Жаңа замандағы саяси ой

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол федолизмге күйретте соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томос Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамның құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекеті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық револютцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775)әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын гографиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне т.б.) байланыстырады. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығыратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүліктеде болуға тиіс. Мемлекет шетен байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтау керек.

Руссо тікелей халық билігін ұсынады. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депуттат халық қызыметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штатарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор. XVII-XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775-1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғыс болды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болады.

АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т.Джефферсон,Т.Пейін жақтаса,ірі буржуазияның саяси көзқарасы А.Гамильтон қорғады.

Америка халқының демократия жолында азаттық күрес Томас Джеффорсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама Штатарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, онда үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқық дер есептеледі. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларатцияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.

Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз. дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жатқызды.

Пейін бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекет қоғам тудырады.Үкіметтің мақсаты-қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты-жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.

Пейін соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілік сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты қолдады.

Т.Джеффорсын мен Т.Пейннің қаржылы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штатарының Тәуелсіздік Декларатциясының негізгі қағидалары мынандай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қәуіпсіздікке құқы бар; халық-өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет-халықтың қызыметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса ,халық өзіне ұнамасыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот үкіметі болып бөлінуі керек және т.б.

Жаңа заманда саяси санада айтарылықтай із қалдырған немістің классикалық фиолософиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқкарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары”, “Өмірлік бейбітшілікке” деген еңбектерінде баяндалған.

Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны “категориялық императив” деп атайды. Оның мәні-әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.

Кант басып алушы,тонаушылық соғысты,оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым-қатынас, бейбітшілік орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *