Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту

Публицистикалық шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Өрине, өр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы еңбектерін оқуға ұсына алады. Мысалы, Ы.Алтынсариннің оқу-білім жай-ындағы мақалаларын, С.Торайғыровтың «Қазақ кітаптары жайында» атты мақаласын, М.Дулатовтың мақалаларын, эпистолярлық жанрдың бір түрі — естелік-мақалаларды, хаттарды ұсынуға болады. Ғылыми макалалардан Ш.Уәлиха-нов еңбектері бағдарламада көрсетілген. Ал әдеби-сын мақалаларды, әсіресе, М.Әуезовті (оның Абайтану ғылымы-ньщ негізін салушы екенін) Абай шығармаларын оқытқанда, қосымша материал ретінде ұсынып, оқытуға болады. Сабақтың ғылымилығын арттыруда, білімді тереңдетіп беруде, әсіресе, сын-зерттеу еңбектерінің орны ерекше. Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мөселелерге назар аудартады, суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол жолдағы кедергілер, куаныш-ренішін; Шоқан-ның орыс достарына жазған хаттарынан оның дала тағыларымен күресі, патшалық самодержавие шенеунік-терінен керген өділетсіздігі, тіпті кала берсе, демократ-тьщ, ағартушылық, гуманистік бетбейнесі туралы біле түсеміз.

Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері

7-сыныпта Ұлы Отан соғысының құрбаны, жалынды, өрі патриот-публицист Баубек Бүлқышевтың «Шығыс ұлына хаты» оқуға, талдауға үсынылған. Хаттарды оқытуда мына мөселелерге көңіл бөлген жөн:

1. Жанрлық, композициялық ерекшелігін аңғарту (басқа

шығармаларымен салыстыра отырып).

2. Хаты арқылы хат иесінің кәңіл күйіне назар аударту.

Мысалы, «Шығыс үлына хат» аса көтеріңкі көңіл күймен,

асқан сеніммен, халқына, бүкіл Шығыс үлына арнау мөнінде

жазылған. Хаттың ерекшелігі — жалынды үнінде, Шығыс

үлымен сырласу сипатында.

3. Хаттың мазмүнын меңгерту айналасында темендегідей

жүмыс жүргізу керек:

а) Мүғалімнің мәнерлеп оқуы, оқи отырып, түсінік беру, ең басты, түйінді мәселелерге көңіл бөлгізу. Бүл жүмыста мүғалімнің алдын ала жазып әкелген кесте-плакатын пайдалануға болады.

Үлгі: Мына нәрселерге көңіл бөл:

— Хаттың канды майдан кезінде Шығысұ арналып

жазылуы, Шығыс үлымен сырласа жазылуы.

— Хат жазу, яғни «Шығыс үлына» деп хат жазу себебі —

Бейсенәлінің ерліктері, оны командирдің «Шығыс үлы» деуі.

— «Отан деген — бір-ақ сөз». Оған төнген қауіп.

— Ана аманаты. «Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз!» —

деген солдат анты.

— «Елім-ай» өні — ер анты, ер серті. Ол фашистерді күр-

туға, аттануға шақырады.

— Кішкене бөбек, артта өсіп келе жатқан жас буын…

Оның жауынгерлерге әл-куат беруі, үміт нүрын себуі.

— Шығыс үлы — Тарғын, Қобыланды, Махамбет, Абайлар

үрпағы.

— Қазақ халкы — «намысқой»; «Өлімнен ұят күшті», —

дейтін хальщ. Панфиловшы 28 батырлар ерлігі — Шығыс үлына үлгі.

— Шабуылга шығу, жеңіс шабуылына шығу.

ә) Тақырыптың түйінді мөселесі жазылған бүл көрне-кілікті басшылыкка ала отырып, мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, сүрактар қоя отырып, ізінше мазмүндату жүмыстарын жүргізу;

б) өз беттерімен окуға, ойлана отырып, іштей окуға

жағдай жасау. Бүл жүмыста оқушы көрнекіліктегі

дараланып көрсетілген тақырыптың түйінді дәнін хаттан

тауып, белгілеп отырады;

в) Қайталап, дауыстап окыту. Оқу барысында негізгі

мәселелерге тоқтап, мазмүндай отыру, түсіндіру, сүрақ-

жауап төсілін пайдалану.

г) Окушы қалауы бойынша өздеріне үнаған жерлерін

жаттап алуға үсыну.

Сүрақтар мен тапсырмалар:

1. Хат кімдерге арналған? Шығыс ұлы кім?

2. «Дөу караның» ерлігі туралы не жазылган?

3. Оны неге «Шығыс ұлы» дейді жауынгерлер?

4. Ана, Отан аманаты туралы не айтылған?

5. «Елім-ай» өнінің мәні неде? Хат иесі жауынгерлерді сол әнді айтуға

неге шақырады?

6. Хатта жауынгерлер басынан кешірген ауыр күндер туралы не

айтылған?

7. Досына кандай талап қояды?

8. «Жаман солдат болуға құқымыз жоқ!» — дейді. Осы сөздің

мағынасын түсіндір.

9. Хатта казактың кандай касиетті ұлдарының аты аталған? Хат

иесі олардын. есімін неге келтірген?

10. «Өлімнен ұят күшті» деген халық макалы аркылы хат иесі не

айтпақшы болған?

11. «Мьщты бол, Шығыс ұлы» дейді, осы сөздің мәнін түсіндір.

12. Мазмүнын меңгерту жүмысынан кейін идеялык проблема-

тикасы, тіл ерекшелігіне, жанрлық ерекшелігіне талдау жасау.

Мүғалім өңгімесі, түсінігі мына мәселелерді қамтуы керек:

1. Баубек Бүлқышев туралы әңгімелеу, оның жалынды

серкесез шебері, патриот болғандығын айту. Оның жазушы

Мүкан Иманжановпен ерекше достығын үлгі ету. Соғыстағы

ерлігіне тоқталу. Басқа да шығармаларына қысқаша шолу

жасау. Бүл кіріспе әңгімеде оқушыларды қызықтыру үшін,

фотосуреттер (Баубек туралы), пікірлер, қосымша материал-

дарды пайдаланудың тиімділігі зор.

«Шығыс ұлына хаттың» жанрлык ерекшелігін еске

алып, әрі мүндай шығармалардың балаларға бірінші рет кезігіп отыруы себепті, әдеби-теориялық үғым беру (эпистолярльщ жанр туралы).

3. Пікірлесу, әңгімелесу өдісі арқылы окушыларды

хаттың негізгі идеясы, ойына үңілдіру.

Әңгімелеу сұрақтары:

— Қалай ойлайсыңдар. Баубек хатының маңызы, мәні

неде? Не айтпақшы болған?

— Айтар ойын, мақсатын неге хат арқылы берген? Неге

осы жанрды таңдап алған?

— Хатты қандай кеңіл күймен жазған? Оның хат идеясын

ашуда маңызы, рөлі бар ма?

— Хат арқылы Баубекке мінездеме бер.

4. Хаттың көркем тіліне, стиліне, тәрбиелік мөніне

тоқталу.

Пікірлесу сүрақтары, кітаппен жүмыс:

— Көріп отырғандарыңдай, хат сырласу ретінде, арнау

ретінде жазылған. Осы көркемдік тәсілді автор не себепті,

қандай артықшылығына бола таңдаған?

— Хаттан көтерінкі леппен шакыру, үндеу мәнінде

жазылған жалынды сөздерді табу, олардың пайдалану

орнын, ондағы стильдік маңызын дәлелдеу.

— Хальщ мақал-мәтелдерін тауып, олардың хаттағы

маңызы, пайдаланылу мақсаты туралы пікір айту.

— Жауынгерлер ерлігі, патриотизмі, серті, болашаққа

сенімі қандай сездер арқылы берілген (мәтіннен үзінді

алады).

— Баубек бейнесін ашатын, хат иесінің кім екенін

танытатын сездерді, ойларды тап.

— Лепті сөйлемдерді тауып, оның маңызына, хат идеясын

ашудағы орнына тоқтал.

— Патриотизмге, оптимизмге толы хат жолдарына үңіл.

Хат иесін романтик деп айтуға бола ма? Болса, оны дәлелде

(хаттан үзінді алады).

Публицистикалык шығармаларды, өсіресе, хаттарды оқытуда оқушылардың көңіл күйі, сезіміне әсер ету ерекше назарға алынады. Осы хат олардың Отан сүйгіштік сезіміне, қазақ жауынгерлерінің ерлігін мактан ету сезіміне, батырлық, ерлікті мүрат етулеріне, хат иесіне деген күрмет сезімдеріне әсер етеді. Хатты талқылау алдында соғыс кезіндегі өндерді тыңдау немесе согыс туралы фильмдерден қысқаша үзінділер көрсетудің маңызы ерекше (мысалы, «Жеңіс парады» немесе «Төлеген Тоқтаров» фильмдерінен, т.б.). Бір-біріне хат жаздыру, ерлік, батырлық туралы, не сол Баубек Бұлқышев жайында немесе осы хаттан алған әсері туралы сырласу, арнау хаттарын жазгызуга болады. Өздеріне үнаған жерлерін жатқа айтқыза білу де тиімді әдіс. Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ш.Уөлихановтың, Ы.Алтынсариннің, С.Торайғыров, М.Дулатов, т.б. ақын-жазушылардың маңызды проблемаларды көтерген мақала-лары мен хаттарын сыныпта, сыныптан тыс уақытта оқы-тудың маңызы зор. Хаттарды көбіне сыныптан тыс уақытта белгілі бір мақсатты көздей оқыту керек. Мысалы, Ш.Уәли-хановтын Ф.Достоевскиймен, т.б. жазысқан хаттарын бергенде, мынадай тапсырмаларды орывдатуға болады:

1. Ш.Уәлихановтың саяси көзқарасын саралау.

2. Демократтық, ағартушылык бағыттағы іс-әрекетте-

ріне назар аудару.

3. Гуманизмі, адамгершілік тұлғасы, зиялылығын

сараптау.

Оқушыларды тезис-жоспар, жауаптарының тезистерін жасауға, үзінді, дәйектеме ала отырып, оны жауаптарына тиімді пайдалана білуге баулу. Оны мынадай кестелік тапсырмалар түрінде орындатуға болады:

Е с к е р т у: Баска да мінездемелеріне катысты осындай жұмыстар жүргізуге болады. Шоканның «Сот реформасы» туралы макаласын оқытканда, мынадай әдіс-тәсілдер тиімді болмақ:

а) Мазмұнына қарай тақырыпшаларға бөлу (кейде абзац аркылы жүзеге асыруға болады).

ә) Мына үлгіде тезис-аннотация жаздыру:

Тезис Аннотация

Экономикалык, әлеуметтік реформаның кажеттілігі «Әрбір адам, адамзат баласы, түпкілікті бір мақсатка ұмтылады. Ол мақсат -өзінің тұрмысын жаксарту. Прогресс -дегеніміздің өзі — осы. Реформа да сол үшін керек»

б) Жауаптарының тезистерін жасаттыру.

в) Ең басты, мөнді мәселелерін бөліп ала білу, түжырым-

дап айта білу, жауабының ішінде дәйектемелеп, үзінділер

келтіріп отыру.

г) Негізгі мәселелерге орай, түжырымды, мәнді сүрақтар

ойластыру.

д) Баяндама, лекция, реферат, т.б. жасау, семинар өткізу

(яғни мақаланың ең басты проблемасының айналасында).

Мысалы, «Шоқан — түңғыш заңгер» немесе «Шоқанның заң

туралы демократтық, гуманистік, ағартушылық көзқарасы»,

т. б. такырыптарда.

Мақалалардың өзіндік ерекшелігі — олардың әрқайсы-сында жазылып отырған уақытына сай белгілі бір пробле-малардың көтерілуі. Сондықтан мүғалім сол ең басты мөселеге ерекше назар аударып, оқушы санасына жеткізуді ойластыруы керек. Оқушыларды да мақала жазуға баулып, шығармашылык кабілеттерін дамытуға талаптандырудың еш артықтығы жок.

Мысалы, «Түңғыш заңым — тәуелсіздік айғағы» (жаңа Конституция бойынша), «Тіл туралы заң — ар туралы заң», т.б. тақырыптарға мақала жаздыру тек икем-дағдыларын жетілдіріп қоймайды, ең бастысы, қоғам, өмір сүріп отырған ортасының өміршең мәселелеріне селсок карамай, азаматтық үнін естірте білуге де баулиды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *