Заманауи технологиялардың даму үрдістерін және машина жасау өндірісін ұйымдастыру
Технологияларды дамыту және өндірісті ұйымдастыру мынадай негізгі бағыттарымен анықталады:
1. Ауыл шаруашылық машина өндірісіне мамандандыруды кеңейту,осыған байланысты қолайлы жағдайларды жасау және бұйымдарды шығаруды ұлғайту үшін жаңа техниканы енгізу тиімді.
2. Дайындама өндірісінің барлық процесін кешенді механизациялау және автоматтандыру
3. Дайындаманы әзірлеуде прогрессивті даму әдісін қолдану, механикалық өңдеудің көлемін біршама төменетеді және конфигурацияны олардың бөлшектерінің формасына жақындатуға мүмкіндік береді.
4. Бөлшектерді және дайындаманы әзірлеу үшін суық қалыптау әдісін кеңінен қолдану.
5. Одан әрі дәнекерлеуді кеңінен қолдану.
6. Машиналарды құрастыру және бөлшектерді өңдеу үшін автоматты желілерді қолдану және одан әрі жаппай өндірісті дамыту.
7.Жабдық паркі құрылымының өзгеруіне,сондай–ақ операцияларды бітіруге арналған станоктарды,агрегатталған және автоматтандырылған білдектердің(станок) үлес салмағының ұлғаю есебінен автоматты желілерді механикалық өңдеу үшін қолдану.
8. Нормаланған тораптар мен стандартталған күш бастиегі негізіндегі автоматты желілер мен әртүрлі типте агрегатталған станоктарды және құрастыруларды одан әрі дамыту.
9. Бөлшектерді жоңқаларға жонбай дайындау әдісін және прогрессивті механикалық өңдеу әдісін кенінен қолдану.
10. Гидравликалық,пневматикалық, пневмогидравликалық және басқа жетектерді,автооператорларды пайдалана отырып,жоғары өнімді механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтарды қолдану.
11.Одан әрі кесу құралының конструкциясын және олардың материалдарын жетілдіру, бұл кесу режимінің жоғарылауына мүмкіндік береді.
12.Бөлшектердің сапасын бақылау құралдары мен прогрессивті әдістерді қолдану.
13.Бұйымды құрғату (сушки) мен сырлауды (окраски) прогрессивті әдіске енгізу. 14.Механикаландыру және автоматтандырумен жинау процестері.
15. Технологиялық процестерді әзірлеу үшін электрондық есептеу машиналарын қолдану.