Әр түрлі көлік түрлерінің тораптардағы техникалық және технологиялык әрекеттестігі.

 

Тасымалдау үрдісінің бірқалыпсыздығы мен үнемі өзгеріп тұруына байланысты пайдалану жұмысын тиімді атқару үшін темір жол көлігінде жүрісті басқарудың ауқымды жүйесі қызмет атқарады. Бұл жүйе техникалық құралдарды тиімді қолдана отырып, тасымалдар жоспары мен шұғыл тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ағындағы пайдалану жұмысын ұйымдастыру және басқару бойынша шаралар жүйесі болып табылады. Жүйе орталықтандырудың жоғарғы деңгейімен сипатталады және темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің өзара нақты әрекеттесуін талап етеді. Теміржол көлігіндегі тасымалдау бөлімшелері мен желілі бөлімдер — станциялардың локомотив және вагон деполарының, жол дистанцияларының, сигналдау және байланыстың, энергия телімдерінің және т.б., жалпы темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ”ҚТЖ”ҰК”АҚ басқарады. Оның құрамында тасымалдарды басқару, локомотив және вагон шаруашылығының; жол және құрылыстардың; жүріс қауіпсіздігі және экология; сигналдау, байланыс және есептеу техникасының және т.б. департаменттері құрылған, бұл департаменттердің әрқайсысы өз саласының жұмысын басқарады.

Республиканың темір жол желісі территориясы жағынан 13 тасымалдау бөлімшелеріне бөлінген және олар бір жолға біріктірілген. Жол – темір жол көлігінің негізгі дербес құрылымдық бөлігі.

Әрбір бөлімшенің құрамында жол басқару қызметіне сәйкес салалық бөлімдер бар (бұл бөлімдер станциялардың, вагон және локомотив деполарының, жол дистанцияларының жұмысын басқарады).

Темір жолдың пайдалану жұмысын басқару негізін келесі маңызды принциптер қалайды: тасымалдау үрдісін жоспар бойынша ұйымдастыру; вагон ағындарын — пойыздарды құрастырудың жалпы желілік жоспарының негізінде ұйымдастыру; пойыздардың графикке сәйкес жүрісі және станцияның технологиялық үрдіске сәйкес жұмысы, сондай-ақ пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; автоматика және телемеханика құралдарын, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін кеңінен ендіру.

Атап өтілген принциптерге сәйкес жүрісті басқару жүйесінің келесідей мақсаттары бар:

• республикамыздағы тасымалдар қажеттілігін қанағаттандыру;

• пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз жүрісі;

• жылжымалы құрамды неғұрлым тиімді қолдану.

Осы мақсаттарға қол жеткізудің мақсатында жүрісті басқарудың келесі формалары қолданылады және олар жүрісті басқару жүйесінің құрылымдық элементтері болып табылады.

Пайдалану жұмысын техникалық мөлшерлеу, ол тасымалдаудың мемлекеттік жоспарының орындалуын және алдағы уақытта темір жолдың тасымалдарды жүзеге асыруға дайындығын қамтамасыз ететін темір жолдың құрылымдық бөлімдерінің пойыз және жүк жұмысының айлық мөлшерлерін жасауға тіреледі.

Берілген тәулік немесе ауысымдағы нақты шұғыл жағдайды ескере отырып, бөлімше және станцияларда неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жолдың пайдалану жұмысын шұғыл жоспарлау керек.

Темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін және техникалық мөлшерлер орындалу үшін тасымалдау жұмысын реттеу жүргізіледі.

Пойыздардың тоқтаусыз жүрісі мен станциялардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында пойыздар жүрісі мен маневр жұмысын үздіксіз бақылау мен тікелей басқаруды алдын ала қарастырып, станцияларда, телімдерде және бағыттарда пойыздар жүрісін және шұғыл жұмысты диспетчерлік басқару.

Локомотив паркін неғұрлым тиімді қолдану мақсатында оның жұмысын басқару.

Пайдалану жұмысын есепке алу және талдау, бұл тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда тар жерлерді, технологиялық мөлшерлерден ауытқулардың және қиындықтардың пайда болу себептерін анықтауға, оларды жою жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Техникалық мөлшерлер белгілі көрсеткіштер жүйесі арқылы сипатталады. Бұл жүйенің құрамына келесі элементтер кіреді:

• тәуліктік сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық станциялардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;

• сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық станцияларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі;

• тасымалдау үрдісін қамтамасыз ету көрсеткіштері: құрылымы және түрі бойынша жұмыс вагон паркы және олардың қоры, локомотив паркы және электр энергиясы мен отынның лимиттері;

• есепті көрсеткіштер – техникалық станциялардан жөнелтілген транзитті вагондардың саны, айналым уақыты ішінде вагонның жүріп өткен техникалық станциялардың саны, вагон иіні, жергілікті жұмыс коэффициенті, жүкті тиеу-түсіру станцияларында вагонның бос күйде аялдау үлесі.

1.8.2. Темір жол тасымалдау бөлімшесі жұмысының техникалық мөлшерлері

Темір жол (айдың 22 жұлдызына дейін) ашық жоспарлардың және «ҰК “ҚТЖ” АҚ арнайы нұсқаларының негізінде жалпы барлық вагондар және жылжымалы құрамның түрлері бойынша жолдар үшін жүк тиеу жоспарын құрады.

Жоспарланатын айда жүктің түрлері бойынша орташа тәуліктік тиеу:

 , ваг (1.8.1)

мұндағы ∑ р — берілген жүктің бір айда тасымалданатын көлемі, т;

                  рТ – вагонның жүк тиелуінің техникалық мөлшері, т/ваг;

                   Т – қарастырылатын уақыт аралығы, 30 тәулік.

Темір жол өзінің тиеу жоспарын жолдық есептеу орталығынан (ЖЕО) айдың 24 жұлдызына дейін, Басты есептеу орталығынан (БЕО) әр жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы барлық жолдар үшін келтірілген жоспарды – «шахматканы» өңдеу үшін хабарлайды (1.8.1-кесте)

1.8.1-кесте. Тасымалдаудың келтірілген жоспары

Жолдан Жолға Барлығы

 А Б В

А 1800 1500 800

Б 1200 2000 400

В 700

Бұл «шахматка» әр жолға техникалық мөлшерлерді құрастыру үшін негіз болып табылады (айдың 28 жұлдызына қарсы). «Шахматканың» негізінде жолдардың түйіспе бекеттері бойынша вагон ағындарының корреспонденциясы құрастырылады.

Тасымалдау департаментінде, жолдың бөлімшелері мен телімдерінде жұмысты белгілеу үшін әр станцияның жүк тиеу жоспары және тиелген вагондарды қабылдау мөлшерлерінің негізінде, жол ішіндегі тиелген вагон ағындарының ведомості құрастырылады (жол ішіндегі “шахматка”).

1.8.2-кестеде жол үшін тиелген вагон ағындарының көлденең кестесі (сызбасы 1.8.1-суретте келтірілген) көрсетілген.

                                                                                         Б

                                                                  Бөл. II

                   А Бөл. I Бөл. III В

1.8.1-сурет. Жол сызбасы

1.8.2-кесте. Тиелген вагон ағындарының көлденең кестесі

               -ға

-дан Бөлімшелер Жалпы Көрші жолдар Жалпы Барлығы

 I II III А Б В

I

Жергілікті қатынас

Әкету Жолдың тиеуі

å

II

III

Жалпы å å

А

Әкелу

Транзит Тиелген вагондарды қабылдау

å

Б

В

Жалпы å å

Барлығы Жолдың түсіруі å Тиелген вагондарды тапсыру å Жұмыс

1.8.2-кестеден тиелген вагон ағындары — қатынас түрлері бойынша жергілікті қатынас, әкету, әкелу, транзит болып жіктелетіндігі көрініп тұр. (сурет 1.8.2).

                                                          жол

                             Бөл. I Бөл. II Бөл. III

әкелу

жергілікті

қатынас

әкету

транзит

1.8.2-сурет. Тиелген вагон ағындарының жіктелу сызбасы

Әкелу – басқа жолдардан қабылданған және берілген жолда түсірілетін вагондар.

Әкету – берілген жолда басқа жолдар үшін тиелетін вагондар.

Жергілікті қатынас – жолда өзінің тасымалдау бөлімшелері үшін тиелетін вагондар.

Транзит – басқа жолдардан қабылданатын және жүк операциялары орындалмай басқа жолдарға тапсырылатын вагондар.

1.8.2-кестеден вагон ағындары бойынша сандық көрсеткіштер вагон ағындарының сәйкес үйлесімі ретінде анықталатыны көрініп тұр:

• тиеу — әкету мен жергілікті қатынастың қосындысынан тұрады:

Uтиеу=Uәкету+Uж.қ., ваг;

• түсіру — әкелу мен жергілікті қатынастың қосындысынан тұрады:

Uтүс=Uәкелу+Uж.қ., ваг;

• тиелген вагондарды қабылдау — транзит пен әкелудің қосындысынан тұрады:

Uқабтиел=Uтр+Uәкелу, ваг;

• тиелген вагондарды тапсыру — транзит пен әкетудің қосындысынан тұрады:

Uтаптиел=Uтр+Uәкету, ваг;

Жол жұмысы қатынас түрлері (транзит, әкелу, әкету және жергілікті қатынас) бойынша вагон ағындарының қосындысынан тұрады:

U=Uтр+Uәкелу+ Uәкету+Uж.қ., ваг.

Тиеу жоспары, станцияның ашық тиеу жоспарының негізінде, Ұлттық Компания «Қазақстан темір жолы» АҚ және жолдың тиеу бойынша қосымша тапсырмаларының (маусымдық жүктерді әкету, үкіметтің арнайы тапсырмалары т.с.с.) негізінде белгіленеді:

Uтиеужос=Uтиеу+Uтиеуқос, ваг

Жалпы тиеуден басқа жүк және вагон түрлері бойынша тиеу анықталады.

Вагондарды түсіру мөлшерлері:

— басқа жолдардан тиелген вагондардың түсірілуге келуінен (әкелу) Uәкелу;

— жолдың жергілікті қатынасында тиеуінен Uж.қ..;

— жолдағы әр бөлімше үшін жергілікті жүктің артығынан (немесе жеткіліксіздігінен) Uтүс құралады:

      Uтүс= , ваг

мұндағы пнақ, пжос – нақты жолда бар және жоспарлы тиелген вагондардың саны;

        Тжою – түсірілетін вагондардың артығын (жеткіліксіздігін) жою аралығы, Тжою=30 тәу.

Сонымен түсіру мөлшері:

Uтүсмөл=Uәкелу+Uж.қ.Uтүс, ваг (1.8.2)

Тиелген вагондарды беру жоспары жол ішіндегі “шахматканың” негізінде құрастырылады. Бұл кезде екі тәсіл қолданылуы мүмкін:

1. Графикалық – тиелген вагон ағындарын беру шамасы тиелген вагон ағындарының диаграммасы немесе графикалық сызбасы бойынша анықталады. Диаграмма (немесе сызба) жол ішіндегі вагон ағындарының “шахматкасы” бойынша құрастырылады;

2. «Эталондардың» — арнайы есеп кестелерінің көмегімен. Әрбір түйіспе бекеті үшін екі эталон жасалады: жұп және тақ бағыты үшін. Эталондар толтырылмаған «шахматка» түрінде болады, мұнда осы түйіспе бекеті арқылы берілетін вагон ағындарының бағыттарына сәйкес келетін торлар ойылған. “Эталонды” “шахматканың” үстіне қойғанда ойылған торлар бойынша вагон ағындарын беру өлшемдері есептеледі. Егер берілген бекет бойынша ағын толығымен өтпейтін болса, онда эталонда тор жартылай (үшбұрышты) кесіледі, ал қалған жартысында осы бекет арқылы беруді есептегенде, ағынның ескерілуге тиісті пайызы көрсетіледі

Тасымалдау жоспарының негізінде анықталған реттеу тапсырмасы бос вагондарды басқа жолдарға беру мөлшерін белгілейді. Реттеу тапсырмасы жылжымалы құрам түрі бойынша, бірін-бірі алмастыруын ескере отырып белгіленеді.

Реттеу тапсырмасы келесі сұрақтарды шешуді қарастырады:

— тасымалдау жоспарын бір ай көлемінде, сондай-ақ алдағы аралықта орындау үшін вагондар паркын қажетті тарату;

— темір жолдың пайдаланым жұмысында пайда болатын қиындықтарды шешу және қалыпты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында – вагондар паркының артығын қысқарту;

— маусымдық жүктерді тасымалдау үшін белгілі аймақтарда бос вагондардың қорын құру.

Реттеу тапсырмасының көлемі қосымша реттеу тапсырмасын ескере отырып, тиеу мен түсіру арасындағы реттеу айырмасы бойынша анықталады:

Uр= (Uтиеу –Uтүс) Uр, ваг

мұндағы Uр – бос вагондарды қабылдау (тапсыру) бойынша қосымша реттеу тапсырмасы («+» вагондарды резервке қою, тиеуді арттыру; «-» бос вагондардың артығын жою, бос вагондарды резервтен алу).

Жалпы реттеу айырмасын анықтағаннан кейін, оларды жылжымалы құрам түрі бойынша жалпы жол және әрбір тасымалдау бөлімшесі үшін есептейді.

Бос вагондарды бағыттау схемасы құрғақ жүктер мен цистерналар үшін бөлек құрастырылады.

Бос вагондарды бағыттау схемасына қойылатын негізгі талаптар:

• бос вагондар жүк түсіру станциясынан тиеу станциясына дейін неғұрлым қысқа жолдармен жету;

• бірін-бірі алмастыра алатын жылжымалы құрам бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүрмеу керек;

• бірін-бірі алмастыра алатын жылжымалы құрамның бос жүрісі минималды болу керек.

Тиелген және бос вагондарды беру мөлшерлері анықталғаннан кейін әр түйіспе бекеті бойынша жалпы қабылдау және жалпы тапсыру өлшемдері бекітіледі:

Uқабжал=Uқабтиел+Uқаббос, ваг

Uтапжал=Uтаптиел+Uтапбос, ваг

Тасымалдау бөлімшелерінің түйіспе бекеттері бойынша пойыздарды беру өлшемдері осы бекеттер бойынша тиелген және бос вагондарды беру мөлшерлерінің және тиелген және бос пойыздардың құрамындағы вагондардың орташа саны бойынша анықталады:

 , пойыздар

 , пойыздар

мұндағы Uтаптиел, Uтапбос, Uқабтиел, Uқаббос – сәйкесінше тиелген және бос вагондардың қабылданған және тапсырылған өлшемдері;

       ттиел, тбос – тиелген және бос пойыздардың құрамындағы вагондар саны.

Темір жолдың құрылымдық бөлімінің жұмысын тиелген вагондарда орындалған тасымалдардың санымен сипаттауға болады. Темір жол желісінде барлық тасымалдар (шетелге жөнелтілген және шетелден келген вагондар саналмайды) тиеуден (бастапқы операция) түсіруге (соңғы операция) дейін орындалады. Сондықтан жалпы жолдар желісі үшін жұмысты тиелген вагондардың (бастапқы операция) санымен белгілеу қабылданған. Осы шама түсірілген вагондардың (соңғы операция) санымен де анықталады, яғни жолдар желісі үшін жұмыс:

U=Uтиеу=Uтүс, ваг

Жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін бастапқы операциялар болып тек тиеу ғана емес, сондай-ақ берілген құрылымдық бөлімге тиелген вагондарды қабылдау да табылады, соңғы операциялар болып, тек түсіру ғана емес, сондай-ақ тиелген вагондарды тапсыру да табылады. Сондықтан жол (тасымалдау бөлімшесінің) жұмысын тиелген вагондар және тиелген күйде қабылданған вагондар санымен (бастапқы операциялар бойынша) анықтау қабылданған. Бұл түсірілген және тиелген күйде тапсырылған вагондар санына (соңғы операциялар) сәйкес келеді. Сонымен, жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *