Билік ұғымы мен ол туралы тұжырымдамалар

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп білуге мүмкіндік береді. Себебі саясаттың негізгі мәселесі билік, ал мазмұны билік үшін күрес және билікті жүргізу.

Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн Халдун адамның басқа жан жануарлардан ерекшелігі ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері Бертран Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.

Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады.

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар.

1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Т.Гоббс билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негіздерген іс әрекеттің ерекше түрі.

3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен Американың белгілі саясаттанушысы Даль билік бір адамның екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушы арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу жол көрсетіп тұрғанын ұнатады.

5. Конфликтілік анықтама билікті дау жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

6. Моррис пен Гидденс билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс әрекет дейді.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады. Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамассыз ететін әдіс құралдар болады. Оларға жататындар:

1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы қаражат керек. Мысалы сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетпеген жағдайда үміткерлер шет елдердің жеке бай адамдарының, бірлестіктерінің көмегіне сүйенеді.

2. Әлеуметтік әдіс құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай ролді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын қызметкерлер орындайды.

3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оларға әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б. жатады.

4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге әқпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидар бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санады.

5. Информациялық қор. Білім мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орында тұр.Жапондық ғалымдардың айтуынша информация кімнің қолында болса ХХІ ғасырда билік соның қолында болады дейді.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп үш тармаққа бөледі.

1. Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамассыз етеді, сауданы реттейді.

2. Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Олар заңды шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек.

Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *