Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министлігі негізінен хаттамалық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәсселерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъкт ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келсіміне қосылуы, СШҚ-1Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекаралының мызғымастығын баянды етті.Бұған АҚШ-пен “Демократикалық серіктестік туралы хартияға” қол қоюы, НАТО –ның “Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік”бағдарламасына қосылу, АҚШ,Ресей, Ұлыбритания Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына-Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта құру және дамубанкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келсімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттарымен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы- ұлы Абайдың 150жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНСКО ның демеуімен аталып өтілуде.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде.Оған себеп болатын ең алдымен, өткен тақырыпта айтылғандай, қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстан 1,5 млярд тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикалмыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлігін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-ы қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді қызықтырмай қоймайды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңесті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де Республикамыз5а септігін тигізуге тиіс.
Біздің географиялық жағыдаймыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығуға мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен оның ішінде Ресеймен өзара қатынаста болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қараған. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н.Ә. Назарбаев пен Б.Н Ельцин ҚР сы мен Ресей Федерациясы арасындаға «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа қол қойды. Екі ел арасында әскери-саяси, мәдени – гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды.1998 жылдың 12 қазанында Ресей Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың өрбіп келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстанның Қытай Халық Ресубликасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникаалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. Өз кезегінде, Қазақстан ҚХР дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойнына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда «Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекетттік шекараның өтуі туралы» Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігі айтпаса да түсінікті. 1997 жылы батыс Қазақстаннан батыс Қытайға және Иранға мұнай құбырын тарту туралы келсімге қол қойылды. 2010 жылға қарай Қытай бізден жыл сайын 200-210 млн.тонна мұнай сатып алмақ.
Өмір бойы көршілес болып, шаршуашылығымыз мәдениетіміз тығыз байлансып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделеріміз көп. Әлбетте, олармен ізгі қатынастарға алдыңғы қатарлы орын берілді. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Түркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, байлықтарымен алмасуға деген екі жақты ұмтылыс бар. Сол сияқты Иран елімен де достық, ынтымақтастық қатынастар дамып, бекіп келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанда Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы уағдаласты.
Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы елдердің экономикалық қоғамдық құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сеніммен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекеттерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе отыра шешетін ортақ мәселелері бар. Сонның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың құрлымдарын құру идеясын БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. жоғары мәжілістерде ұсынды.
Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі-тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы аймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп отыр.150млн. тонна тұзды шаң–тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллоннан астам адамның денсаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең ол талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл өңірде дүнижүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.
Екінші экологиялық қасіретіміз-Семейдегі ядролық полигон. Мұнда 1949-1963 жылдары атом жане сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен атмосферада өткізілген.Онда өткізілген 752 жарылыстын 26-сы атмосферада 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Жарылыс зардаптарынан жарты миллион астам адам жапа шекті.
Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат-Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жарықталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамалардың дұрыс деп табады.
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:
— мемлекеттік мүддені қорғау;
-елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
-әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;
-ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;
-халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.
Сайып келгенде, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ . Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелелері- қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б.