Көне түркі тіліндегі Кісі//Адам концептісі құрылымындағы тілдік бірліктер

Көне түркі тіліндегі Кісі//Адам концептісі құрылымындағы тілдік бірліктер

1. Кісі//Адам этноконцептісінің Елдік позициясын танытатын тілдік бірліктер.

2. Кісі//Адам этноконцептісінің Жауынгерлік позициясын танытатын тілдік бірліктер.

3. Кісі//Адам этноконцептісінің Адамгершілік позициясын танытатын тілдік бірліктер.

Дәріс мақсаты: Көне түркі дәуіріндегі когнитивтік санадағы Кісі//Адам концептісін айшықтайтын тілдік бірліктерді талдау.

1. Кісі//Адам этноконцептісінің Елдік позициясын танытатын тілдік бірліктер.

Ескерткіштер тілінде Түрк будыны/Түркі халқы тіркесінің жиі қолданылуы, мәтін мазмұны жекелеген адамдардың емес, тұтас қауымның мүддесі – елдің береке-бірлігі мен ынтымағы, ұрпақ болашағы, түркі халқының абыройы мен намысы, өзге халықтар алдындағы беделі – түркілер үшін жеке адам – қауым, әлеумет оппозициясының тірек моделі Мен//Біз дуализмінің көпшілдік позициясы түркі халқының басты өмірлік ұстанымы екенін көрсетеді. Көне түркілердің дүниетанымындағы көпшілдік позициясы елдік идеясына арқау болып, түркілік Кісі//Адам концептісінің этномәнін айқындайды.

Ескерткіштер тілінде ел/іл «мемлекет, ел, халық» мағынасын беріп, Түрк будын тіркесімен белгілі бір дәрежеде синонимдік мәнде жұмсалады.

«Оған еріп мен өзім де осылай етпесем, Ел де, халық та жойылар еді. Осылайша еткенім үшін. Менің де ұйғарғаным үшін Ел тағы да ел болды» (Тон, 55, 56).

Көне түркілердің дүниетанымындағы елдік позициясының доминант тілдік бірліктерін будун, түрк, жұрт, қағандық, қаған сөздері құрайды. Ал «түркілік патриотизмі» мәтіндік, мәнмәтіндік деңгейде анықталады.

Көне түркілерде өздерінің осал тұстарын да шынайы көрсететін сыни көзқарастың да қалыптасқанын тілдік деректер көрсетеді: «Бектерінің, халқының түзу еместігі үшін, табғаш халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгендігі үшін, інілі-ағалының дауласқанынан, бекті халықтың жауласқанынан түркі халқы елдігінен айрылды».

 Ескерткіштер мәтіндерінде түркі тайпаларын бір мемлекетке, Түркілер еліне топтастыру үшін жекелеген түркі тайпаларына да қарсы жорықтар ұйымдастырып, түркі тайпалары арасындағы араздықты басып, халықты біріктіру мақсатымен қыз беріп, қыз алысуға негізделген құдандалық дәстүрді пайдаланғандары баяндалады. Бұл да – көне түркілердің Елдік позициясын танытатын ұстанымдардың бірі.

 2. Кісі//Адам этноконцептісінің Жауынгерлік позициясын танытатын тілдік бірліктер.

Түркі тайпаларының көшпелі өмір салты жағдайында қалыпты тіршілік кешу үшін этноұжымдық сипаттағы мемлекеттік құрылым – Түркі Елінің елдігін сақтап қалудың басты тетігі – Жауынгерлік позициясын қалыптастыру және нығайту болғаны ескерткіштер мәтіндерінде көрініс тапқан. Жауынгерлік қайтпас қайсарлық VII-IX ғғ. түркілерінің адами болмысының негізгі сапасын құрайды. Көне түркілердің жаугершілік замандағы ерліктері мен жеңіске жету жолындағы әскери стратегиясы Орхон мұраларында кеңінен орын алған: «Төңкер-тауда шабуылдап жауладым… үш түмен қолды қырдым … бір болса … талқандадым…»

Адамзат тарихында жауласқан елдердің арасындағы адамды кепілдікке алу, жеңген елдің жеңілген елдің қыз-келіншектерін олжалауы көне түркілерде де болғанын көреміз.

Ұлан ғайыр даланы мекендеген түркі халқы үшін жылқының орны ерекше болғаны мәлім. Жылқы олардың тек бейбіт өмірдегі серігі ғана емес, жаугершілік жағдайда жеңіске жетудің басты атрибуты болғаны заңдылық.

Мысалы, Күлтегіннің бірнеше аты, тұлпарлары туралы деректер ескерткіштер мәтіндерінде бар: «Іділ ақ», «Қарлұқ жирен», «Тадықан Чордың боз аты», «Ышбара қолбасының боз аты», «Байырқының ақ айғыры», «Басқы боз», «Алып чалчы ат», «Азбан ат», «Аз қаракер», «Енесіз ақ» т.б.

Бұлардың бәрі «Ат – ер қанаты» деген ұғымды айғақтайды.

2. Кісі//Адам этноконцептісінің Адамгершілік позициясын танытатын тілдік бірліктер.

Адамгершілік идеясы Адам болудың басты талаптарының бірі этикалық норма қалыптарды сақтауға негізделеді. Адамның кісілігі оның адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатындықтан, көне түркілер танымындағы тұлға категориясы да жалпыадамзаттық тұлғаның талаптарына толық жауап бере алатынын индивидтер арқылы аңғарамыз.

Көне түркілердің дүниетанымындағы адамгершілік қасиеттердің бірі – қайырымдылық: «Жалаңаш халықты тонды, жарлы халықты бай, аз халықты көп қылдым». Мұнда қағанның халқына деген қайырымдылығы анық берілген.

Кісі//Адам концептісінің релятивті-бағалауыштық репрезентациясын жалаңаш // тонды, бай // кедей, аз // көп сын есімдері аңғартып тұр.

Глоссарий: елдік, адамгершілік, жауынгерлік, азаттық идеясы.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *