Тәліктік орташа молщердегі жоспарлау шегінде отетін әрекеттестік үрдісін жақсы жағдайға келтіру

Тасымалдау жоспарын орындау барысында әр түрлі көлік түрлерінің өзара әсерін қамтамасыз ету үшін олардың жұмыстарының бағыттары белгілі болу керек.

Координация – Бұл тиісті ұйымдар мен көлік звеноларының тасымалдау жұмыстарындағы бірлік пен тиімділікке жету мақсатындағы әрекеттер келісімі.

Тасымалдау көлемінің өсуімен, барлық көлік түрлерінің техникасы мен технологиясының күрделенуіне байланысты олардың әрекеттерінің үйлесімділігі кең мағынаға ие болуда. Жүктерді уақытында жеткізу мерзімінің бұзылуы және көлік құралдарын пайдаланудың төмендеуі тасымалдауды орындау барысындағы белгілі бір көлік звеноларының келіспей қалуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты көліктегі үйлесімділік әрекеттерін ұдайы жетілдіру қажеттігі туындап отыр.

Көлік түрлерінің үйлесімділігі ұйымдастыру және құқықтық облыстарында жүзеге асады. Ұйымдастыру облысы немесе дәлірек айтсақ, басқару облысындағы үйлесімділік жекелеген көлік түрлерінің ұйымдастыру түрлілігі мен әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарға қарайтындықтан,осыған байланысты туындаған кемшіліктерді жоюды мақсат тұтады.

Әр түрлі көлік түрлерінің жұмыстарын жақсартуда араларындағы, сол сияқты көлік ұйымдары мен көлік клиентуралары арасындағы қарым-қатынасты реттейтін олардың құқықтық нормаларын – құқықтық үйлесімділікті жетілідірудің маңызы зор. Екі жақтардың өз ара міндеттері мен жауапкершіліктерінің қаншалықты нақты және дұрыс белгіленгеніне байланысты көліктің техникалық құралдарын ұтымды пайдалану және ең төмен шығынмен тұрғын жерді және ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін толық қанағатандыру мүмкін болады.

Әр түрлі заңдық, құқықтық қатынастар тиісті заң актілерімен – темір жол көлігінде – ҚР «Темір жол туралы» Заңымен, «ҚР т.ж. Уставы», теңіз көлігінде- ҚР «Сауда теңіз жүзуі туралы» Заңымен, ҚР «Автомобильді жол туралы», «ҚР көліктерінде» ҚР заңдарымен реттеліп отырады.

Әр түрлі көлік түрлерінің үйлесімділік формасының бір түрі тиеу-түсіру пункттері аз жүк операцияларының (станциялар, порттар, жүк алаңдары және т.б.) қоспасы..

Жүк операцияларының қоспасының негізгі артықшылығы пункттер санының аздығында: көлік шығындарының төмендеуінде, жүктерді жеткізуді жылдамдату, тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау, жылжымалы құрамның тұрып қалуын азайту, көлік құрылғыларының өткізу қабілетінің көтеруде жатыр.

Темір жол және автомобильді көлік жұмыстарында жоғарыда көрсетілген артықшылықтар, егер темір жол желілерімен жүк станцияларына уақытында жеткізетін автомобильді жолдар параллельді бірге жүрсе ғана жүзеге асады.

Ортақ пайдаланудағы автокөлік жеткілікті ұйымдастырылған және поезд қозғалыстары көрсетілген кесте бойынша жұмыс істейді.

Жақын арадағы аз жұмыс істейтін станциялардан жүк ағымдары жіберіліп отыратын саны аз станциялардағы жүк операцияларының концентрациясын тірек деп атайды.

Тірек станцияларында тиеу-түсіру механизмдері жақсы қолданылады, массалық жүктер –тас көмірді, минералды-құрылыс материалдарын, өңдеуге арналған арнайы тиеу-түсіру учаскелері салынуда, автомобильді көлікпен жүктерді орталықтандырылған шығару мен кіргізу ұйымдастырылған.

Әрқайсысы өз саласында экономикалық мақсатқа сай қолданылатын қоспаның әр түрлі формалары бар. Мысалы, учаскедегі станцияны толық емес, жартылай ғана жабады. Олар операцияларды, мысалы, жылдың белгілі бір уақыттарныда ғана және жүктің кейбір түрлерімен ғана операциялар жасайды. Станцияның өз деңгейінде бірдей жүктерді тиеп, шығару фронттарын мамандандырып және ірілендіру жүргізіледі, ол тәсілдік жұмыс көлемін сақтайды, жылжымалы құрамды өңдеу мен механизациялауды жеделдетуге ықпал жасайды.

Аз жұмыс істейтін тиеу-түсіру пункттерін жауып және тіректі ұйымдастырғанда, ережеге сай, автокөлікпен тасмалданған жүктерге байланысты шығындар көбейеді, өйткені автомобиль жүрістерінің ұзақтығы өсіп кетеді.

Бұл қосымша шығындар тиеу-түсіру жұмыстарының кешенді механизациялау деңгейін көтеру, кірме жоолдарды жабу, контейнерлерді қолдану есебінен үнемделу қажет.

Жүк жұмыстары қоспасының прогрессивті және экономикалық тиімді формаларына – ірі тораптардағы жүктер түрлері бойынша станцияларды (айлақтар мен порттар) мамандандыру: тас көмірлерді, орманның минералды-құрылыс материалдарын және басқа да жүктерді тиеу базаларын, контейнерлі терминалды, жеке дара жүктерді өңдеу бойынша ірі механизацияланған кешендерді ұйымдастыру жатады. Мамандандыру олардың өңдеу қабілеттерін өсіруге, ПР-ді механизациялауға, ПРМ-нің өнімділігін және жұмыс кезегін өсіруге, жүктерді орталықтандырған жіберулерді ұйымдастыруға, жүк операциялары бойынша жылжымалы құрамдардың тұрып қалуын қысқартуға, жүк және коммерциялық операцияларды автоматтандыру үшін тиімді алғы шарттар жасауға жағдай жасайды.

Ірі көлік тораптарындағы жүк жұмыстарының қоспасы тасымалдау бағыттарын дамытуға әсерін тигізеді. Маршрут деп жүк жіберуші немесе вагон жолдарынан құралған, бекітілген массасы мен ұзындығы бар, бір немесе бірнеше жіберушілердің бір немесе бірнеше станциялардағы тиеген жүктері бар, бір түсіру станциясына немесе вагон ағымдарынан кемінде бір станцияда міндетті түрде босату арқылы бөлуден тұратын поезд құрамын атайды. Маршрутті поезд арқылы көмір, кен, құрылыс материалдарын, нан, контейнердегі жүктерді тасымалдауға арналаған. Жеміс, көкөністерді, балықтарды жылдам маршрутті поездар арқылы тасымалдайды.

 Маршрутті поездар жаңадан құралмай-ақ жүктерді тиеу мен жүк бағыттарыны станцияларының арасында орналасқан учаскелік және сұрыптау станцияларында транзитпен өтеді.

Маршруттандыру деңгейі жүктерді жіберу және бағыттар бойынша жүк ағымдарының қоспасы арқылы өсе алады. Бұл үшін көптеген қамтамасыз ету-өнімдік ұйымдарда жобаланған жүк ағымдарын бөлу себептеріне айналған, «сақтандыру» мақсатындағы тұтынушыны екі немесе одан да көп жабдықтаушыға бекіту жүйесі өзгертілу керек.

Тиеу пунктінен түсіру пунктіне дейін тасымалдауды маршруттандыру — көлік шығындары қысқартылатын, станциялардағы вагондарды өңдеудің қысқаруынан кәсіпорындарға қызмет ету сапасы көтерілетін тасымалдау үрдісін ұйымдастырудың тиімді тәсілі.

Маршруттандырудан жүктерді қосымша тасымалдау үшін жылжымалы құрам босатылады, т.ж. станциясының дамуына кеткен капиталды шығындар қысқарады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *