1. Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліг» еңбегіндегі түркілік дүниетаным.
2. А.Йгүнекидің «Һибатул Хақайық» еңбегіндегі түркілік дүниетаным.
Дәріс мақсаты: орта ғасырларда түркіше жарық көрген Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліг» және А.Йгүнекидің «Һибатул Хақайық» атты еңбектеріндегі түркілік дүниетанымды айғақтайтын тілдік бірліктерді талдау.
1. Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліг» еңбегіндегі түркілік дүниетаным.
Ж. Баласағұн — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы, ғылымы, белгілі қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастанының бізге үш нұсқасының — Вена (яки Герат), Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігі. Дастанды зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, бастырып шығарушылар: Ж.Амадес, Г.Вамбери, В.В.Радлов, Е.Э.Бэртельс, А.Валитова, С.Е.Малов, С.Муталлибов, К.Каримов, С.Иванов, А.Егеубаев, Б.Сағындықов т.б.
«Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат.
«Құтты білік» — дидактикалық дастан. Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш. «Құтты білік» дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт қаһарманының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазатын хаттарынан тұрады. Дастандағы ел басқарған әкімдер бейнесі. Ел басқарған әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Патшалар, уәзірлер, қолбасшылар, елшілер, ғалымдар, саудагерлер, дихандар, малшылар, қолөнер шеберлері, аспаздар, түс жорушылар, тәуіптер,т.б. қоғамдағы рөлі жөніндегі дастан авторының ой-пікірлері.
Дастанда ел басқаратын әкімдерге қойылатын талаптар: әділдік,ақыл- парасат, өнер білімге жетік болу, ниеті түзу, сөзі шырын, пейілі кең, кек сақтамайтын болу. Дастандағы ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, мейірімділік, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу т.б. мәселелері.
2. А.Йгүнекидің «Һибатул Хақайық» еңбегіндегі түркілік дүниетаным.
А.Йгүнеки — ХІІ ғ.есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын. Дастанды зерттеушілер, аударма жасаушылар: Р.Арат, Е.Э.Бертельс, В.Радлов, С.Е.Малов, Қ.Махмудов, Э.Нәжіп, Б.Сағындықов, Ә.Құрышжанов,т.б.
«Ақиқат сыйы» — дидактикалық сарында жазылған шығарма. Композициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы. Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен тәртіптіліктің шарты» екендігі туралы.
«Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшелігі. Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі. Дастанның 11 буынды аруз жүйесімен жазылуы.
Глоссарий: түркілік дүниетаным, әдептілік, ақыл-парасат, өнер-білім, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, мейірімділік, әке-шешені құрметтеу.
Тапсырма: Мәтін транскрипциясын оқу, лингвистикалық талдау жасау және аудармасынан үзінділер жаттау.
9-дәріс
«Кодекс Куманикус» және «Дана Хикар сөзі» ескерткіштері
1. «Кодекс Куманикус (Кумандар кітабы) қыпшақ тілінің сөздігі.
2. «Дана Хикар сөзі» — армян жазулы қыпшақ ескерткіші.
Дәріс мақсаты: христиандық бағыттағы қыпшақ мұраларындағы дүниетанымдық сабақтастықты түсіндіру.
1. «Кодекс Куманикус (Кумандар кітабы) қыпшақ тілінің сөздігі.
«Кодекс Куманикус – кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303 ж.) екі бөлімнен тұратындығы. 1-бөлім- латынша, парсыша, куманша сөздік.
«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.
Тапсырма: Мәтіннен алынған үзінділерді оқу, лингвистикалық талдау жасау және аудармасын жаттау.
2. «Дана Хикар сөзі» — армян жазулы қыпшақ ескерткіші.
«Дана Хикар сөзі» — 14-ғ. армян жазуымен жарық көрген қыпшақ ескерткіші. Ондағы түркілік дүниетанымды әкесінің ұлына айтқан ақыл-кеңестері мен өсиеттерінен көреміз. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінен алынған мына үзінділерде адамның рухани дүниесін айшықтайтын жақсы қасиеттері, оларды баланың бойында қалыптастыру жолдары, тәлім-тәрбие, кісілік мәселелері туралы ойлар анық берілген:
Үндäді мені хан хатына да айтты алай кі услу Хігар көрійірмен сенікі хартайып сен сендäн соңра кім түгäллісäр джардарлых білä да ес у ахыл білä менім ханл/ы/хымның керäкін – Хан мені қасына шақырды да былай деді: «Дана Хикар, көріп отырмын сені, қартайыпсың. Сенен кейін тапқырлығымен, ақыл-кеңесімен менің хандығымның қажетін кім түгендесер?» (ДХ, 55).
Оғлум йахшірах тыр йарлыл/ы/хны йығмага некі ходжал/ы/хны сачмага – Ұлым, байлықты шашқаннан да, жарлылықта /жоқ кезінде/ жиғаның жақсы (ДХ, 58).
Оғлум ітлік етма сыңарыңның хатыны біла соңра өзгäлäр да сенің сыңарыңа түшäрлäр да өлгінчä болур саңа налатлама — Ұлым, жолдасыңның әйелімен иттік етпе /ашына болма/, соңыра өзгелер де сенің әйеліңе солай етер де, өле-өлгенше саған қарғыс айтар (ДХ, 57а).
Оғлум сынагін оғланларыңны ачл/ы/х білä да сусамах біла да міскінлік білä да ескі да базых тонлар біла егар төзүмлү еса бер тірлікіңні холуна – Ұлым, балаларыңды аштықпен де, шөлмен де, ескі киім кигізіп жоқшылықпен де сынағың; егер төзімді болса, бар тірлігіңді қолдарына бер (ДХ, 58 а).
Оғлум еврäт оғлуңну ачл/ы/хқа да сусамахка кі өктäмлік біла кечірмäгай күнлäрін — Ұлым, балаңды аштыққа да, шөлге де үйрет, күндерін өктемдікпен өткізбесін /кешпесін/ (ДХ, 56 а).
Оғлум салма хайғуны да йығламахны да анча да базып барма тойга йа фараһліккä зера көп түрлү алнымызға өлүм бар да көп түрлү порчанк — Ұлым, тойға я қуанышқа барғанда қайғы мен жылау салма, өйткені алдымызда көп түрлі өлім бар да көп түрлі сын бар (ДХ, 56 а).
Оғлум егар кі саңа Теңрідан на түрлү порцуті/ун/ йолухту еса болмагай кі йаңылып джыджкуһел болгайсен кі дағын йаман тынсызл/ы/х йебермагай да вах/ы/тсыз дүниадан кечірмагай – Ұлым, егер саған Тәңіріден қандай жаманшылық жолықса да, жаңылып, наразы болмағайсың; /Тәңірі/ тағы да жаман тынышсыздық жіберер, уақытсыз/мезгілсіз/ дүниеден көшірер (ДХ, 57а).
Оғлум кім есадан йаман сөз ішітсäң аны йүрäкіңä тут 7 харыш ол йаман олар да йахшіл/ы/хқа хайтар – Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің 7 қарыс түкпірінде тұт /ұста/; ол жаман болар да саған жақсылыққа қайтар (ДХ, 58).
Оғлум йалған сөз да йалғанчілх алай ағыр нечік хорғашін аз күндан соңра йоғары мінäр нечік терäкнің йапрахы – Ұлым, жалған сөз бен жалғаншылық қорғасын сияқты ауыр болғанымен, аз күннен соң теректің жапырағы сияқты /қалқып/ жоғары шығар (ДХ, 58 а).
Хатунну нөгäр кім білір арада немä талаш болду еса ол бурунгі ейасін аңар да сен хайғуруп күстүнүрсен – Әйелдікке жесір қатын алмағайсың; кім біледі, арада ұрыс-талас болса, ол бұрынғы иесін/күйеуін ойлар да, сен қайғырып, күстана /қапа/ боларсың (ДХ, 57 а).
Оғлум сыңарыңны памбас/ал/ етмä егäр йырахтын егäр йувухтун зера йаман сөз терчä да тезіңдäн йетäр да аларның арасына талаш болур – Ұлым, жырақтағы-жуықтағы /алыс-жақындағы/ жолдастарыңның сыртынан сөз айтпа: жаман сөз тез жетер де, олардың арасында талас болар (ДХ, 60).
Оғлум һеч немäгä күлмä ол күлмахтан талаш болур да ол уруштан өлум болур – Ұлым, еш нәрсеге күлме, ол күлкіден талас болар, ұрыстан өлім болар (ДХ, 58 а).
Оғлум алма улу өлчев білä да берма кічі өлчев білä да айтма кі аслам еттім аныңкіні теңрі арт/т/ырмас да өчäшір да сен ач тас болурсен — Ұлым, үлкен өлшеммен алып, кіші өлшеммен қайтарма және «пайда таптым» деме, оныңды Тәңірі арттырмас, /ол сенен/ өш алар да сен аштыққа ұшырап, жоқ боларсың (ДХ, 57).
Күндүз у кечä тійілмäдім еврäтмахтан тойдурдум аны ес у ахыл білä нечік кім еса сувдан да отмäктан тойгай – Ертелі-кеш /күндіз де, кешке де/ үйретуден тыйылмадым; оны ес-ақылға нан мен судан тойғандай тойдырдым (ДХ, 55).
Оғлум йарғуда олтурсаң оруч алма алтын йа інджі бу егірлік біла көнүнү егрі етма йох еса терäні көнү ет да көнү нүң ханын төктүрдің еса сенің да төкäрлар – Ұлым, билікте отырсаң, алтын яки інжуден сый (пара) алма, мұндай екіжүзділікпен тураны қисық етпе, билікті дұрыс (әділ) жаса: тураның қанын төктірсең, сенің (қаныңды) да төгер) (ДХ, 57 а).
Оғлум егäр теңрідан нема холтха етсäң авал аның буйруху тібінä бол да не білä оруч білä алғ/ы/ш білä андан соңра түгäллäр теңрі холтхаңны сенің – Ұлым, Тәңіріден қандай тілек тілесең де, әуелі оның бұйрығын орында – оған оразамен алғыспен дұға арна – онан соң Тәңірі сенің қолқаңды берер (ДХ, 58).
Оғлум йахшірах тыр сохур көз білä не кі сохур ес біла сохурлух біла терча еврäнір йүрүмахны йолунуң йох еса сохур ес біла салыр көнү йолңу да барыр кенді еркіне – Ұлым, көзі соқыр болған көңілі соқырлықтан жақсырақ; көзі соқырлықпен жол жүруді тез үйренер, ал көңілі соқыр өзінше тура жол салар да, бетімен кетер (ДХ, 58).
Оғлум дайма болушучі бол ханлар бійлар алнына сенің крісданлікіңа сөз білä да ахтан хутхарысен да ол саңа һайбат дыр да парк – Ұлым, хандар мен билер алдында өзіңнің христианыңа (діндесіңе) сөзбен де, ақшамен де дәйім болысушы бол; оны арыстанның аузынан құтқарғандай боларсың, ол саған айбат пен атақ (ДХ, 58 а).
Оғлум егар душманың келсä айахыңа бошатл/ы/х холма бошат аңар да йүракің білä күл да тенің біла фараһлан да йопсун аны – Ұлым, егер дұшпаның кешірім сұрап, аяғыңа /жығылып/ келсе, оған /жүрегіңмен/ пейіліңмен күл, тәніңмен жадыра да оны мақұлда /кешір/ (ДХ, 58 а).
Йахшілх йахшілх біла түгäллäнір да йаманл/ы/х йаманл/ы/х біла түгäллäнір – Жақсылық жақсылықпен қайтар /түгенделер/, жамандық жамандықпен қайтар /түгелденер/ (ДХ, 62).
Оғлум түвүштан өгүттан айама оғлуңны түвүш алай дыр оғланға нечік бір һгойну йайгайсен бахчадада дағы да не түрлү меһүр хазна үснä ол түрлү ігі дір тевүш оғланға егäр күндä 1 да 2 да тайах біла өгүтласа андан йуашланыр да андан өлмäс — Ұлым, балаңды үгіт /кеңес/ пен ұрудан /түю/түйіс/ аяма; ұру балаға – бақшаға бір көң жайғандай және қазына үстіне мөр басқандай игі іс; егер күнде бір-екі рет таяқпен тәрбиелесе, одан өлмес, жуасыр (ДХ, 56).
Глоссарий: армян жазулы қыпшақ ескерткіштері, христиандық бағыттағы қыпшақ мұралары, дүниетанымдық сабақтастық.
Тапсырма: Мәтіннен алынған үзінділерге лингвистикалық талдау жасау және аудармаларын жаттау.