Технологиялық операцияларды іске асыру үшін білдекті алдың-ала жөндеуді (баптап келтіруді) жүргізу қажет. Жөндеу (баптап келтіру) дегеніміз технологиялық жабдықты және технологиялық әбзелді белгілі технологиялық операцияларды орындауға дайындау процесі (МЕСТ 3.1109 — 82).
Жеке және шағын-сериялы өндіріс жағдайларында, бұйымның талап етілетін дәлділігіне сынамалы жүрістер мен қағыстар тәсілімен қол жеткізгенде, баптап келтіру міндеттеріне жатады:
1) Ең тиімді кесу жағдайын, жоңқа қалыптасуының жақсы жағдайын, өңдеудің жоғары өнімділігін, кесу құралының тұрақтылығын және талап етілетін өңдеу бетінің сапасын қамтамасыз ететін жағдайда айлабұйымды және кесуші құралдарды орнату;
2) Білдек жұмысының режимдерін орнату.
Ірі-сериялы және жаппай өндірісте, талап етілетін дәлділік бапталған білдектерде өлшемдерді автоматты алу тәсілімен алынғанда, баптап келтірудің көрсетілген екі міндеттеріне үшіншісі – өңделетін бұйымға қатысты құралдардың орын ауыстыру көлемін және траекториясын анықтайтын, кесуші құралдардың айлабұйымның, жұдырықшалардың, тіректердің, көшіргіштердің және басқа да құрылғылардың өзара дәл орналасуын қамтамасыз ету қосылады.
Үшінші міндетті шешу белгілі дәрежеде өңдеу дәлділігін анықтайды, арнайы есептеулер жүргізуді талап ететін, неғұрлым күрделі және жауапты болып табылады.
Қазіргі уақытта білдектерді баптап келтірудің келесі тәсілдері қолданылады: статикалық баптап келтіру; жұмыс калибрінің көмегімен сынама дайындамалар бойынша баптап келтіру және сынама дайындамалар бойынша әмбебап өлшегіш құралдың көмегімен баптап келтіру.