Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феолдалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феолдализм мың жылдан артыққа созылады(V-XVI ғасырлар ). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Хриситан діні феоделдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас хриситан мәдениетінің негізі болды.
Бұл заманда хриситан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол хриситан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдіреді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнахар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөледі. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы » деген еңбектерінде қаралады.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке — дара қанағаттандыра алмайды. Сондықган мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекетпк биліктің мақсаты — “ортақ игілікке” жету, адамдарға лайыкты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау.
Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік кұдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда кұдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзкарас мұсылман дініндеде орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
˝Қайта өрлеу˝ дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның˝Патша˝, ˝Тит Ливийдің бірінші онкүндік жайлы ойлар˝, ˝Флоренцияның тарихы˝ т.с.с.еңбектері болған. Макиавелли дінге қарсы болды. Тұнғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавллидің ойынша мемлекет-басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы деп ұқты. Ол Республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Патша рақымсыз, сараң, опасыз болмай қайырымды, адал, қамқоршыл мырза болуы керек деген. Ол мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануға кеңес береді. Мемлекеттің басын қосыпғ жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір ақ рет қолданылуы керек.