Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңде әскери саяси басымдылыққа зор сенім артылды. Глобалды (латынның «глобус» -жер деген сөзден шыққан; Жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық) тұрғыда іс істе» деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік коғамдастыққа екі жақты және планетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залымын тигізді.
80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз олардың негізгілеріне тоқталып өтейік.
Біріншіден, ядролық космостық дәуірде мемлекеттер арасында әскери қақтығыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталас қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеп соқтырды.
Бүгінгі таңда адамдардың өміріне 50 мыңнан астап ядролық оқбасы қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80-жылдардың ортасындағы ядролық қарудың жарылысының өзі 58 млрд. адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.
Ал әртүрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса, оның салдарында «ядролық қыс» тууы мүмкін. Оған себеп- ядролық қару қолданған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып әлемді қамтып алды. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суый бастайды. Климат жағдайлары күрт өзгеріп, биосферада қайта айналмас процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды ғана қамтып қоймай барлық адамзатқа апат әкелді.
Кәзіргі заманда жеке елдер арасындағы дау жанжал, аймақтық әскери қатынастар дүниежүзілік ядролық соғысқа ұласып кету қауіпі бар. Мұнай жағдайда қай мемлекет болмасын өзін тек әскери техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақта жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды ғаламдық мәселелердің маңызын өте зор артуда. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланысты болып отыр. Мысалы адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша миниралды шикізат пайдаланса, одан кейін 40-жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ темір және тағы басқа адамдарға өте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтіп толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарының аясуыз пайдаланумен қатар соңғы онжылдықтарда жұртшылықты қатты алаңдатып, отырған қатерлі мәселе планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келген тыңайтқыштар, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б сияқты зиянды заттармен улануда. Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80 проценті сапасыз судың салдарынан пайда болатын көрінеді. Атмосфералық ауадағы жағдайда одан асып тұрған жоқ.
Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған үшінші үлкен мәселе — «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда экономикалық артта қалу үрдістерінің күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50-60 жылдары колониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді экономикалық және мәдени жағынан жылдам дамуға мүмкіншілік туды деп қуанғаны белгілі. Алғашында олар (әсіресе дамыған және мұнай өндіретін елдер) жылдам қарқынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден қарыз ала бастады. 80 жылдардың ортасына қарай «үшінші елдердің» Батысқа қарызы триллион доллардан асып түсті. Ол тоқтар емес.
Бұл үрдістің себептері көп. Оның айтарлықтай бір себебі «үшінші елдердегі» демографиялық жағдайға байланысты.
Адамдардың саны әлеуметтік экономикалық жағынан төмен дамыған Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде қатты өсуде. Оларға білім, медициналық көмек беру, әсіресе тұрғын үй және азық-түлікпен қамтамасыз ету ауыр проблемаға айналуда. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда, дүниеде жыл сайын 50 млн. адам аштан өледі екен. Оның басым көпшілігі дамып келе жатқан елдердің үлесіне тиеді.
Төртіншіден, қазіргі уақытта Жер шарында мыңдаған ірілі уақ халықтар, екі жүзге жуық мемлекеттер бар. Олар табиғат жағдайлары, мекендеген физикалық ортасы, қоғамдық құрылысы және т.т. бойынша ерекшеленеді. Сөйте тұра, олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста, олардың бәрі бір адамзаттың тегіне, отбасына жатады.
Ғалымдардың пайымдауынша, ядролық соғысты болдырмау үшін төмендегідей басты принциптерге негізделген әлемдік тәртіп орнату керек:
-жалпыадамзаттық қазыналардың басымдылығын мойындау, адам өмірі мен дүниеге адамзаттық ең жоғарғы құндылығы, қазынасы ретінде қарау;
-даулы мәселелерді соғыс арқылы шешуден бас тарту, барлық дау-жанжалдарды саяси, бейбіт түрде шешудің жолдарын аянбай-талмай іздестіру;
-халықтар өз тағдырын өз еркінше, дербес, тәуелсіз таңдау құқығын тану;
-қазіргі дүниені біртұтас және өзара байланыстағы адамдардың қауымдастығы ретінде түсіну.
Бұл принциптерді іске асыру үшін ең алдымен ядролық қаруларды біртіндеп, кезеңімен қысқартып, кейіннен оларды толық жою, ядролық космостық қару-жараққа тыйым салу. Бұл шаралар көп кешіктірілмей орындалса, тіпті тамаша болар еді. Ол үшін алғашқы ядролық қаруды сынауға толық тыйым салудан бастауға болар еді. Одан кейін химиялық, жаппай қырып-жою қаруларын жойып, басқа қару мен қарулы күштерді ақылға сыйымды қалпында қалдырса жеткілікті.
Жоғарыда көрсетілгендей, адамзат үшін келесі ең қауіпті мәселе-экологиялық апат. Айналадағы ортаның ластануын тоқтату мақсатында жүйелі шаралар қолдану қажет. Ол үшін алдымен экономикалық амалдар мен ынталандыру тәсілін пайдаланған дұрыс. Ондай тәсіл шетелдерде кеңінен қолданылады.
Адамзаттың жарқын болашағы үшін күресте барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы құрыштай бекір еді. Бірақ мұның бәрі өзінен-өзі келмейді. Ол үшін барлық халықтар мен елдер қажымай-талмай жұмыла күресуі керек. Халықаралық қатынастарды адамгершіліктендіру, демократияландыру қажет.