Бапталған білдектерде дайындамалар партияларын өңдеу процесінде олардың өлшемдері бір-бірінен және кездейсоқ қателік көлеміне реттелген өлшемнен ерекшеленіп, белгілі шекараларда үздіксіз тербеліп тұрады.
Кездейсоқ қателік – бұл қарастырылып отырған партияның әртүрлі дайындамалары үшін әр түрлі мәнде болатын қателік, сонымен бірге оның пайда болуы көрінетін заңдылықтарға бағынбайды.
Кездейсоқ қателіктердің пайда болу нәтижесінде, бір жағдайларда өңделген дайындамалар өлшемдерінің сейілуі жүреді. Өлшемдердің сейілуі кездейсоқ сипаттағы көптеген себептер жиынтығымен туындайды, олар нақты алдың-ала анықтауға келмейді және өз әрекеттерін бір уақытта және бір-бірінен тәуелсіз жүргізеді. Мұндай себептерге өңделетін материал қаттылығының және алынатын әдіп көлемінің тербелісі; дайындаманың айлабұйымдағы жағдайының өзгеруі; тіректер мен лимбалар бойынша суппорт жағдайын бекітудің дәл еместігі; кесу күштерінің әсерімен технологиялық жүйе элементтерін өңдегенде және серпімді қысқанда температуралық режимдерінің тербелісі жатады.
Дайындамалар өлшемдерінің үлестірім задылықтарын олардың сейілуі кезінде анықтау және талдау үшін матиматикалық статистиканың тәсілдері табысты қолданылуда.