Анатомиялық иық мойны және басының сынықтары.

Мұндай сынықтар сирек кездеседі, көбіне қарт адамдарда. Егер анатомиялық мойын сынса дистальды сынық проксимальдіге кіреді, бұл жарықшақтанған сынық деп аталады.(2-сурет).Егер сүйек басына түскен күш қатты болса ұсақ бөлшектерге бөлінеді, ал кейде өзінің буындық беткейімен дистальды сыныққа бұрылып бекінеді (3-сурет).

Диагностикасы.Гематома және ісіну нәтижесінде иық буыны ұлғаяды. Кейде гематома басын ығыстырып , R-де иықтың шығуына ұқсайды. Активті қозғалыстар шектеледі. Иық басына басқанда ауырынуы туады. Иық өсі бойынша күш түссе де ауырады.Жарықшақтанған сынықтарды R-зерттеуден кейін ғана диагноз қоямыз.

Емі.. Сүйек басының жарықшақтанған сынықтарында иықты қолтықасты аймағында бір ай бойы косынкамен немесе «змейка» тәрізді таңумен фиксациялайды.

Науқас саусақтарындағы қозғалысты травмадан кейін дереу бастауы керек., шынтақ буынынды — бір аптадан соң , ал иық буынында травмадан 2,5-3 айдан кейін.

Тайқумен сынықтарда қолмен бірмоментті репозиция немесе шынтақ өсіндісіне қаңқадан тарту салады. Ауырлықты блок системасы арқылы жоғары қарай вертикальды « балканды рама» арқылы жүргізеді.ЦИТО әкеткіш шинасында тарту эффективтілігі аз және де абдукционды деформация дамуы мүмкін. Сәтсіз репозиция нәтижесінде оперативті ем көрсетілген- остеосинтез спици, винт және пластина қолдану арқылы.

   Қарт және егде тартқан адамдарда көпфрагментті сүйек басының сынықтарында (С3)

Иық буыны аймағында сүйек басын алып тстау жақсы функциональды көрсеткіш болып табылады. Соңғы кездерде иық басының бөлшектенген сынықтарында иық буынында екі компонентті эндопротез қолданады.

Асқынулары. Иық сүйегінің проксимальды соңының буынішілік сынықтары жиі иық буыны травмадан кейінгі деформацияланған артрозбен асқынады, ал кей кезде – аваскулярлы остеонекрозбен.Бұл асқынулардың алдын алу сүйек сынықтарының ерте және нақты репозициясын жүргізу және сенімді иммобилизация.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *