Қазақсатандағы көппартиялықтың қалыптасуы

 ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық,саяси және әлументтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе береді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түст. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздейді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А.Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 обылысының “делегаттар сьезi”шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917жылдың ақпан революциясынан кейінде біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б.мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеу немесе автономиясы туралы сөзде қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейхановты кадет,партиясынан шығып, жаңа Алаш партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы (Қазақ) газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шыққан.

  Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрлытай жиналыс дайындау және қазақтың саяси партиясын қүру мәселелеріне аударды.

  1917 жылы 21 қазанда “Қазақ”газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек, билік пен сот әр халықтың екрешелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтық съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметті құрылды. Басшысы болып А.Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да,мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметті кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, (Алаш) партиясының басшыларымен мүшелері репресияға ұшырады.

  “Алаш” партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көз қапас бар. Біреулер (В.Григорьев, П.Пахмурный, А.Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны “буржуазиялық-ұлтшыл” партия ретінде қарайды. Екіншілер (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализімді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті, адамгершілікті қоғам құрғылыры келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

  “Алаш” теориясы сиақты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда “Үш жүз” деген партия құрылды. Оның басшысы Қ.Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, “Алаш” партиясының басты оппоненті болды.

  1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес үкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *