқарасы, қарым-катынасында. Әсіресе, 5-8-сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі, қызықты мазмүны бар, айтайын деген ойының бәрі бадырайып түратын прозалык шығармаларды үнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық шығармаларға қызыктыру, тарту жүмыстарынан гөрі, прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілірек тиеді.

Лирикалық шығармаларда ақын өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол езіндік қасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі, нәзік сезімі, үшқыр ойы болуы керек қой. Ал ондай сергектік, нәзіктік барлық адамда бола бере ме?! Лирикалык шығар-маларды күлақпен емес, жүрекпен, сезіммен қабылдау керек десек, ол шыгармаларды бала қалай меңгерді, нені сезді, неге тебіренді, кандай көңіл күйде болды, оны тексеру де мүғалімге оңайга соқпайтын мәселелер. Міне, сондықтан да лириканы оқытудың күрделілігі осында жатыр.

Әсіресе, 5-8-сыныптарда сабақ басталмас бүрын, көңілді, сазды, назды музыка койып қою, мүмкіндігі келсе, өтілгелі отырған лирикалық шығарманың әні болса, өнімен қойып қоюдың, күйлерді тыңдаудың окушыларды сабаққа әзірлеуде маңызы зор. (Кеңіл күйін, сезімін тебірендіріп дегендей.)

Мысалы: 8-сыныпта Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін, 5-сыныпта С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» елеңін өтер алдында олардың әндерін де тыңдатудың пайдасынан басқа зияны болмақ емес.

Лирикалық шығармаларды 5-8-сыныптарда оқытуда мына мөселелерге көңіл бөлу керек:

а) Лирика туралы әдеби-теориялық бастапкы үғым беру,

оны, біріншіден, тереңдете беру. Яғни, сабақтың алғашқы

кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың өздеріне тән

негізгі қасиеттері туралы сез ету. Мысалы, 5-сыныпта,

алдында ездері оқып өткен ертегі, өлең, мысал, әңгімелермен

салыстыра отырып, лириканың өзіндік ерекшеліктерін

түжырымдап, қарапайым, үғынықты, қысқа ғана түсінік

беру.

ө) Өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру. Ол үшін үлестірме-нүсқау ұсынуға болады. Мысалы: «Күз» өлеңін алайық (5-сынып).

Үлестірме-нұсқау.

— Өлеңді асыкпай 2-3 рет оқып шық, түсінбеген сөздерің

болса, оқулыңтағы түсініктемеге кара, не белгілеп қой.

— Күз сурёті қалай бейнеленген, мәтіннен тап.

— Мәнерлеп оқуға дайындал. Қандай мәнермен оқыр едің?

— Өлең қандай көңіл күймен жазылған? Ең соңғы өлең

жолына қарасаң, бәлкім, жауабын табарсың?

— Күз суретімен қоса, кімдер бейнеленген? Олардың іс-

өрекетін айтып беруге талаптан.

б) Мүғалім елеңнің поэтикалық көркем тіліне, қүрылы-

мына міндетті түрде назар аударуы, өзі талдамас бүрын окушылармен жүмыс жүргізуі керек. Яғни олардан өздеріне үнаған шумақтар, өдемі, сүлу деген бейнелі сөздер, үтымды, шебер шыккан сөз тіркестерін сүрап білудің маңызы зор. Себебі,(Лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі -окушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикальщ лөззат ала білуге, өдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мүндай жүмыс оқу-шыларды өз беттерімен әдеби мөтінді талдауға да дағдыландырады.

в) Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға

ерекше көңіл бөлу.

г) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушы-

лардың өз сезімі, елеңнін өсеріне де назар аудару.

д) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, баска да

өнер туындыларын, көрнекілікті, үйлесімді, тиімді

пайдалану.

ж) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал

жасау (балаларға үрыспау, т.б.)

з) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін

арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсіл-

дер пайдалану.

и) Әр түрлі сабақ үлгілерін іздену. (Мысалы, концерт-сабақ пәнаралық байланыста өтетін сабақтар, т.б.); музыка пәні, бейнелеу өнері, т.б. пәндер мүгалімдерімен сабақты бірге еткізу.

Абайдың «Күз» өлеңін талдаудьщ кіріспесінде оқушылар-ға алдын ала берілген үлестірме-нүсқауды пайдаланып, әңгіме жүргізіледі (жоғарыда айтып өтілді). Ол үшін мүғалім үлестірме-нүсқауларын іштей біркайталап, негізгі тапсыр-маларды еске түсіртіп алғаннан кейін, өлеңді өзі мәнерлеп оқиды. Окушыларға да іштей тағы бір окуды тапсырады. Өлеңді бірден өзі талдаудан бүрын, балаларды алдын ала ойландырып, толғандырып талдауды олардың қатысуымен жүргізу, әдеби талдауға баулу, лоэзиялық шығармаларды өз беттерімен оқытып, ез пікірлеріне жол салуда мүндай тәсілдің маңызы зор. Балалар окып болғаннан кейін, мәтін бойынша жүмыс жүргізіледі.

Талдау сұрақтары:

— Күз көрінісі қай шумақтарда суреттелген? (Өлеңнен

тауып окиды.)

— Ақын күз көрінісін қандай сөздермен бейнелеген?

(Мәтіннен окып, өз жауаптарын дөлелді түрде береді.)

— Оқулықтарда беріпген «малма», «шомшы», «күзеу», «оты

жоқ» деген сөздердің мағынасына тағы бір назар аударындар.

— Ақын өлеңде тек күз суретін ғана берген бе?

— Адам тірлігі калай берілген? (Өлеңнен үзінді оқиды.)

— Жан-жануарлар тірлігі ше?

— Күз суреті неге сонша жабырқаңқы берілген?

— Өлең аркылы ақын кандай мәселе көтерген, не айтпақ

болған, кандай көңіл күймен жазылған?

Осы «Күз» өлендн өту барысында Левитанның немесе басқа суретшілердің осы тақырыптагы суреттерін іліп қоюға болады. Сурет бояуларына карата отырып, өлеңдегі күздің сөзбен салған бояуын салыстырып, сол арқылы акын мен суретші үндестігі, оның негізгі себебін анықтау жүмыстарын жүргізу өте тиімді келеді. Үндестік ретінде оқушылармен біріге отырып, «сүр бүлтты», «суық аспанды», «сары түсті» табуға болады. Суреттегі, өлеңдегі бүл үндестіктің сыры — күз табиғатына байланысты шындықтьщ беріліп отырғанын оқушыларға аңгарту керек. Суретші шындық көріністі бояумен берсе, ақынның сөзбен беріп отырғанын дәлелдей түсу керек. Осы сабақта балаларға ез аулының, қаласының күзін еске түсіріп, оны Абай «Күзімен» салыстыру да тиімді болмақ. Салыстыру үшін мынадай сүрақ беріледі:

1. «Күз» өлеңінде адамдар тірлігі қалай берілген дедік?

Енді өз аулыңдағы күз кезіндегі адамдар тірлігін айта ғой.

2. Акын өлеңде «Қай ауылды көрсең де, жабырқацқы»

дейді? Оның себебі не? Ал осы кездегі ауыл тап осындай

жабырқаңқы ма? Себебі неде деп ойлайсың?

3. Өз аулыңның (қаланың) күзіне ауызша суреттеме бер.

Сондай-ақ осы сабақты интеграциялык оқуға негізделген трио сабақ (үштік сабақ) ретінде өтудің тиімділігі зор. Орыс өдебиеті, бейнелеу өнері мүғалімдерімен косыла отырып, тақырыпты білімдік жағынан терең, жан-жақты, әрі қызғылықты өтуге болады. Орыс әдебиеті мүғалімі орыс ақындарының, соның ішінде Пушкиннің «Алтын күзіне» тоқталып, орыс күзінің «Алтын күз» аталу себебі, оның негізінде жатқан әлеуметтік жағдайларды кысқаша әңгімелесе, өдебиет мүғалімі Абай «Күзінің» сүреңсіз суреті негізінде сол кездегі көшпелі кедей тірлігінің шынайы көрінісі берілгеніне тоқталады. Екі ақын да күз табиғатын жеке-дара, өлі суреттермен бермей, халық тіршілігі, ел жайымен астастыра бергенін түсіндіру қажет. Ал бейнелеу өнері мүғалімі күз табиғаты бойынша ауызша суреттеме береді. Суреттерде бояу сөйлейтінше тоқталады. Бір мезетте үш пәнді осылай біріктіре отырып, оқушыларға жан-жақты, әрі терең білім беруді жүзеге асыруға болады Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашыльщ жүмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Осы сабакта қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру немесе шағын шығарма-суреттеме жаздырудың маңызы зор болмақ.

Қазіргі кезде терендетіп оқыту мәселелері колға алынуда. Әдебиетті тереңдетіп оқытатын мектеп, сыныптарда лириканы қалай оқыту керек? 8-сыныпта Абайдың Әбіш туралы бірнеше өлеңдері берілген. (Жалпы, әдебиетті тереңдетіп окыту жолдары туралы осы кітаптың соңында арнайы сөз қозғалады.) Үлы Абай сүйікті үлы Өбішіне арнап отызға жуьщ өлең жазған. Өлендерді оқыта отырып, мүғалім ең басты мақсат етіп жас үрпақты азаматтыққа, нағыз адам болуға, «атаның емес, адам үлы болуға» тәрбиелеуді, ірі мақсатпен мағыналы өмір сүруді, отбасы төрбиесін, оның үлттык сипатын, әке мен бала карым-катынасын алуы керек. Тереңдетіп оқытудың бір мәселесі — косымша материалдар, ғылыми еңбектермен жүмыс. Сол себептен де М.Өуезовтің Абай туралы зерттеу еңбектеріндегі Әбіш жайындағы деректер мен ғылыми пікірлерді сабаққа пайдаланудың маңызы зор болмак- Сондай-ақ М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясьшың «Қарашығын» бөліміндегі Өбіш портреті, Өбіш туралы Абай пікірі, монологі, Өбіштің қайтыс болар алдындағы арыздасу хаты («Өкініште» бәлімі) сияқты материалдарды да тиімді пайдаланып, окушылардың дүниетанымын кеңейту, жан-жақты тереңдете білім беру жүмыстарын жүргізген дүрыс болады. Осыларға коса, өлеңнің дүниеге калай келетіні, лириканың бірнеше түрге бөлінетіні жайында да окушыны хабардар етеді. (Әбіш туралы өлеңде эллегия, көңіл күй басым ғой.) Сабақтың кіріспесінде мүғалім Әбіш суретін көрсете отырып, ол туралы түжырымды түсінік береді. Балалардьщ эмоциясына өсер ету үшін, әрі өленді оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында Әбіштің кайтыс болар алдындағы әкесіне жазған хатын оқып берудің маңызы зор.

<<… Аға, қош! Арманым — тілегіңді ақтай алмадым… Барымды бере алмай кеттім!… Тагы арманым — Магыш. Қызығым едің!.. Ғашық жарым!.. Бір өзіңе берілген алаңсыз көңілім адалі.. Рахиманы суйдім…»

Эпопеядан осы үзінді окылып болған соң: «Балалар, біз бүгін өздерің тындап отырғандай, әкесі Абайдың өзіне арткан аманат-арманын орындай алмай бара жатқанына өкінген Өбіш туралы өлеңдермен танысамыз. Абай арманы не еді?

Ол «Абай жолының» 3-кітабында былай беріледі:

«Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқымда сүйсіндірер. Қараңгь^сахарасынажарық сәуле әкелер, алгашқы адалбуын сен боларсың!»

Міне, балалар, ұлы ақын өзінің сүйікті ұлы халық ұлы болып, хальщты бақытқа бастайтын жол тапса екен деп армандапты. Ал осы ұлы арман иесі сүйікті Әбішін акын өлеңдерінде кдлай жазған екен, енді соған кұлақ түрейік, — деп, өлеңді талдауға кірісуге болады. Оқулықта «Әбіш туралы» деген атпен үш бөлімді өлеңдер талдауға үсынылган. Ең алдымен, мүғалім өлеңнің бірінші бөлімін іштей оқуға тапсырады. Оқып болған соң, мынадай сүрақтар, тапсырмалар беріп, өлеңге әдеби талдау жасайды:

— Абай Өбішті қандай сөздермен бейнелеген, оған қандай

мінездеме берген? (Оқушылар кітаптан үзінділер оқиды.)

Жауап былай болады:

— Ер Өбіш, жүрегі жылы, бойы күрыш… т.с.с.

— Осы өлеңге қандай тақырып кояр едің, тақырыбың

өлеңнің өзінен алынсын.

Оқушылар жауабы:

— Боямасыз ақ көңіл…

— Өнері оның жүрттан асқан… т.с.с. Содан соң мұғалім

мынандай тапсырмалар беріп, сүрақтар қояды:

— Шағын мінездеме беріңдер.

— Өздеріңе өлеңнің қандай жолдары үнады? Неге

үнағанын дәлелде.

— Өзіңе бүрын кезікпеген тың сөз оралымдарын таптың

ба?

— Ақын көңіл күйі туралы не дер едің?

— Өлеңдегі ақн табысы жайында нендей пікірің бар?

Міне, өлеңнің үш бөлімі де осындай әдіс-тәсілмен,

окушыларды әрі іздендіре, әрі ойландыра талданады. Мәтінді талдау аяқталған соң, корытынды ретінде осы үш өлеңнің Өбіш бейнесін, мінезін ерекше ашыи түрған жолдарын, өлеңдегі ақынның идеялық-эстетикалық мақсатын айқындап түрған шумақтарын тапқызу, өздеріне іздету жүмыстары жүргізіледі. Окушыларды толықтыра отырып, олармен пікірлесе отырып, мүғалім осы сүрақтарға жауап береді: ягни осы үш өлең бір Өбішке арналса да, олар оны өр жағынан көрсетеді. Мысалы, бірінші өлеңде Әбіш жай Әбіш емес, ол — ердің ері, ал «ер» деген сөз мағынасының тереңдігін атам қазақ кез келген адамды «ер» демейтінін, екінші еленде Әбіш туралы жоқтау сарыны барын, үлы Абай арманы, зарының басымдылығын, оның «Жасқа жас, ойға көрі» даналығын ашатынын, үшінші өлең «талаптың түлпарына мінген» Әбіштен күткен өке үмітін, яғни «жол көрсетіп, сонда өлсең» деген арманы жатқанын саралап-саралап айту лөзім. Мүғалім осы мәселелерді бірден өзі сараптамай, оқушыларға да сүрак коя отырып, қорытын-дыласа, тіпті, дүрыс болмақ. Сонымен бірге, Өбіш туралы өлеңдердегі жоктау үлгісі (ауыз өдебиетіндегі), мадақтау, арнау үлгісі баска да елдер ақындарында көп кезігетінін айтып, мысалы, өздеріне таныс орыс ақыны Пушкиннің «Нянясына» арнаған өлеңдері туралы да сыр шертудің артықтығы жоқ, Абайға дейін де халық азаттығы үшін күрес басында түрған Исатай туралы Махамбет ақынның бірнеше өлеңін тілге тиек етуге болады. Мүндағы максат — тек жан-жақты, терең білім беруде ғана емес, ақындар бір адамды жоқтап, сол арқылы мадақтап, не соған арнап өлең жаза отырып, үлкенмөселелерді, халыктык маңызды мәселелерді көтеретінін, мысалы, Абай Әбіші аркылы «халык ұлы» болатын баласын жоктайтынын, Махамбет Исатай арқылы азаттық үшін құрбан болған халық батырын дәріптейтінін, Пушкин қарапайым халықтан шыкқан орыс әйелін Ана дәрежесінде көрсететінін айтып кетудің әрі танымдық, ері тәрбиелік маңызы зор. Тереңдетіп оқытудың бір мәселесі -ғылыми еңбектерді пайдалану. М.Әуезовтің Абай жайын-дағы зерттеулерінен оның Әбішке арналған өлеңдері туралы пікірін сабакка пайдалану керек.

«Балалар, Әбіш туралы өлеңдерді сендермен біріге оты-рып, талдадық, енді Абайды зерттеуші М.Әуезов аталарың осы өлеңге қалай бага берген екен, соны тывдап көрейік», -деп, үзінділер оқуға болады. Мүндай күрделі жүмыстарды тиімді жүргізудің бір жолы: ол пікірлерді екі бөлімге бөліп, үлестірме-нүсқаулар жазып, үстелдегі әр жүпқа таратуға болады. Өз үлестірме-тапсырмаларын оқып болған соң, олар акьірын дауыспен мазмүнын бір-біріне айтадьі. Мүғалім осы уақыт ішінде өз калауы бойынша жүптар жанына барып, түсініктерін тыңдап, көмек беріп отырады. Міне, ғылыми материалдармен осылай практикалық жүмыс біткен соң, мүғалім төмендегідей сүрақтар қойып, сабақты ары қарай жалғастырады:

— Балалар, Мүхтар Әуезов өлең туралы қандай пікір

айтады?

— Өлеңдегі ақын шеберлігі, көркемдік тәсілі туралы не

депті?

— Әбіш туралы тың деректер таптың ба? Біз нені айта

алмаппыз?

— Ғалымның қай пікірі өзіңе ұнайды? Үнау себебін

түсіндіруге тырыс. (Әрине, бүл сүрақтар жауабына мүғалім

оқушыларды өзі жетелеп отырады, түсіндіреді, корытын-

дылайды.)

Тереңдетіп окытудың тағы бір мәселесі — окушылардың икем-дағдысына койылатын талаптар терендігінде. Қабілеті, дарынына өсер ету, икемділігін арттыру жүмыстары осы сабақтарда назардан тыс қалмауы керек. «Өбіш туралы өзің қандай өлең жазар едің?» немесе «Абайға қандай токтау айтар едің?» деген тақырыптармен елең жазуға (әрине, қабілетіне карай) баулуға болады. Сондай-ақ үйге төмендегі үлгіні бере отырып, дәйекті шағын мінездеме жаза білуге баулу да тиімді болмақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *