Шпонкалы және шлицті беттерді өңдеу әдістері

Біліктегі шпонкалы ойықты өңдеу

 Білікпен біріккен бөлшекке бұраушы моментті беру үшін шпонкалы және шлицті қосылыстар жиі қолданылады. Машина жасауда призмалы және сегментті шпонкалар кеңінен таралады.

 Призмалы шпонка үшін әдетте шпонкалы ойықты шпонкалы-фрезерлі станокта (сериялы және жаппай өндіру) арнайы екі ұшты фрезамен, ал фрезерлі станокта(білдекте) – көп ұшты фрезамен қайық айла қозғалыспен берілісті фрезерлейді. Сегментті шпонка үшін ойықты фрезерлеу қарапайым фрезерлі станокта арнайы дискті фрезамен жүргізіледі.

 Біліктің шпонкалы ор қазғыш фрезерлеу әдістері

26 суреттері – Біліктің шпонкалы ор қазғыш фрезерлеу әдістері

а – дискті фрезамен бойлық беріліспен; б – ұшты фрезамен бойлық беріліспен; в – ұшты фрезамен маятникті беріліспен; г – ұшты дискті фрезамен тігіннен беріліс

Ойықтарды маятникті қозғалыспен берілісті фрезерлеу дәлірек тәсіл болып табылады. Өтпелі шпонкалы ор қазғышты төлкенің саңылауында дара және ұсақ сериялы өндірісте қашауыш станокта (ұңғылау), ал сериялы және жаппай өндірісте – бойлық станокта (созу) өңдейді.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *