Тақырыбы: Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Ерекшеліктері. Формалары.

Дәріс жоспары: 1. Тәрбиенің құрамдас бөліктері (бағыттары).

1. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

2. Ұлттық тәрбие. Ұлттық таным – тәрбиенің негізі.

Педагогикалық ғылымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы әдістемесы да өзіндік бағыт-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып, дамып келеді. Оның міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу.

Тәрбиені кешенді түрде жүргізу идеялық-тәрбие жұмысының бәрін жоғары өнімді еңбекке және белсенді қоғамдық-саяси қызметке қабілетті жан- жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруға бағдар тұтуды білдіреді. Жеке адамды жан- жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі — Өндірістік, қоғамдық-саяси, рухани, адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады. Тәрбие диалектикасы дегеніміз — жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға дайындау.

Тәрбиенің құрамдас бөліктері:

— Адамгершілік тәрбиесі;

— Патриоттық тәрбие;

— Ақыл-ой тәрбиесі;

— Құқықтық тәрбие;

— Еңбек тәрбиесі;

— Экологиялық тәрбие;

— Эстетикалық тәрбие;

— Экономикалық тәрбие;

— Дене тәрбиесі.

Адамгершілік тәрбие берудің негізгі мазмұнын патриотизм, көпшілдік және және гуманизм, еңбекке және қоғамдық меншікке деген көзқарас, тәртіптілік және ұйымшылдық, принципшілдік және өзіне сын көзімен қараушылық, шыншылдық және әділеттілік, жоғары жауапкершілік және қоғамдық парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Оларды қалыптастырудың алдың да қарапайым мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін меңгеру, өзін көпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады. Саналы тәртіпті тәрбиелеу тілалғыштық пен ұйымшылдық, дәлдік пен бастамашылдық, ұстамдылық пен белсенді шығармашылық іс-әрекет сияқты моральдық қасиеттер мен мінез сипаттарын қарастырады. Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен әділеттілік, қарапайымдық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болушылық сияқты адамгершіліктің өте қарапайым нормаларын сіңіру қажет. Адамгершілік тәрбиесін беру мазмұнында жігіттер мен қыздар арасындағы өзара қарым-қатынасты дұрыс орнату, оларды жеке өмірге даярлау едәуір орын алады. Адамгершілік тәрбиесі – белсенді процесс. Ол жағымды қасиеттерді қалыптастыруға ғана емес, жағымсыз қасиеттерді жеңуге, маскүнемдікке, бұзақылыққа, бейпіл ауыздыққа, тоғышарлық көңіл күйге, тұтынымпаздық психологияға қарсы шығуға бағытталатындықтан маңызы үлкен.

Патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері – Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық мақтаныш сезімін жетілдіруге, бейбітшілік пен демократия ісіне берілгендікке, кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев өз халқының патриоты ретінде оны халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданылып келе жатқан тақтық жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып өтеді.

Еңбекке тәрбиелеудің мазмұнында еңбекке әзірлікті бойға сіңіру, ойдағыдай еңбек ету үшін қажетті моральдық-еріктік қасиеттерді қалыптастыру үлкен орын алады. Еңбекке тәрбиелеу процесінде үнемшілдік сезімі дамиды, мектеп оқушылары халық игілігін сақтау және молайту мақсатымен қамқорлық жасауға үйренеді, мектеп бұйымдарын, оқулықтарды күтіп ұстайды.

Мектеп оқушыларының табиғатты қорғау жұмысына араласуы туған табиғатты білуді, оны қорғау жөніндегі шығармашылық және мақсатты еңбекпен үйлестіруге, оқушыларды табиғат байлықтарына ысырапсыз, шаруақор көзқараспен қарауға жәрлемдеседі. Сондықтан экологиялық тәрбие беру табиғи ресурстарды қорғауға және орынды пайдалануға дағдыландыруды мақсат етеді.

Құқықтық тәрбие беру мазмұнына құқықтық білім, құқықтық сенім және құқықтық мінез-құлық сияқты құрылымдық элементтер кіреді. Мектептегі жастарға құқықтық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдың алу шараларының бірі. Заңды білмеу оны бұзушының кіналарын жеңілдетпейтіні белгілі. Ол құқық бұзушылықтарды ақтай алмайды.

Қоғамның ғылыми-техникалық прогресс жағдайында экономикалық білім мен тәрбие үлкен мәнге ие болады. Бұл, ең алдымен, оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, экономикаға деген ынтаны ояту және жетілдіру, иегерлік сезімді тәрбиелеу. Экономикалық білім мен тәрбие берудің аса маңызды міндеті – баланы экономикалық, еңбек қарым–қатынастары саласына даярлау.

Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себеп болады. Эстетикалық тәрбие процесінде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әрекет–қылықтарындағы, өзара қарым-қатынастарындағы әсемдікті ұғына білудің маңызы үлкен. Адамгершілік ұғымдары мен тығыз байланысты адамдардың қарым- қатынасы, тәртіп, еңбек пен тұрмыс әсемдігі ерекше мәнге ие болады. Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онды болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланады. Мектеп оқушылары табиғаттағы, өнердегі, адами қарым-қатыстардағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыланады. Олар әсемдік заңы бойынша өмір сүруді үйренеді. Мектептегі кездің өзінде жігіттер мен қыздарды өздерінің эстетикалық талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға үйретудің маңызы зор.

Дене тәрбиесі дененің қалыпты жетілуін, денсаулықтың нығаюын қамтамасыз етуді, жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлауды көздейді. Дене тәрбиесі адамдарды еркі мықты, тәртіпті, батыл және бастамашыл, еңбекке және өз Отанын қорғауға дайын етіп қалыптастыруға көмектеседі.

Балаларға және жасөспірімдерге ұйымдастырылған тәрбиелік ықпалын кеңейтуге мектептен тыс мекемелердің де ролі зор. Олар әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізеді, оқушылардың демалысын ұйымдастыруға көмектеседі, олардың жан-жақты дамуына үлес қосады.

Бұқаралық ақпарат құралдары. Баспасөз, радио, теледидар, кино және ғаламтор желісі – идеологиялық ықпал етудің қуатты құралдары. Олар адамның өз бетімен білім көтеруіне және Өзін-өзі тәрбиелеуіне аса бай материал беруі тиіс. Алайда ғаламтор желісі, сонымен қатар, ақпараттың «тыйым салынған» түрлерін өте ашық және еркін пайдалануға мүмкіндік туғызатындықтан оны «теріс тәрби көзі» ретінде де тануға негіз бар. Елімізде газет-журналдардың оқырмандары негізінен орта жастағы және одан үлкен кісілер болса, жастар мен жасөспірімдер, тіпті мектеп жасына дейінгі балалардың басым бөлігі осы «ғаламтор шырмауығымен шырмалып жатқаны» белгілі. Сондықтан оңы мен солын тани қоймаған балаларды «ғаламтордың» теріс ықпалынан сақтау және қорғау үшін олардың санасына сәуле құйып, ұят, күнә, өтірік айту, жалғаншылық т.б. иманға қатысты негізгі ұғым-түсініктерді құлақтарына да, миына да сіңіру қажет (Көз ақысы, ұят нәрселерге қарау т.б.).

Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің мақсатты бағыттағы және Өзара байланысты қызмет процесінде жеке адам мен ұжымтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.

Тәрбие берудің көп факторлы процесс екенін есте сақтау керек. Ол тек мектепте емес, отбасында да, мектептен тыс мекемелерде де жүзеге асырылады. Тәрбие процесінің екінші ерекшелігі – оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке барардан көп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады. Тәрбие процесінің ұзақтығын оның нәтижесі бірден байқала қалмайтындығы да дәлелдейді. Мектеп оқушысы қысқа мерзім ішінде арифметика ережелерін жаттап, тарихи фактілерді, оқиғаларды, даталарды еске сақтай алады. Бірақ оны тез арада ұжымшыл, жақсы жолдас, сергек және қарапайым адам болуға үйретіп шығару қиын. Бұл ұзақ уақытты қажет етеді.

Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі – оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шартты түрде бірқатар кезеңге бөлуге болады. Бірінші сатысында балалар отбасындағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Оларда қарапайым сезімдер ояна бастайды және мінез-құлықтың аса қарапайым дағдылары бойға сіңеді. Екінші сатысында оқушыларда тәртіп туралы бастапқы ұғымдардың негізінде этикалық түсініктер қалыптасады, белгілі бір жағдайда дұрыс қылық көрсете білу, қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін сақтау дағдысы бойларына сіңеді. Сонымен бірге жағымды сезімдердің одан әрі дамуы және жағымсыз сезімдерді жеңу процесін жүріп жатады. Үшінші саты көзқарастардың қалыптасуымен, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға сіңуімен және сезімдердің одан әрі дамып, баюымен сипатталады. Осы сатыда мектеп оқушыларының идеялық, адамгершілік принциптерімен анықталған іс-әрекет уәждері әлдеқайда айқын көрініс береді. Бұл сатылардың арасында үзілді-кесілді шек болмайды, олар тығыз байланысты болады.

Тәрбие процесінің төртінші ерекшелігі – тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. Бұл тәрбие процесінде жеке адамның бір қасиетінің өзіне бірнеше оралып соғуға тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен-тек қайталау емес, жас шамалық ерекшеліктерге және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі кеңейту және тереңдету бағытындағы қайталау.

 Тәрбие беру процесінің бесінші ерекшелігінің мәні – оның екі жақты және белсенді процесс екендігі. Оны тәрбиеленушілерге педагогикалық ықпал жасаумен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі бесенділігін оятудың, ынта-жігерін жұмылдырудың, олардың дербестігін дамытудың маызы үлкен. Тәрбие процесінің алтыншы ерекшелігі – онда балалар ұжымы мен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізудің үлкен орын алатындығы А. С. Макаренко «тәрбие беру жұмысы, ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы» деп кездейсоқ айтпаған. Тәрбие процесінің ұйымдастырушылары ролін мектеп басшылары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар, сынып жетекшілері, мұғалімдер атқарады. Олар оқушылар ұжымдарының, ұйымдарының іс-әрекеттеріне бағыт береді, бала тәрбиесіне ата-аналар мен жұртшылықты тартады. Тәрбие процесінің тиімділігі көбіне мұғалімдердің тәрбиенушілік күш-жігерін үйлестіруге, оқушылар ұжымында дұрыс қарым-қатынастар тудыруға, оқушылардың үлкендермен және өз құрбыларымен араласу сипатына да тәуелді. Мұның бәрі педагогтік шеберлікті, тәрбиелеу өнерін меңгеруді талап етеді. Тәрбие нәтижелері көбіне тәрбиешінің жеке басына, оның тәрбиеленушілермен қарым-қатынастарының сипатына тәуелді екені белгілі.

Тәрбие процесінің жетінші ерекшелігі – оның нәтижелерін сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай көзге тез түспейді. Тәрбие берудің аяқталғанын аңғару және анықтау қиын. Жеке адамның кез-келген рухани қасиеті шексіз дамып, жетіле беруі мүмкін.

Тәрбие процесінің сегізінші ерекшелігі – оның болашаққа ұмтылған іс-әрекет болатындығында. Тәрбие міндеттері мен мазмұнын ашып көрсету кезінде қоғамдық даму перспективаларының өз беттерімен өмір сүруге аяқ басатындықтарын, қоғамдық қарым-қатынастарда қазіргіден белгілі бір айырмашылығы болуы мүмкін екенін ескеру керек. Сондықтан тәрбие процесін бүгінгі ғана емес, ертеңі күн міндеттері мен қажеттіліктерін негізге ала отырып құру керек. Әрине, мектеп алдың да тұрған ағымдағы міндеттері ұмытпауы керек. Дегенмен, қазіргі кез талаптарын ескере отырып, перспективалық міндеттерді есте ұстау, қоғам дамуының негізгі үрдістерін көре білу керек.

К.Д.Ушинский қарастырып, күнделігіне жазып қойған мінез-құлық ережелері ерекше назар аударуға тұрарлық. Оған мынадай пунктер енген;

1. Өте байсалдылық, тым болмаса сырттай байсалдылық.

2. Сөз бен қылықтағы туралық.

3. Ойланып әрекет жасау.

4. Батылдық.

5. Қажетсіз жерде өзің жайлы бір де бір сөз айтпау.

6. Уақытты саналы өткізу; кез келген іспен емес, көңілің ауған іспен айналысу.

7. Құмарлықпен емес, қажетті немесе ұнамды нәрсеге шығындау.

8. Әр күннің соңында саналы түрде өз қылықтарың жайлы есеп беру.

9. Ешқашан болып өткен, болып жатқан, келешекте болатын нәрсені мақтан етпеу.

10. Осы журналды ешкімге көрсетпеу.

Ережелерде нені тәрбиелеу керек екендігі ғана емес, қалай тәрбиелеу керек екені де көрсетіліп отырады. Олар мінез-құлықтар әрекеттері кейпін анықтайды, шынайы мінез-құлықты осындай болса екен дейтіндей мінез-құлықпен салыстыруға мүмкіндік береді.

Моральдік сезімдерді жетілдіру, әдет қылықтарын бойға сіңіру:

— Адамгершілік тәрбиесі;

Қоғамдық пайдалы еңбекке, кәсіпті саналы түрде таңдауға даярлау:

— Еңбек, кәсіптік бағдар беру;

Тәрбиелеу – қоғамдық тәжірибені игеру барысында қалыптасатын тұлғаның белсенді іс-әрекетін ынталандыру және ұйымдастыру бағытталған және саналы түрде жүргізілетін педагогикалық процесс.

Тәрбие мақсаттарын анықтауға әсер ететін жалпы факторлар:

— Қоғамның қажеттіліктері.

Өскелең ұрпақты өмірге дайындау барысында алдың -ала болжанатын нәтижелер:

— Тәрбие мақсаты.

Адамның рухани қасиеттері мен дене қабілеттері

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *