Ерте орта ғасыр (Х-ХІІ ғғ.) түркі жазба ескерткіштеріндегі дүниетаным және оның қазақы танымдағы орны

Ерте орта ғасыр (Х-ХІІ ғғ.) түркі жазба ескерткіштеріндегі дүниетаным және оның қазақы танымдағы орны

1. Ортағасырлық түркі ескерткіштері – қазақы танымды қалыптастырған қайнаркөздердің бірі.

2. Қожа Ахмет Йассауидің «Хикмет» өлеңдер жинағының тілі, оның қазақы танымға қатысы.

Дәріс мақсаты: Орта ғасыр (Х-ХІІ ғғ.) түркі ескерткіштерінде айшықталған дүниетанымды айқындау және оның қазақы таныммен байланысын көрсету.

1. Х-ХVІ ғасырлардағы кезеңде, оның ішінде Х-ХІІ ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді. Бұл кезде Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың ана тілі мен әдебиеті өркендеді; қыпшақ, оғыз, қарлұқ, ұйғыр халықтарының тілдері негізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты, жазба ескерткіштер дүниеге келді. Олар: Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі» (ХІ ғ.), А.Йүгнекидің «Хибатул хақайық» (ХІІ ғ.), Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» (ХІ ғ.), Қ.А.Йассауидің «Диуани хикмет» (ХІІ ғ.) атты шығармалары. «Оғыз наме» («Оғыз-қаған» эпосы).

2. Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани хикметі»

Қ.А.Йассауи – сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. «Диуани хикмет» («Парасаттылық» немесе «Даналық кітабы») атты өлеңдер жинағы — түркі халықтарының ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіші. «Даналық кітабын» зерттеуші М.Ф.Кепрүлү–заде, А.К.Боровков, А.Н.Самойлович, Е.Э.Бертельс, Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, Г.Ф Благова т.б. «Диуани хикметтің» қазақ тіліне тәржімалануы: М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи, Р.Сыздық, Б.Сағындықұлы т.б.

«Диуани хикмет» — исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа, бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикметтің» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы.

  Йассауи кейінгі ғасырларда «Хазрат Султан арафин», қазақтар арасында «Әзіреті Сұлтан» атанған. Алдымен лексика саласына келсек, Ясауи тілінің негізіне оғыз-қыпшақ тобында сөйлейтін ру-тайпалардың тілі жататындығы көрінеді. «Хикметтердің» сөздік қазынасы үш қабаттан тұрады:басым қабаты – түркі сөздері, қалғандары араб пен парсы сөздері. Лексикасының түркі қабаты қыпшақ тілдеріне, оның ішінде ХІІ ғасырдағы жергілікті халықтың сөйлеу тіліне негізделгенін дәлелдейтін фактілер, біздіңше, мыналар сияқты: 1) түркі сөздері з, д дыбысты емес, й дыбысты тілдікі, мысалы: айақ (азақ, адақ емес), игем (іді, ізі емес), қой (-қоз,-қод емес); 2) ортағасырлық, тіпті кейінірек кезеңдерге жататын «Мұхаббатнаме» сияқты ескерткіштерде көбірек ұшырасатын архаизмдер мұнда кемде-кем кездеседі; 3) архаистік тұлғалардың сол кездегі параллельдері қатар кездеседі: ай-/ айт, елкім тутуб/қолум тутуб т.б.; 4) түркі сөздерінің ішінде жазба тілдің қарлұқ-ұйғыр дәстүрінен сақталған бірен-саран тұлғалар сол кездегі оғұз-қыпшақтық параллельдерімен қатар кездеседі: йавуқ-йақын, кечә-күндүз/түн-күнт. т.б.

Глоссарий: ортағасырлық кезең, ортағасырлардағы түркі ескерткіштері, араб жазуы, ұйғыр жазуы, түркі ескерткіштерінің тілдік сипаты.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *