Серілік романның қалыптасуы. «Тристан и Изольда»

Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.

 Дантенің дүние жүзіне даңқы шыққан әйгілі шығармасы «Құдіретті комедия» (1307-1321). Бұл поэманы орта ғасырлық мәдениетінің көркем синтезі деп санауға болады. Әдебиетке Данте орта ғасырдың ақырғы ақыны және жаңа заманның алғашқы ақыны болып кіреді. Бұл Италия қоғамының өтпелі дәуірін жан-жақты сипаттаған, бүкіл орта ғасырлық мәдениеттің философиялық-көркемдік түйіні іспеттес шығарма Данте өзі мұны комедия деп қана атаған, ал «құдіретті» деген сөз 16-ғ-да қосылды. «Құдіретті» деген сөз Данте поэмасының діни мазмұнын емес, оның поэтикалық шеберлігін көрсету үшін қолданған.

            Комедия «Тамұқ», «Күнәдан тазару» («Ғарасат майданы»), «Ұжмақ» деп аталатын 3 үлкен бөлімнен (кантика) тұрады. Әр бөлімде 33 жыр бар. «Тамұқ» бөліміне қосылған 1 жырмен барлығы 100 жыр. Поэма 3 жол терцинамен жазылған. Оның композициясында 3 және 9 деген сандар көп кездеседі. Олардың мистикалық мәні бар. Бұл сандар христиандық діннің символдары болып табылады. Мысалы, Дантенің «Жаңа өмір» шығармасында 9 деген санға байланысты ақынның жеке өмірінде болған ең маңызды оқиғалар бейнеленген.

           Поэманың фабуласы ортағасырлық клерикалық әдебиетте көп кездеседі. Бұл ол дүниенің құпиясын білгісі келген адам туралы әңгіме. Ондай тақырып Батыс Еуропа, ежелгі орыс және шығыс әдебиеттерінде кездеседі. ХІІ ғ. өмір сүрген араб ақыны Абенарабиде Дантенің поэмасына ұқсас шығарма болған. Данте араб тілін білген жоқ және ол кезде Абенарабидің шығармасы итальян тіліне аударылған жоқ, сондықтан Данте Абенарабидің шығармасына сүйенді деген пікір орынсыз.

         Антик жазушылардан Данте поэмасының жазылуына үлкен ықпал жасаған Вергилий. Оның «Энеидасында» қайтыс болған әкесін көру үшін Тартарға түскен Эней батыр туралы баяндалады. Данте Вергилийдің тек қана сюжеттік детальдарын емес, оның өзінің бейнесін де пайдаланған. «Құдіретті комедияда» жер үстіндегі ақыл-ой бейнесіндегі Вергилийдің жетегімен күнәһар адамзат өкілі Данте тамұққа түседі. Одан күнәдан тазартатын тауға шығып, күнәдан тазарған соң, Беатриченің («құдіретті ақылдың» символы) жетегімен ұжмаққа кіреді, сөйтіп өмірін мәңгі бақи рақатта өткізеді.

 «Құдіретті комедия» орыс тіліне бірнеше рет аударылды. Ең соңғы аударған М.Лозинскийге 1946 ж. СССР мемлекеттік сыйлығы берілді. Ақын М.Мақатаев «Комедияның» 1-бөлімін қазақ тіліне аударды, ол 1971 ж. жеке кітап болып шықты.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *