Қозғалтқыштардың топтастырылуы

Іштен жанатын қозғалтқыштар келесі нышандар бойныша:

1) Атқаратын қызметі бойынша:

а) стационарлық, шағын электростан¬цияларда сораптық қондырғылардың және де т.с.с. жетегі ретінде орнатылатын;

б) көліктік, әр түрлі көлік құралдарында (автомобилдер, тракторлар, ұшақтар, кемелер) қондырылатын.

2) Жылу энергиясын механикалық энергияға түрлендіру тәсілі бойынша (Сурет 1):

а) піспекті;

б) газотурбиналы;

в) біріктірілген.

3) Қоспа жасалу тәсілі бойынша:

а) қоспа сыртта жасалатын;

б) қоспа іште жасалатын.

4) Қоспаны тұтандыру тәсілі бойынша:

а) электр ұшқынымен тұтанатын;

б) сығылудан тұтанатын.

5) Цилиндрлер саны бойынша:

а) бір цилиндрлі;

б) көп цилиндрлі.

6) Цилиндрлердің орналасуы бойынша:

а) цилиндрлері көлденең орналасқан;

б) цилиндрлері тік орналасқан;

в) цилиндрлері V-тәрізді орналасқан;

г) цилиндрлері жұлыз тәрізді орналасқан.

7) Жану қоспасының реттелу түрі бойынша:

а) қоспа сапасын реттейтін қозғалтқыштар, яғни қозғалтқыш цилиндрінің ішіне белгілі мөлшерде ауа беріледі және жүктемеге байланысты оған әр түрлі мөлшерде жанармай қосылады (дизельді қозғалтқыштар);

б) қоспа мөлшерін реттейтін қозғалтқыштар, яғни қозғалтқыш цилиндрінің ішіне жүктемеге байланысты әр түрлі мөлшерде дайын жанармай қоспасы беріледі (карбюраторлы қозғалтқыштар);

в) қоспа құрамын аралас реттейтін қозғалтқыштар.

8) Қозғалтқыштардың құрылымы бойынша:

а) піспекті;

б) роторлы- піспекті:

 — роторы тұрқы ішінде айналатын;

 — тұрқысы айналады, ал роторы қозғалмайды;

 — екеуі де айналады.

9) Суыту түрі бойынша:

а) сұйықпен суытылатын;

б) ауамен суытылатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *