Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңдері XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әртүрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

  «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.Тұңғыш алғашқы саяси партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.

  Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құра бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:

1.Аристократиялық үйірмелер

2.Саяси клубтар

3.Көпшілік партиялар

Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін қорғады.Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады. Американың саясатанушысы Ла Поломбарының айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сиаатталады :

1.Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;

2. Партия-адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.

3.Партияның мақсаты-билікті қолға алып, жүзеге асыру.

4.Әр партия халықтың дауыс беруінен, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген өлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлінген:

                                                            Кадрлық:

Сайлаушылардың 10% ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар.Мүшелік жарна төлейді.Жарғысын мүлтіксіз орындайды.

                                                         Бұқаралық:

Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ, мүшелері жоқ жарна төлемейді.

Саяси жүйедегі рөлі мен ұйымдасуына байланысты:

    Сайлаушылар партиясы

    Парламенттік партиясы

    Авангардтық партия

    Қауысдастық партиясы

               Сайлаушылар партиясы-бұл партияның негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелңк жоқ, ұйымдық құрылым жоқ.

               Парламенттік партия-екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жпасайды, сайлауға дайындалады.

               Авангардтық партия-орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді.

               Қауымдастық партия-ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі.

                                               Саяси идеологиясына қарай:

   Коммунистік

   Социал-демократиялық

   Буржуазиялық-демократиялық

   Консервативтік

   Фашистік

      Коммунистік партиялар-К.Маркстің ілімін басшылыққа алады.Тапсыз меншіктің жеке түрі қоғам мүддесін қорғайды.

       Социал-демократиялық партиялар-бұл партиялар үнемі еңбекші халықтың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады.Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостадық, теңдік, ынтымақтастық.

   Буржуазиялық-демократиялық-билік үшін ашық күрес жүргізеді.Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді.Заң алдында бәрінің де тең болғанын қалайды.

Консервативтік партиялар-ірі буржуазияның мүддесін қорғайды.Теңсіздікті сақтағысы келеді.

 Фашистік партиялар-адам құқықтары мен бостандықтары шектеледі.Ұлтшылдықты уағыздайды.Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Саяси өмірдегі алатын орнына қарай:

                  Билеуші

                 Оппазициялық

Билеуші партиялар-билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады.Яғни,басқа партиялардың үстінен билік жүргізіледі.

 Оппазициялық партия- олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды.Қарсыластық қасиет тән.

                                       Жұмыс істеу жағдайына байланысты:

     Ресми

     Жартылай ресми

     Құпия

  Ресми партия-жұмысын ашық жүргізеді.Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі.Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жартылай ресми партия-формальды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Құпия партиялар-заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді.

Санына қарай:

   Бірпартиялық

   Екіпартиялық

   Көппартиялық

               Бірпартиялық-өзінен басқа партияның болғанын қараламайды.Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық қоғамға тән.Мсыалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

              Екіпартиялық-мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады.Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді.Үнемі бір-бірін сынға алып отырады.Мысалы:АҚШ –тағы республикалық және демократиялық партиялары, Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.

            Көппартиялық-мұнда үш немесе оданда көп партиялар болады.Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады.Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады.Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы.Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *