5-сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» атты сю-жетті өлендн («Баллада» деп жүргендер бар) оқушыға талдау-ға берген. Сюжетті елеңдерді окыту әдістері мен тиімді жол-дарын осы шығарманы оқыту үлгісі арқылы көрсетуге бо-лады. Өлеңді оқытуда мүғалім оның тарихи негізін, яғни тарихта болған оқиғалармен тығыз байланыста екенін есте үстағаны жөн. 1219 жылдардағы Шыңғыс хан жорығынан тып-типыл болған Отырар қаласының тарихы елеңнің негізі болып табылады. Мүғалім пәнаральщ байланыс аркылы оқытуды басшылыкка ала отырып, осы сабақты тарих, бей-нелеу өнері пәндерінің мүғалімдерімен бірігіп, «Бұл бір
қайсар халық екен» деген атпен өткізуіне болады. Мүндай сабақтың тиімділігі неде? Тарих пәнінің мұғалімі Отырар қаласы, Шыңғыс шапқыншылығы, қаланың сол кездегі маңызы туралы токталса; бейнелеу енері пәнінің мұғалімі оның тамаша сөулеті, ғажайып өнері туралы сыр шертер еді. Отырар тарихын бейнелейтін суреттер (археология қазбаларының суреті), т.б. материалдармен оқушыларды таныстырып, оқушылардың ынтасына қызығушылығына, туган ел тарихын тереңірек білулеріне өсер етер еді. Өдебиет пөншің мұғалімі «Нені білу керек?» деген тақырыпта осы өлеңнің ең негізгі түйіні, басты-басты мәселелерін қамтыған кернекіліктер жасап, іліп кояды.
1-көрнекілік. Өлеңнің сюжеті, композициясы «Нені білу керек?»
I бөлім
— Шыңғыс үрпағының бетіне басылған таңба — Отырарды
алты ай бойы ала алмауы. Оның себебі — «рухы — өр, тәні —
бекем, қайсар халыққа» тап болуларында екені.
— Шағатайдың халық ерлігін мойындауы.
— Қайсар халықты «осал жерін» іздеп, айла, қулықпен
алу туралы Шыңғыстың ұлы Шағатайға ақыл айтуы.
П б ө л і м
Отырардың алты күнде қирауы. Жаудың ойраны.
а) Шыңғыс — Қайыр — сатқын.
— Шыңғыс алдындағы бетпе-бет кездесу. Тұтқындағы екі
адам:
1. «Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын» Қайыр хан.
Ақынның оны аспандата жырлауы.
2. «Қара түнде қаккан қара қанатын» Қарашоқы —
сатқын. Ақынның оған деген жиреніші.
— Шыңғыстың Қарашоқыға: «Сенен аскан бар ма бірақ
тірі өлік!» деп, сатқынға лағынет айтуы.
— Шьщғыстай жаудың екі адамға да әділ баға бере білуі.
Сатқынға сенген Қайырдың кінәсын ашық айтуы.
ә) Қария мен Шыңғыс.
— Сатқынның әкесі — «нар текті», «адал», елге кадірменді
қарт Шыңғыс пен Қайырдың алдында. Оның: «Өлтіруге
міндеттісің мені де», — деп, өзіне үкім жасауы.
б) Қайыр мен қария.
— Қайырдың өкініші: «өттең, ақын қалмады-ау» деген үлы
арманы.
— Қарияның ақылды шешімі. Отырардан түяқ калсын
деп, бір баланы қүтқаруы.
Ш б ө л і м
Поэтикалық талдау (проблематикасы, эстетикалық мөні).
— Өлеңнің негізгі стилі — тілдесу (диалог) екендігі:
а) Шыңғыс пен Шағатай;
ә) Шыңғыс пен Қайыр;
б) Шыңғыс пен сатқын;
в) Шыңғыс пен Қария;
г) Қайыр мен Қария.
Өлеңнің стильдік ерекшеліктерінде:
— Сүрақ-жауаптың лепті, көтеріңкі, шалқи айтылған
түстары (Шыңғыс, Қайыр, Қария монологтері).
— Өлеңдерде ақыл-нақыл болатын, тағылымы күшті
афоризм сөздердің мол келуі. Мысалы: «Жүрек шамы
ізгіліксіз жанбайтын», «Ңанаттыны талаптыға жалғайтын»,
«Қара түнде қаққан қара канатын», «Қүм мәңгілік бүркей
алмас асылды».
— Бейнелегіш сөздер, айшықты сөздер байлығы. Мысалы:
«Ойы — дауыл»,
Сезімі — аспан,
Рухы — өр,
Тәні — бекем», т.сс.
— Өлеңдегі көтеріңкі көңіл күй, өршілдік, биік арман,
Отанға, халыкка, туған жерге деген ыстық сезім, отан-
сүйгіштік.
— Соғысқа, зүлымдьщқа, сатқындыққа деген жиреніш.
— Даналык, үлылық, ізгілікке үндеу.
— Өлең қүрылысы, ұйқасы, шумақ ерекшелігі (көп
өлеңдердегідей әр шумақтың 4 жолдан түрмауы, т.б.).
Өлеңді 2 кезеңге бөліп талдау керек. Бірінші кезең -мазмүнын меңгерту айналасындағы сюжеттік-компози-цияльщ талдау;
Екінші кезең — өлең негізіндегі ойлар, көтерген проблематикасы, ақын стилі, өлеңнің көркем тілі, бейнелегіш сөздері айналасындағы әдеби-поэтикалық талдау.
Өлеңнің мазмүнын меңгертуді мынадай өдіс-төсілдермен жүргізу керек:
1. Алдын ала үйден оқып келу. Ол үшін «Нені міндетті
түрде білу керек?» деген үлестірме-нүсқау үсынылады
(кестенің мазмүнын үлестірме тапсырмаға жазып беру
керек).
2. Мүғалімнің мәнерлеп оқуы.
Мүмкіндігіне карай инсценировка көрсету, рөлге бөліп, мәнерлеп оку (үйірме мүшелері, жогары сынып оқушыла-рының көмегін пайдалану).
4. Рөлге бөліп оқытқызу (сынып оқушылары).
5. Негізгі мәселелерге нақты сүрақтар қойып, жауабын
өлеңнен тапқызып отыру.
6. Өлең мазмұнын, оның тарихи негізін, Отырардың
гүлденген кезі, өнері, мөдениеті туралы әдебиет, тарих,
бейнелеу өнері мүғалімдерінің әңгіме-түсінігі.
7. Қосымша материалдар пайдалану. Отырар туралы
(тарих пәнінің мүғалімі), Отырар мөдениеті, Отырар сәулет
өнері туралы (бейнелеу өнері пөнінің мүгалімі), М.Шаханов
туралы (әдебиет пәнінің мүғалімі).
Өдеби талдау:
1. Өлең авторы М.Шахановтьщ шығармашылық түлғасы
жайында кысқаша тоқталу. Ақынның өршіл талант иесі
екендігі, әлеңдерінің көбі гуманизм, биік мүрат, биік
мақсатты үндейтіндігі жайында айта отырып, оның Отан
сүйгіштік іс-өрекеттерін де оқушыларға үлгі ету ләзім. Ол
үшін ақын туралы бағалар, пікірлерді оқып берудің маңызы
зор.
2. Проблемалық сипаттағы сүрақтар бере отырып,
әңгімелесу, пікірлесуге жүмылдыру.
Мынадай сүрақ-тапсырмалар беруге болады:
1. Шыңғыс ханның Шағатайды кінөлауы, оған берген
ақылы арқылы Шыңғысқа мінездеме бер.
2. Шыңғыстың бейнесін, өсіресе, қандай окиғалар ашады
деп ойлайсың?
3. Шыңғыстың қандай іс-әрекетін күптауға болады?
4. «Жанын, рухын сарбаздары жеңе алмаған» Қайыр
ханның ерлігіне бас иген Шыңғыс оны неге өлімге
қияды?
5. Өзіне көмектескен сатқынды ше? Ол әділ үкім бе?
6. Шыңғыстың хальщ ерлігін бағалай білуіне қалай
қарайсың?
7. Сатқынды Қайыр хан неге өлтірді? Оның әкесін
шақыртудың мәні неде?
8. Қайыр ханның бейнесін ашатын қандай сөздер, қандай
істер деп ойлайсың?
9. Қандай істеріне сүйсінесің?
10. Өлім аузында түрып, халкын, болашағын ойлаған
батыр, ханға қандай мін<?здеме беруге болады?
11. Осы өлең арқылы ақын не айтқысы келген? Өлеңді
«Өрлік пен ерлік жыры» деп атауға бола ма?
12. Өлең тарихи шындыққа жакын ба? Тарих пөнінен
алған білімдеріңмен салыстыр.
13. Өлең идеясын ашып түрған, әсіресе, кандай окиға,
өлеңнің кандай жолдары деп ойлайсың?
14. Өлең неге «Отырар дастаны» деп аталған? Ол арқылы
еткен тарихымыз туралы айтуға талаптан.
Әдеби талдауды практикалык. жүмыс арқылы да жалғастыруға болады. (Мүндай жүмыс, әсіресе, өдебиетті тереңдетіп оқытатын сыныптарға өте пайдалы.)
1. Өлеңнен халык, халық ерлігі туралы сөздерді тауып,
өлеңдегі бас кейіпкер кім екенін сарала? (Шыңғыс,
Шағатай сөздерін де алуға болады.)
2. Шыңғыс зүлымдылығын ашатын сөздерді теріп алып,
ол сөздердің мөніне, яғни оның бейнесін ашудағы рөліне, маңызына назар аудар.
3. Қайырды бағалайтын, сатқынды кінәлайтын сөздерге
де назар аудар. Осыған орай, Шыңғыс туралы қандай пікір айтар едің?
4. Монологтерді тап. Олардың кейіпкер бейнесін ашудағы
орнын сарала. (Мысалы, Қайыр, Шыңғыс, Қария монологтері.)
5. Қайыр бейнесін ашатын сөздерді тап, олардың маңызы
мен орнына тоқтал.
6. Қайырдың арманын баяндайтын жолдарды оқы. Ол
арманның негізгі мәнін қалай айтып берер едің?
7. Осы өлеңдегі өзіңе үнаған сөздерді белгілеп, үнау
себебін түсіндір.
8. Түсінбеген сөздерді де белгілеп, үстазыңнан сүрап, біліп ал.
Е с к е р т у: Сабакта бұл сұрактар мен тапсырмалардьщ барлығын камту міндетті емес, өр мұғалім балалардьвд ерекшелігіне карай өзінше сұрыптап алуларына болады.
Үйге берілген тапсырма аркылы рөлге бөліп жаттауға, көрініс жасауға талаптандыруға болады.
Сюжетті өлеңдерді оқытудың жолдары көп. Әр мүғалім алдындағы шәкіртін, өз мүмкіндігін ескере отырып, тиімді деген әдіс-тәсілдерді колданады. Жоғары сыныптарда сюжетті елеңдер Сәкен, Міржакып, Бейімбет, т.б. шығарма-шылығында кезігеді. Бағдарламада оларды оқыту үсынылса, мүғалім төменгі сыныптардағыдай монографиялық жолмен талдап оқытпай, көтерген проблематикасы, тарихи негізі, поэтикалық тілі айналасында сөз ету керек. Яғни ғылыми талдау жасауы қажет.