Білдектердің дәл еместік, тозу және деформация салдарынан пайда болатын қателіктер

Білдектерді жасау және құрастыру қателіктері білдектердің геометриялық дәлдігін тексеретін тәсілдер мен шақтамаларды анықтайтын, МЕСТ нормаларымен шектеледі.

Білдектердің геометриялық дәлділік қателіктері жүйелік қателіктер түрінде толығымен немесе жартылай өңделетін дайындамаға беріледі. Осы қателіктердің көлемі алдың-ала талдауға және есептеуге беріледі. Мысалы, токарлы білдектегі шпиндель осінің суппорт қозғалысына параллель болмауы, қысқыға бекітілген горизонталь жазықтықтағы дайындаманың цилиндрлік бетінің конустық бетке айналуына әкеледі.

Вертикаль-жоңғылайтын білдектегі шпиндель осінің көлденең бағытта оның үстел жазықтығына перпендикуляр болмауы өңделген жазықтықтың бекітілгенге қатысты параллель болмауына әкеледі.

Вертикаль-бұрғылайтын білдектегі шпиндель тесігі конусының шпиндельдің айналу осіне қатысты осьтік ауытқуы бұрғыланған тесіктің ауқымдалуына байланысты диаметрінің үлкеюіне әкеледі.

Білдектер дәлдігінің жоғалу себебінің бірі олардың бағыттаушыларының тозуы. Алдыңғы және артыңғы бағыттаушылардың бірқалыпты емес тозуы суппорттың көлбеулілігіне және горизонтальды жазықтықта кескіш ұшының ығысуына, ал ол өз кезегінде өңделетін бет радиусының үлкеюіне әкеледі. Бірқалыпты еместік өңделетін дайындамалар пішінде жүйелік қателіктердің пайда болуына әкеледі.

Дұрыс жинақтамау кесірінен болатын білдектердің деформациясы, сонымен қоса салмақтың әсерімен іргетасының отыруы (үстелдер мен тұғырлардың майысуы, бағыттаушылардың қисықтығы) дайындамаларды өңдеген кезде қосымша жүйелік қателіктерді тудырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *