Гомер шығармашылығы «Илиада», «Одессей» поэмаларының шығу тарихыАнтика дәуір әдебиеті. Антика драмасы, алғашқы театрлар. Трагедия, комедия.

 

Илиада» және «Одиссея» поэмалары антикалық әдебиетте Гомер атты зағип ақынмен байланысты. Антикалық әдебиетте Гомерге байланысты сұрақ өте көп. Ол туралы ешқандай дерек сакталмаған. Гомер деген кім, қайда туып-өсті? Гомердің аты аңызға айналған, оның өмірбаяны да таласты. Гомердің туған жері де белгісіз. Антикалық әдебиетте Гомердің атамекені деп жеті қала аталған, соның ішінде Троя. «Гомер» деген сөздің өзі ерте заманда кішіазиялық гректерде «соқыр» деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген.

       Кейбір антик ғалымдарда «Илиада» мен «Одиссея» екі автордың шығармасы деген пікір болған. Ғалымдардың көпшілігі екі поэманы Гомердің атымен байланыстырады. Мұндай қарама-қарсы пікір «Илиада» мен «Одиссеяның» стиліне байланысты. «Илиаданың» стилі көтеріңкі де, «Одисеяның» стилі жайлы болып келеді. Оны зерттеушілер былай деп түсіндіреді: «Илиаданы» ақын жас шағында, ал «Одиссеяны» қартайған кезде шығарған. Поэмалардың әрқайсысы жеке ақынның қолынан шыққан дегенге ешкімнің күмәні жоқ. Тек «Илиада» мен «Одиссеяны» жазған бір адам деген пікір таласты болды.

       Антикалық әдеби сынның қойған екінші сұрағы: поэмалардың сол алғашқы түрінде сақталуы. Гомер жазуды білмеген, сол себептен оның шығармалары ауызша, тек қана жыршылардың есінде сақталған. Писистраттың арқасында бөлек-бөлек өлеңдер жиналып біріктірілді (б.д.д.VI ғ.). Жазусыз заманда мұндай үлкен поэмаларды шығару мүмкін емес, «Илиада» мен «Одиссея» бөлек өлеңдердің жинағы деген пікір болды (Вольф). Вольфтың ойынша, поэмаларға кірген өлеңдердің көпшілігі бір жыршының шығарғанына жатады, ал қалған өлеңдер – кейінгі ақын-жыршылардың қосқандары.

       Германның теориясы бойынша, «Илиада» мен «Одиссеяның» негізінде екі кішкентай эпос жатыр. Кейінгі жыршылар сол эпостарға жаңа материал қосып, оны ұлғайтты, дейді Герман.

       В.Г.Белинскийдің айтуы бойынша, «Илиаданы» рапсодтардың жинағы деп қарауға болмайды, себебі оның көркемдік бірлігі соншалық. Сонымен қатар, Гомер эллиндік өнердің өмірі мен өнеріне мәңгілік ескерткіш тұрғызу үшін азды-көпті дайын материалды пайдаланды дегенге де сенуге болады. Лирика – көркем әдебиет тегінің бір түрі (эпос, лирика, драма). Лирикада автордың дүниеге қатысы, көзқарасы оның сезімін, ойын, көңіл-күйін, ынта-ықыласын суреттеу, бейнелеу арқылы көрсетіледі. «Лирика» деген термин соңғы кездерде шыққан. Ерте кездерде бұл термин «мелика» деп аталған (melos — өлең). «Мелика» деп ішекті аспаппен қостап айтатын өлеңдердің түрі саналатын. Көбінесе сол өлеңдерді жетішекті лирамен қостап айтқан, сондықтан олар кейін «лирика» деп аталып кетті.

       Антикалық классификация бойынша грек лирикасының үш түрі бар. Олар:

1) элегия,

2) ямб,

3) мелика немесе лирика.

Мелика өз алдына тағы екі категорияға бөлінеді: монодикалық (жеке адаммен орындалатын) және хор лирикасы.

       Элегия деп Кіші Азияда жоқтауды айтатын болған, көне Ионияда элегия деп өсиет мәнді, маңызды іске шақыратын, әр түрлі ой туғызатын лирикалық өлең саналатын. Ямб деп егіншілік мейрамдарында бір топ адам немесе бір адамға қарсы айтылатын өлеңдер айтылған. Бұл өлеңдер мазмұн жағынан сайқымазақ, дөрекі болып келеді.

       Лириканың негізгі тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Бұл тақырып ежелгі ақын-әйел Сапфоның өлеңдерінде бейнелеуін тапты. Лесбос аралының тұрғыны Сапфо өлеңдері махаббат, сұлулық, нәзіктілік, табиғат тақырыптарына арналған.

       Грек лирикасының ямб түрінің өкілі – Архилох (б.з.б. 7 ғ. ортасы), көне Иония әдебиетінің ірі өкілі. Оның шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Архилох туындыларынан оның жалынды жыршы болғаны байқалады. Архилох поэзиясы адамгершілік, ерлікке арналған. Өз заманында Архилох ұлы лирик деп бағаланған.

      Анакреонт (б.з.б.570-478 жж.) – ежелгі грек ақыны, Кіші Азиядан шыққан. Шығармаларының тақырыбы – махаббат, шарап, сауық-сайран. Бұл тақырыптағы өлеңдер кейін Анакреонт поэзиясы атанды. Анакреонт поэзиясы – махаббатты, шарапты, шаттықты жырлайтын көңілді, жеңіл лирика жанры. Анакреонт поэзиясы Еуропа әдебиетінде Қайта өркендеу және Ағарту дәуірлерінде кеңінен тараған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *