Қазіргі таңда көптеген машина жасау өндірістерінде бұйымды өңдеу барысында жұмысшы қолданатын, сол жұмыс калибрі бойынша баптап келтіру тәсілі кең қолданыс тауып отыр. Баптап келтіруден кейін жұмысшы бір немесе (көбінде) бірнеше дайындамалар дайындауға міндетті. Егер де өлшемдер жұмысшы калибрмен қарастырылған шақтамалар шектерінде болатын болса, баптап келтіру дұрыс деп саналады және дайындамалардың бүкіл партияларын өңдеу рұқсат етіледі.
Баптап келтірудің мұндай тәсілін қанағаттандырарлық деп санауға болмайды, себебі өңдеуге жіберілетін шақтама сейілу өрісінен айтарлықтай асатындай, неғұрлым қолайлы жағдайдың өзінде, дайындамалар партиясының айтарлықтай бөлігі бекітілген шақтама шегінің сыртында қалмайды деген, яғни ақау болмайды деген кепілдік жоқ. Сынама дайындаманың өлшемі тиесілі үлестірім қисығы, шақтама өрісінің ішінде әр түрлі жағдайды иемдене алады және бір сынама дайындаманы жасаған кезде оның сейілу өрісінің қандай учаскесіне сәйкес келетінін анықтау мүмкін емес. Сынама дайындамалар саны көбейген жағдайда ақаудың пайда болу ықтималдылығы төмендейді, бірақ ақаудың пайда болу қаупі жойылмайды.
Берілісті басқаруды жұмысшы қолмен немесе автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ) көмегімен іске асыра алады. Беріліс дискретті немесе одан жақсы үздіксіз автоматты өзгертіле алады.
Берілісті қолмен өзгерту кезінде жұмысшы аспаптар тілінің ауытқуын бақылайды, тілдің орнына қайтып келгенінше беріліс көлеміне талап етілетін өзгерістерді енгізеді. Берілісті автоматты басқару кезінде бұл функцияларды АБЖ орындайды. Қаттылығы мен әдіп көлемі үлкен бөлшектерді өңдеу барысында жұмысшы немесе АБЖ сәйкесінше беріліс көлемін азайтады, ал өңдеуге жіберілетін әдіп көлемі аз бөлшектер кезінде берілісті көбейтеді және т.с.с.
Дайындамаларды өңдеу процесінде берілісті реттеп отыру өлшемдердің сейілу өрісін азайтуға ғана емес, сонымен бірге дайындамалардың геометриялық пішінінің дәлділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ажарлау және токарлы білдектерде дайындамаларды өңдеу процесінде технологиялық жүйенің қатаңдығы өңделіп жатқан дайындаманың өзіне оның ұзындығы бойынша әр түрлі икемділігіне байланысты тұрақты болмайды. Өңделген дайындаманың дұрыс геометриялық пішінін алу үшін, НВ, Zmin тұрақсыздылығынан туындалған, кесу күшінің тербелісін ғана емес, сонымен қоса технологиялық жүйенің серпімді сығылымын компенсациялау қажет. Яғни дайындаманың геометриялық пішінінің дәлділігін оның ұзындығы бойынша қамтамасыз ететін, қосымша құрылғы құру керек. СББ білдектерінде өңделіп жатқан дайындаманың ұзындығы бойынша бойлық берілістің мұндай өзгерістері басқарушы бағдарламаға алдың-ала енгізілуі тиіс.
МЖТ кафедрасының Станкина (проф Б.С. Балакшин жетекшілігімен) мәліметтері бойынша шойын бөлшектерінің партиясын өңдеу нәтижелері келесідей көрсеткіштер берді: әдеттегі өңдеу барысында сейілу өрісінің көлемі ωт=0,061, АБЖ қолданған кезде ωт=0,027 дейін қысқарды.
Бөлшек пішіні қателігінің сейілу өрісі ωт=0,042/300 бойлық қимада АБЖ қолданғанда ωт=0,012/300 дейін қысқарды.
Яғни бойлық берілістің серпімді орын ауыстыруларын басқару мүмкіндік береді:
1) сейілу өрісін азайту арқылы өңделетін дайындамалардың дәлділігін және басқа да сапаларды айтаолықтай жоғарылатуға;
2) технологиялық жүйелердің басым көпшілігінің даналық өнімділігін көбейтуге (тапсырылған дәлділікте берілген технологиялық жүйемен рұқсат етілетін, ең жоғары кесу режимдерін қолдану арқылы өңдеу өнімділігінің өсуіне қол жеткізіледі);
3) тұрақты өлшемді Ас сақтай отырып, секіріссіз жұмыс істейтін, технологиялық жүйені реттеудің арнайы нәзік және сезімтал механизмін қолдануға;
4) жабдықты және кесуші құралды неғұрлым үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін, дайындамаларды өңдеуді технологиялық жүйенің бірқалыпты жүктемесімен қамтамасыз етуге.
Кемшілігі: S өзгерісі өңделетін беттің кедір-бұдырлығын көбейтеді, яғни S тербелуі салдарынан, кедір-бұдырлық біртекті болмайды. Көптеген жағдайларда бұл кемшілік аса маңызды болмайды, себебі әдеттегі операциялардан кейін неғұрлым нәзік жетілдіріп өңдеу жүргізеді.
АБЖ білдектердің бірқатар конструкцияларында қолданыс тапты (микро ЭЕМ және микропроцессорлармен басқарылатын, СББ). Кемшілігі – қымбаттылығы.